Слайд 9
Тілме – терінің жедел қабынуы.
Аурудың қоздырғышы – стрептококк бактериялары. Олар денеге жарақаттанған тері
арқылы жұғады. Тілме іріңді жара, көршиқан түрінде, сондай-ақ әр түрлі іріңді жара ошақтарына стрептококктың түсуінен дамиды. Ауру жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп, дене қызуы 39 – 40С-қа көтеріліп, сандырақтай бастайды. Басы ауырып, құсады. Жарақаттанған тері қатты қызарып, ісінеді. Терінің сау жері мен ауырған жерінің шекарасы анық көрінеді. Қызарған жер ашып, тез ұлғаяды. Тілме төрт түрлі жағдайда өтеді:
1.эритематозды тілмеде тері қызарып, ем қолданбастан 3 – 7 күнде жазылып кетеді;
2.буллезді тілмеде терінің қызарған жері суланып, іріңдейді, бұл түрі ұзаққа созылады;
3. флегманозды тілмеде жарақаттанған тері шелденіп, іріңдеп қабынады;
4. гангренозды тілмеде – ең ауыр түрі, терінің өліеттенуі.
Тілме асқынғанда сепсиске, менингитке әкелуі мүмкін.