Жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы түсінік. №5 дәріс

Содержание

Слайд 2

Жоспары: Павловтың шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі. Шартты және шартсыз

Жоспары:

Павловтың шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі.
Шартты және шартсыз рефлекстер сипаттамасы.
Шартты

рефлекстің шартсыздан айырмашылығы.
Шартты рефлексті қалыптастыру әдістері.
Шартты рефлекстің түрлері, динамикалық стереотип.
Шарты рефлекс негізі-уақытша байланыс, оның түзілу механизмі.
Ми қыртысының талдау іс-әрекеті.
Слайд 3

Алғаш рет психикалық қызметтің негізі ретінде рефлекстік қағиданы И.М.Сеченов (1863 ж)

Алғаш рет психикалық қызметтің негізі ретінде рефлекстік қағиданы
И.М.Сеченов

(1863 ж) дәлелдеді.
XX ғасырдың басында И.П. Павлов ми қыртысын зертеуде көптеген өзгерістер енгізді. Адамның мінез-құлқы негізінде, ЖЖІӘ-нің маңызды орын атқаратынын атап көрсетті. Сілекей бөліну үрдісін зерттей келе И.П. Павлов шартты рефлексті ашты. Ол шарты рефлекстің жоғарғы деңгейі тітіркендіргіш емес, оған ілесіп жүретін сигнал (ишара) екенін көрсетті.
Слайд 4

Шартсыз рефлекстер – гомеостаз тұрақтылығын сақтау үшін тұқым қуалайтын (филогенезде қалыптасқан)

Шартсыз рефлекстер – гомеостаз тұрақтылығын сақтау үшін тұқым қуалайтын (филогенезде

қалыптасқан) рефлекторлы механизмдер.
Шартты рефлекстер – организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакциясы.
Слайд 5

Шартты рефлекстер - ойлау қабілетінің, мінез-құлықтың және қоршаған ортаға бейімделуінің негізі.

Шартты рефлекстер - ойлау қабілетінің, мінез-құлықтың және қоршаған ортаға бейімделуінің негізі.


Слайд 6

Шартты мен шартсыз рефлекстің айырмашылығы.

Шартты мен шартсыз рефлекстің айырмашылығы.

Слайд 7

Шартты сілекей бөлу рефлекстің қалыптастыруы - жануарға сілекей безіне фистула қояды

Шартты сілекей бөлу рефлекстің қалыптастыруы
- жануарға сілекей безіне фистула қояды
-

тәжірибені сауыққанан кейін жасайды;
жануарларды жеке камерада ұстайды.
Жануарға тағам шартты рефлексін қалыптастыру үшін алдымен индифферентті (шартты) тітіркендіргішті (қоңырау, шам) қолданып, 4-5 секундтан кейін тағаммен (шартсыз тітіркендіргіш) нықтау керек.
Егер біраз қайталанғаннан кейін жарыққа, сілекей бөлінсе, онда рефлекс қалыптасқан болып табылады.
Қорғаныштық шартты рефлексті қалыптастыруда шартсыз тітіркендіргіш ретінде электрлік ток қолданылады.
Слайд 8

Слайд 9

Шартты рефлекс түрлері І. Рецептордың орналасуына сәйкес 1. Экстероцептивті 2. Проприоцептивті

Шартты рефлекс түрлері

І. Рецептордың орналасуына сәйкес
1. Экстероцептивті
2. Проприоцептивті
3.

Интероцептивті
ІІ. Шартты тітіркендіргіштің табиғатына сәйкес
1. Табиғи
2. Жасанды
III. Биологиялық маңызына байланысты
1. Ас қорыту
2. Қорғаныш
3. Жыныстық
4. Бағдарлау
IV. Жауап беру реакциясына байланысты
1. Тамыр қозғалтқыш
2. Сөл бөліну
3. Қимыл-әрекеттік
4. Экскреторлы және т.б.
V. Рефлекстің ерекше түрі - уақытқа байланысты рефлекс
VI. Үрдістің өту ағымына байланысты
1. Қозғыш
2. Тежегіш
Слайд 10

VIІ. Қалыптастыру тәсіліне байланысты: 1. Нақтылы а) Сәйкес келетін (1-3 сек)

VIІ. Қалыптастыру тәсіліне байланысты:
1. Нақтылы
а) Сәйкес келетін (1-3 сек)

б) Қысқа мерзімді (5-30 сек)
в) Ұзақ мерзімді (1-2 мин)
г) Кешіктірілетін (2 мин аса)
2. Ілеспелі
3. Бірінші, екінші немесе одан да жоғары реттік
4. Жинақы
5. Ажыратылған және жайылмалы (жалпылама)
6. Комплексті (бір мезгілді, кеңістікті).
7. Динамикалық стереотип.
8. Еліктеу.
Слайд 11

Шартты рефлекстің негізі- уақытша байланыс. Бұл шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге болатын

Шартты рефлекстің негізі- уақытша байланыс.
Бұл шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге болатын реакцияны

қаматамасыз ететін екі немесе бірнеше қыртыс асты құрылым және қыртыс орталықтарының функционалдық бірлесуі.
Бұл байланыс организмнің жағдайына байланысты нықталады немесе жоғалады
Слайд 12

Уақытша байланыстың түзілу механизмі Қыртыстық теория (Павлов И.П.). а) Қозу иррадиациясы.

Уақытша байланыстың түзілу механизмі

Қыртыстық теория (Павлов И.П.).
а) Қозу иррадиациясы.

б) Қозу орталығының үстемділігі.
в) Із салуы.
Слайд 13

2. Қыртыс – қыртыс асты – қыртыс (Асратян Э.А.). 3. Конвергенттік теория (Анохин П.К.).

2. Қыртыс – қыртыс асты – қыртыс (Асратян Э.А.).

3. Конвергенттік теория

(Анохин П.К.).
Слайд 14

4. Синапстағы морфологиялық өзгерістер. 5. Синапстағы биохимиялық өзгерістер. 6. Нейроглияның қатысуы.

4. Синапстағы морфологиялық өзгерістер.
5. Синапстағы биохимиялық өзгерістер.
6. Нейроглияның қатысуы.

Слайд 15

Уақытша байланыстың түзілу механизмі

Уақытша байланыстың түзілу механизмі

Слайд 16

ЖЖІӘ - мидың үлкен жарты шарының қыртыспен құрылымдық байланысымы, жаңа ақпаратты

ЖЖІӘ - мидың үлкен жарты шарының қыртыспен құрылымдық байланысымы, жаңа ақпаратты

құру және оның қабылдауын қайта өңдеу құбылыстар комплексінің негізгі кезеңдері.
Адам миының интегративтік қызметінің күрделі формасы- сыртқы қоршаған ортаның элементтерінің үздіксіз талдауы және жалпылай тәрбиелеу түріндегі синтездеу болып табылады.
Слайд 17

Талдау және түйсіну қызметінің негізінде белгілі бір дағдының өңделуі, ақпараттың бірінен

Талдау және түйсіну қызметінің негізінде белгілі бір дағдының өңделуі, ақпараттың бірінен

екіншісіне берілуі мен білімді қайта өңдеуге қабілеттілігі және бейімделу тәртібі жатады.
Шартты рефлекстік реакцияны келешектегі жағдайды болжайтын адамның жеке тәжірибесінің базасы ретінде қарастыруға болады.
Слайд 18

Шартты рефлекстерді зерттей келе И.П. Павлов мидың іс-әрекеті 2 үрдістен құралатынын

Шартты рефлекстерді зерттей келе И.П. Павлов мидың іс-әрекеті 2 үрдістен құралатынын

анықтады:

қозу
тежелу
Қозудың таралуы бірнеше ағзалар мен жұйкелерді қамтып, жайылмалы реакциялар түрінде, ал үрдістің жинақталуы рефлекстік реакция мен оның мақсатының тарылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Тежелу жинақталған және жайылмалы күйінде болады.
Қыртысты тежелудің орындалуы барысында, шартты рефлексті өшіретін бірнеше түрі бар.

Слайд 19

Сыртқы (шартсыз) тежелудің пайда болуы 1. Басқа тітіркендіргіш әсерінен 2. Өте күшті тітіркендіргіш әсерінен (шектен тыс)

Сыртқы (шартсыз) тежелудің пайда болуы
1. Басқа тітіркендіргіш әсерінен
2. Өте күшті

тітіркендіргіш әсерінен
(шектен тыс)
Слайд 20

Сыртқы тежелудің бірінші түрі бөгде тітіркендіргіштің әсерінен бірден пайда болады, яғни

Сыртқы тежелудің бірінші түрі бөгде тітіркендіргіштің әсерінен бірден пайда болады, яғни

қалыптастыруды қажет етпейді.

Кейбір жағдайда сыртқы тежелу бағдарлау реакциясын тудырады.
“Бұл не?” - деген рефлекс пайда болады.
Бұл кезде бұрын қалыптасқан рефлекстік іс-әрекет тоқтайды.

Слайд 21

Шартсыз тежелудің екінші түрі - “ШЕКТЕН ТЫС ТЕЖЕЛУ”. Ол тітіркендіргіш ұзақтығын

Шартсыз тежелудің екінші түрі - “ШЕКТЕН ТЫС ТЕЖЕЛУ”.

Ол тітіркендіргіш ұзақтығын

және күшін шектен тыс көбейткен кезде байқалады. Бұл кезде тітіркендіргіш күші қыртысты жасушалардың жұмыс істеу қабілетінен жоғары болады. Бұл тежелудің қорғаныштық маңызы бар
Слайд 22

Ішкі тежелу Ішкі (шартты) тежелу арнайы қалыптастыруды қажет етеді. Ішкі тежелудің

Ішкі тежелу

Ішкі (шартты) тежелу арнайы қалыптастыруды қажет етеді. Ішкі тежелудің бірден-бір

маңызы, сыртқы ортаның жаңа жағдайлары шартты рефлекстік қызметтің өзгеруін қажет етеді.
Слайд 23

Ішкі (шартты) тежелу 4 түрге бөлінеді: Өшетін Ажыратылатын Кешіктірілетін Шартты тежегіш

Ішкі (шартты) тежелу 4 түрге бөлінеді:

Өшетін
Ажыратылатын
Кешіктірілетін
Шартты тежегіш

Слайд 24

Егер қалыптасқан рефлекс шартсыз тітіркендіргішпен нықталмаса өшетін тежелу пайда болады. Бұл

Егер қалыптасқан рефлекс шартсыз тітіркендіргішпен нықталмаса өшетін тежелу пайда болады. Бұл

кезде шартты тітіркендіргіштің маңызы жоғалады, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен қайта нықталса, қалыптасқан шартты рефлекс қайтадан қалпына келеді.
Слайд 25

Ажыратылатын тежелу - ажыратылатын шартты рефлексті қалыптастыруда пайда болады. Егер табиғаты

Ажыратылатын тежелу - ажыратылатын шартты рефлексті қалыптастыруда пайда болады.
Егер

табиғаты жағынан ұқсас тітіркендіргіштің біреуі нықталмаса, оған рефлекс қалыптаспайды, ал екіншісі нықталса оған шартты рефлекс қалыптасады.
Слайд 26

Егер шартты тітіркендіргішпен шартсыз тітіркендіргіштің уақыт аралығы (2-3 минут) кешіктірілетін болса, онда кешіктірілетін тежелу пайда болады.

Егер шартты тітіркендіргішпен шартсыз тітіркендіргіштің уақыт аралығы (2-3 минут) кешіктірілетін болса,

онда кешіктірілетін тежелу пайда болады.
Слайд 27

Егер шартты тітіркендіргішке қатысты рефлекс қалыптасып, оған қосымша жаңа тітіркендіргішпен әсер

Егер шартты тітіркендіргішке қатысты рефлекс қалыптасып, оған қосымша жаңа тітіркендіргішпен әсер

етіп және ол комплекс нығайтылмаса, онда рефлекс тежеледі. Себебі жаңа тітіркендіргіш шартты тежегіш болып табылады.
Слайд 28

Қыртысты үрдістердің (қозу және тежелу) негізгі динамикасы Иррадиация – қозудың орталық

Қыртысты үрдістердің (қозу және тежелу) негізгі динамикасы

Иррадиация – қозудың орталық ошақтан

қоршаған аймаққа таралуы.
Концентрация - қарама-қарсы үрдіс, яғни қозу ошағы бір аймаққа шоғырлануы.
Слайд 29

Индукция – бір үрдістің келесі қарама-қарсы үрдісті тудыруы (қозу мен тежелу):

Индукция – бір үрдістің келесі қарама-қарсы үрдісті тудыруы (қозу мен тежелу):
Бір

мезгілді
Бір ізді
Оң
Теріс
Слайд 30

Жоғары жүйке іс-әрекеті және типтері туралы көптеген қағидалар мен болжамдар бар.

Жоғары жүйке іс-әрекеті және типтері туралы көптеген қағидалар мен болжамдар бар.
Ежелгі

грек дәрігері Гиппократ (ІV ғ. біздің дәірге дейін) адамдардың төрт типін ажыратты:
1. Сангвиник;
2. Флегматик;
3. Холерик;
4. Меланхолик.
Слайд 31

Слайд 32

И.П. Павлов - жануарларда (иттерде) шартты рефлекстерді қалыптастыру және бекіту кезінде,

И.П. Павлов - жануарларда (иттерде) шартты рефлекстерді қалыптастыру және бекіту кезінде,

қыртыс процесстері жоғары жүйке іс-әрекеті типтерінің қалыптасуында маңызды орын алатынын көрсетті.
Күш;
Тепе-теңдік;
Жылдамдық.
Слайд 33

Күш – қозу және тежелу процесстері дәрежесі. Теңдесулік – қозу және

Күш – қозу және тежелу процесстері дәрежесі.
Теңдесулік – қозу және тежелу

процесстерінің қатынасы.
Жылжымалық – қозу және тежелу процесстерінің бір-бірне алмасу жылдамдығы.
Слайд 34

Ширақ тип – күшті, теңдесілген, жылжымалы. Ол - жігерлікпен, қажырлықпен, ұстамдылықпен,

Ширақ тип – күшті, теңдесілген, жылжымалы.
Ол - жігерлікпен, қажырлықпен, ұстамдылықпен, тез

шешім қабылдаумен және т.б. сипатталады.
Бұл тип Гиппократтың сангвиник типіне сәйкес.
Слайд 35

Салмақты - күшті, теңдесілген, жылжымалығы баяу. Ол – қозу және тежелу

Салмақты - күшті, теңдесілген, жылжымалығы баяу.
Ол – қозу және тежелу

процесстерінің жеткілікті күшімен, ұстамдылықпен, сабырлылықпен сипатталады, бірақ күнделікті дағдылардың өзгерістеріне қиындау бейімделеді.
Бұл тип Гиппократтың флегматик типіне сәйкес.
Слайд 36

Ұстамсыз - күшті, теңдесілмеген, жылжымалығы жоғары. Қозу процессі тежелу процессінен басым.

Ұстамсыз - күшті, теңдесілмеген, жылжымалығы жоғары.
Қозу процессі тежелу процессінен басым.


Ол – жоғары белсенділікпен, қайраттылықпен, ұстамсыздылықпен сипатталады.
Бұл тип Гиппократтың холерик типіне сәйкес.
Слайд 37

Әлсіз – процесстері әлсіз, теңдесілмеген, жылжымалығы төмен. Тежелу процессі қозу процессінен

Әлсіз – процесстері әлсіз, теңдесілмеген, жылжымалығы төмен.
Тежелу процессі қозу процессінен

басым.
Ол – төменгі белсенділікпен және қиыншылықтар мен өзгерістерге қиын бейімделумен сипатталады.
Бұл тип Гиппократтың меланхолик типіне сәйкес.
Слайд 38

ЖЖІӘ типтері генотип және фенотип негіздерінде қалыптасады. Организмнің жүйке жүйесінің тұқым

ЖЖІӘ типтері генотип және фенотип негіздерінде қалыптасады. Организмнің жүйке жүйесінің тұқым

қуалаған қасиеттеріне түрлі сыртқы орта мен тәрбиенің ықпалы әсер етеді.
И.П. Павлов ЖЖІӘ типтерінің адамға тән ерекшеліктерін анықтады. Яғни адамға сөйлеу (ІІ-ші сигналдық жүйе), сонымен қатар ойлау және творчествалық іс-әрекет тән.
Слайд 39

И.П. Павловтың І-ші және ІІ-ші сигналдық жүйелер туралы ілімі. Бірінші сигналдық

И.П. Павловтың І-ші және ІІ-ші сигналдық жүйелер туралы ілімі.

Бірінші сигналдық жүйе

– организмге сыртқы және ішкі ортадан келетін көру, есту және басқа сезім жүйелерінің сигналдары.
Бұл адам мен жануарларға ортақ жүйе болып табылады.
Екінші сигналдық жүйе – адамға ғана тән, яғни сөйлеуге байланысты.
Оның сигналдары – еститін, оқитын және айтылатын сөз.
Бірінші сигналдық жүйесімен сезілген заттардың бейнесі екінші сигналдық жүйесімен анықталады, яғни сөз арқылы түсіндіріледі.
Слайд 40

Адамға тән типтері Бірінші – көрпемпаз тип. Көрпемпаз типті адамдарда І-ші

Адамға тән типтері

Бірінші – көрпемпаз тип.
Көрпемпаз типті адамдарда І-ші сигналдық жүйе

ІІ-ші сигналдық жүйеге қарағанда басым болады. Олар сыртқы орта құбылыстарын өте жоғары сезімталдықпен қабылдайды (көру, есту және т.б.), нақтылы және деректі ой туады
(суретшілер, музыканттар).
Слайд 41

Екінші – ойшыл тип. Ойшыл типті адамдарда ІІ-ші сигналдық жүйе І-ші

Екінші – ойшыл тип.
Ойшыл типті адамдарда ІІ-ші сигналдық жүйе І-ші

сигналдық жүйеге қарағанда басым болады. Оларға логикалық және дерексіз (абстракты) ойлау қабілеті жоғары (ғалымдар, философтар, математиктер).
Слайд 42

Үшінші – аралас тип. Сыртқы орта әсерлері мен құбылыстарын сезіну қасиеті

Үшінші – аралас тип.
Сыртқы орта әсерлері мен құбылыстарын сезіну қасиеті және

ойлау (дерексіз) қабілеті бірдей дамыған.
Слайд 43

А. Орташа; Б. Көркемпаз; В. Ойшыл; Г. Екі жүйеде жоғары дамыған.

А. Орташа;
Б. Көркемпаз;
В. Ойшыл;
Г. Екі жүйеде жоғары дамыған.

Слайд 44

Бір жасқа дейінгі балаларда әртүрлі сигналдарды сөз ауыстыра бастайды, яғни екінші

Бір жасқа дейінгі балаларда әртүрлі сигналдарды сөз ауыстыра бастайды, яғни екінші

сигналдық жүйе белсенді дамиды.
СӨЗ – сигналдардың сигналы болып қалыптасады.
Слайд 45

Адамның сол жақ ми сыңарының самай бөлімінде сенсорлық сөйлеу орталығы бар

Адамның сол жақ ми сыңарының самай бөлімінде сенсорлық сөйлеу орталығы бар

(Вернике).
Осы орталық зақымдалғанда - адам дыбыстарды естігенімен, сөз мағнасын түсінбейді.
Сол жақ ми сыңарының маңдай бөлімінде сөйлеудің моторлық орталығы бар (Брока).
Осы орталық зақымдалғанда сөйлеу қабілеті бұзылады, бірақ естіген және жазылған сөздің мағынасын түсінеді.