Жүктілік кезіндегі және босанғаннан кейінгі туберкулез

Слайд 2

Туберкулез ауруы көбіне кеш анықталатындықтан, әсіресе жүкті және босанған әйелдер үшін

Туберкулез ауруы көбіне кеш анықталатындықтан, әсіресе жүкті және босанған әйелдер үшін

аса қауіпті. Өйткені жүктілік кезіндегі және босанудан кейінгі кезеңде туберкулез ауруына шалдығу жағдайлары жалпы туыт жасындағы әйел адамдармен салыстырғанда 1,2-2 есе жоғары. Жүктілік пен босану эндокринді жүйе қызметінің қайта құрылуымен, иммунитеттің өзгерісімен қабаттаса жүреді және туберкулез ауруына қатысты фактор болып табылады.
Туберкулезді дер кезінде анықтау мақсатында елімізде босанған барлық әйелдерге міндетті флюорографиялық тексеріс жасау туралы шешім қабылданған. Сондықтан осы зерттеуді уақытында, яғни босанғаннан кейін бір ай ішінде жасау керек.
Туберкулез жүктіліктің кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін, дегенмен аталған ауруға шалдығу босанғаннан кейін 6 айдан кейін жиі байқалады. Жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде пайда болған туберкулез жүкті болғанға дейінгімен салыстырғанда әлдеқайда ауыр өтеді. Туберкулезден айқын уланған әйел организмі ұрықтың дамуына кері әсер етіп, өздігінен түсік тастауға алып келеді.
Слайд 3

Егерде жүктілік туберкулезбен ауырып жүрген кезде анықталса, онда аурудың асқынуы жүктіліктің

Егерде жүктілік туберкулезбен ауырып жүрген кезде анықталса, онда аурудың асқынуы жүктіліктің

алғашқы айларында байкалуы мүмкін. Бұл әйел адамның жалпы күйінің нашарлауымен, әлсіздігімен, жөтелдің пайда болуымен, салмағының азаюымен, дене қызуының тұрақты көтерілуімен байқалады. Аталған белгілер жүктіліктің төртінші айының соңында саябырсиды. Кейбір науқастарда аскынулар жүктіліктің 5-7 немесе 9 айында қайталануы мүмкін. Туберкулездің жиі кездесетін түрлеріне ыдырау кезеңіндегі инфильтратты түрі, шашыранды (дисеминирлі) түрі, экссудативті өкпе қабынуы жатады.
Босану айтарлықтай қауіпті кезең, себебі туберкулезге шалдыққан жүкті әйелдерде туберкулездің асқынуы және кей жағдайларда туберкулезді менингиттің даму қаупі бар. Дене қызуы жоғарылап, жөтел мен әлсіздік, тәбеттің төмендеуі байқалып, қақырықта туберкулез микобактериялары да пайда болуы мүмкін.
Уақытында нақтама жасамай, ем жүргізбеу салдарынан босанғаннан кейінгі кезеңдегі (босанғаннан кейін бір жыл ішінде) туберкулезден қайтыс болу жағдайлары 20% кұрайды.