Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе өсімдіктермен

Содержание

Слайд 2

Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе өсімдіктермен (мәселен планктон саңырауқұлақтармен,

Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе өсімдіктермен (мәселен планктон

саңырауқұлақтармен, паразиттермен немесе уыттармен зақымдалған шикі өнімдерді адамдар пайдалану салдарынан болуы мүмкін). Алайда барлық жағдайда осындай өнімдерді пайдаланған адамдар ауру болады деп санауға болмайды. Бір адамдар ауруға тұрақты болып келсе, кейбіреулері аурумен зақымдалып, аурудың ауыр түрімен ауырады. «Тағамдық улану» гастроэнтерит терминімен синоним ретінде жиі қолданылады, алайда екеуі бірдей ұғымды білдіре бермейді. Гастроэнтерит түрлі факторлардың әсерінен, сонымен қатар тағамдық уланулар салдарынан болатын асқазан мен ішектің қабынуы.
Слайд 3

Улану көздері

Улану көздері

Слайд 4

Токсикоинфекция қоздырғыштары Микроорганизмдермен ластанған тағам өнімдері әртүрлі тағамдық токсикоинфекциялар және уланулар,

Токсикоинфекция қоздырғыштары Микроорганизмдермен ластанған тағам өнімдері әртүрлі тағамдық токсикоинфекциялар және уланулар,

сонымен қатар жұқпалы аурулар туғызады. Сальмонелла, шигелла, энтеропатогенді ішек таяқшасы, стафилокок, энтерококтар Cl. Perfringens және Bac. Cereus сияқты микробтардың көбеюіне байланысты ет тағамдары ауру себебі болуы мүмкін. 
Слайд 5

Ет және ет өнімдерін төменгі температурада сақтағанның өзінде, тіптен мұздатылған етте

 Ет және ет өнімдерін төменгі температурада сақтағанның өзінде, тіптен мұздатылған етте

де психрофильді жағдайда көбеюге қабілетті микробтар (псевдомонада, протей, аспергиллалар) кездеседі. Етте мекендейтін микробтар еттің шырыштануын, саңырауқұлақ, клостридии, протей, псевдомонадалар етте шіру, ашу процестерінің дамуына әкеледі. 
Слайд 6

Профилактикасы Негізгі профилактикасы – басқа да ішек ауруларының таралып кетпеуінің алдын

Профилактикасы Негізгі профилактикасы – басқа да ішек ауруларының таралып кетпеуінің алдын

алу. Сонымен қатар баланы дұрыс тамақтандыру, физиологиялық жаттығуларды жүргізу және санитарлық- гигиеналық шараларды дұрыс жүргізу болып табылады. 
Слайд 7

Тағамдық уланулардың симптомдары. Ішек жұқпасының симптомдарына жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің

Тағамдық уланулардың симптомдары. Ішек жұқпасының симптомдарына жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің

жиі ауруы мен түйіліп ауруы жатады. Кейде бұл сипаттар бір екі күнге созылып, арнайы терапияны қажет етпеуі мүмкін. Егер бірнеше күн бойы аталған белгілер кетпесе, (ауыз қуысы құрғаса, бас айналса, несептің түсі сарғыштау болса немесе оның көлемі үлкен болса, жиі дәретке бара берсе) дәрігерге қаралу қажет.
Келесі жағдайларда жедел жәрдем қызметін шақырыңыз немесе ауруханаға барыңыз:
- балада, жүкті әйелде, созылмалы аурулары бар адамда немесе егде адамда тағамдық улану болған жағдайда;
- көздің көруі анық болмаса, жұтынуға, сөйлеуге қиындық туса (бұл ботулизмнің өнімдерді дұрыс консервілемеу салдарынан болатын өте бір сирек түрі болу мүмкін)
Слайд 8

Алдын алу шаралары: - тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті

Алдын алу шаралары:
- тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен

құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз;
- көкөністерді және жемістерді жақсылап жуыңыз;
- шикі еттерді кесу үшін және басқа да өнімдерге оларды пайдалану үшін тақтайлар мен аспаптарды жуыңыз;
- дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюін тоқтатады;
- ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
- шыбындар мен егеуқұйрықтардан, таракандардан қорғау үшін тамақтың бетін жабыңыздар;
- етті және құс етін балықпен бірге бір ыдысқа салмаңыз және оларды дайындағанға дейін бөлек сақтаңыз;
- Асханаларда, буфеттерде және кафелерде тамақтанған кезде өте сақ болыңыз;
- Желінбей қалған тамақты тоңазытқышта, ал көкке шыққанда өнімдерді тасымалданатын тоңазытқыш камераларында сақтаңыз;
- Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.
Бактериялар 4,4-тен 60 градусқа дейінгі температурада тез көбейеді. Мұндай температуралық интервалда өнімдерді сақтауға жол бермеңіз:
- өнімді тоңазытқышта сақтаңыз;
- өнімді 60 градустан төмен емес температурада дайындаңыз және жылытыңыз.