Кәсіптік білім беру

Слайд 2

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ Бүгінде отандық білім беру мен

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Бүгінде отандық білім беру мен бизнес

саласы арасындағы әріптестік байланыс күшейіп келеді. Оған ел экономикасының­ дамуына қажетті мамандықтар даярлаудың себепкер екенін ескер­сек, бұл арнадағы жұмыстар өз ретімен орындалуда. Бұл бағыттағы жүйелі жасалған жұмыстар екінші жағынан аймақтық бәсекені арттырары сөзсіз. Дей тұрғанмен, жасыратыны жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді көздейтін стандарттарға енді ғана көңіл бөлініп келеді. Осы ретте ірі кәсіпорындар кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуда.
Слайд 3

Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі

Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі

қолға алынды.

Нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар бас­талды. Кәсіптік-техникалық оқу орындары индустриалық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауға баса назар бөлді. Бұл орайда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында осы мәселеге арнайы тоқталып кеткені­н айрықша айтуға болады.

Слайд 4

Білім беру жүйесін дамыту­ үшін елімізде аталмыш сала құрылымдық, мазмұндық бағытта

Білім беру жүйесін дамыту­ үшін елімізде аталмыш сала құрылымдық, мазмұндық бағытта

жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда. Осы мақсатта қабылданған білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аталған мәсе­лелерді шешуге арналған ұлттық мамандар даярлаудағы негізгі қарқынды жоба болып табылады.
Слайд 5

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне

жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар – ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.