Анамнез жинау және психиатриялық сырқатнаманың жазылу әдістері. Науқасты курациялау

Содержание

Слайд 2

Жоспары : Кіріспе бөлімі : тақырыпқа байланысты жалпы түсінік; Негізгі бөлім

Жоспары :

Кіріспе бөлімі : тақырыпқа байланысты жалпы түсінік;
Негізгі бөлім : психиатриялық

сырқатнаманың ерекшеліктері;
Қорытынды
Мақсаты: психиатриялық анамнез жинау, науқасты курациялау және сырқатнаманың жазылу әдістерін уйрену
Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3

Психиатрия – психикалық бұзылыстар мен аурулардың этиологиясын,патогенезін,диагностикасы мен емін,таралуын зерттейтін және

Психиатрия – психикалық бұзылыстар мен аурулардың этиологиясын,патогенезін,диагностикасы мен емін,таралуын зерттейтін және

психологиялық көмекті ұйымдастыратын медициналық дисциплина.
Сырқатнама – барлық емдеу-профилактикалық мекемелерде әрбір науқасқа толтырылатын, науқас жайлы жалпы мағлұмат беретін және жүргізіліп жатқан әр медициналық іс-шара тіркелетін медициналық құжат.
Слайд 4

Кезекші дәрігер жазуы Қабылдау бөлімінде дәрігер науқастың кім екенін, қалай және

Кезекші дәрігер жазуы
Қабылдау бөлімінде дәрігер науқастың кім екенін, қалай және кіммен

келгені, келгенге дейінгі өзін-өзі ұстауы, госпитализациялау себебі, еңбекке жарамдылығы, катамнез, амбулаторлы емі мен реабилитациялық шаралар, объективті қарау, негізгі амнестикалық мағлұматтар, аурудың дамуы, өршу ерекшеліктері, психологиялық және неврологиялық статусы, тері жабындысы, травма іздері, температурасы, АҚ, инфекциялық ауру көрінісі және соматикалық бұзылыстардың бар-жоғын анықтап толық жазады.
Кезекші дәрігер, мейірбике және басқа да куәгерлердің алдында науқастың заттары мен бағалы бұйымдары алынып, тіркеледі.
Слайд 5

Науқасты бөлімшедегі қарау Науқас бөлімшеге түскен күні емдеуші дәрігер анамнез жинайды.

Науқасты бөлімшедегі қарау
Науқас бөлімшеге түскен күні емдеуші дәрігер анамнез жинайды. Сырқатнамаға

науқастың шағымдары, өмір тарихы, ауру тарихы мен психикалық және неврологиялық, соматикалық статусы, анықталған жетекші синдромы, диагнозы, зерттеу жоспары жазылып ем тағайындалады.
Сырқатнаманың жазылуының өзіндік ережелері бар. Бұл дәрігерге негізгі сұрақтарды ұмытпауға және керекті мағлұматты алуға мүмкіндік береді.
Слайд 6

Сырқатнаманың толтырыру ережелері: Төлқұжат және статистикалық мәлімет толтырылады Науқастың шағымдары, ауру


Сырқатнаманың толтырыру ережелері:
Төлқұжат және статистикалық мәлімет толтырылады
Науқастың шағымдары, ауру

және өмір тарихы, алғашқы қарау кезіндегі мәліметтер,диагноз
Аурудың даму үрдісі, зерттеу жоспарлары, консультация қорытындылары, жүргізіліп жатқан ем, науқастың күнделікті жағдайы
Слайд 7

Төлқұжат бөлімі Науқастың аты-жөні; Туған жылы, айы, күні, жасы; Ұлты; Отбасы

Төлқұжат бөлімі
Науқастың аты-жөні;
Туған жылы, айы, күні, жасы;

Ұлты;
Отбасы жағдайы;
Мамандығы;
Тұрғылықты жері;
Түскен күні.
Слайд 8

Шағымдары Өзіңізді қалай сезінесіз? Сизді не мазалайды? – осы сұрақтарға жауап


Шағымдары
Өзіңізді қалай сезінесіз?
Сизді не мазалайды? – осы сұрақтарға жауап

беру арқылы науқастың шағымдары анықталады.
Катамнез
(гр. kata – қозғалыс, mnesis – есте сақтау). Қойылғаннан диагноздан кейін немесе стационардан шыққаннан кейінгі науқастың жағдайы туралы ақпарат.
Анамнез жинау
Психиатрияда науқаспен тілдесу медицинаның басқа саласына қарағанда маңызды. Себебі, көптеген психикалық бұзылыстарды тек науқаспен тілдесу арқылы анықтауға болады.Прсихиатрияда анамнез жинауды шартты түрде субъективті және объективті анамнез деп екіге бөледі.
Слайд 9

Субъективті анамнез жинау Науқас жайлы барлық мағлұматтар науқастың өзінің айтуы бойынша

Субъективті анамнез жинау

Науқас жайлы барлық мағлұматтар науқастың өзінің айтуы бойынша жиналады.
Ауру

тарихы. Аурудың алғашқы белгілері қашан, қалай, қандай көріністермен басталғаны,оның ұзақтығы,ұстама кезінде агрессилық немесе уайым түрінде ма, өзіне-өзі қол жұмсау сезімі, сандырақ, елестеушіліктер болды ма осының бәрін анықтаймыз.
Өмір тарихы. Қандай отбасында өскен, ата-анасы кім, сабағын қалай оқыды, бала және жасөспірім кезінде қандай аурумен ауырған, травма алған ба, мінезі қандай болған,өзінің және жақындарының зиянды әдеттері, тұқым қуалаушылық аурулары,өзін-өзі бағалауын анықтаймыз.
Слайд 10

Объективті анамнез жинау Науқас жайлы мәліметтер жақындарынан,туыстарынан немесе науқасты жақсы танитын

Объективті анамнез жинау

Науқас жайлы мәліметтер жақындарынан,туыстарынан немесе науқасты жақсы танитын адамдардан

алынады. Обьективті анамнезді жинау барысында да тұқым қуалаушылық жөніндегі мағлұмат алыс туыстардың арасында ерекше, айрықша мінез-құлықты психикалық аурулардың бар-жоқтығы мұқият анықталады. Аурудың балалық және жасөспірімдік кезіндегі дене және психика жағынан даму ерекшелігі, оның мінез-құлқының сипаты, тұрмыс пен еңбек жағдайы егжей-тегжейлі анықталады. Аурудың басталуына, оның алғашқы белгілеріне науқастың мінез-құлқының өзгеруіне; қызығушылығының өзгеруіне, ерекше әдеттер пайда болуына; аурудың өз дертіне көзқарасына айрықша назар аударылады.
Слайд 11

Науқасты объективті зерттеу Соматикалық статус. Дене бітімі; температурасы, АҚ, ТАЖ, пульс,

Науқасты объективті зерттеу

Соматикалық статус.
Дене бітімі; температурасы, АҚ, ТАЖ, пульс, шеткі лимфа

түйіндері, корінетін шырышты қабаттары, ас қорыту, тыныс алу, шәр шығару, жүрек-қантамыр жүйесін бағалау қорытындылары жазылады.
Неврологиялық статус.
Алынған травмалар,ауру сезімі бар-жоқтығы,рефлекстері,бұлшықет күші,региттілігі,экстропирамидалық және 12 жұп нерв бағаланады.
Слайд 12

Психикалық статус Зейінді зерттеу.Біркелкі бейнелері бар кестелер арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс

Психикалық статус

Зейінді зерттеу.Біркелкі бейнелері бар кестелер арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс назар

белсенділігін, алаңсыз ойлау реакциясын тексеруге қолданылады. Мысалы: қолдың қатысуынсыз кезекпен түсі бірдей суреттерді санау.
Есті зерттеу. Тексерілушіге 10 секунд ішінде кестедегі фигураларды көрсетіп, оларды есінде сақтау жүктеледі. Қалыпты жағдайда 5-6 фигура есте сақталады.Бұл әдіс арқылы көру есінің ерекшелігі анықталады.
Слайд 13

Естіген сандарды, сөздер мен сөйлемдерді сақау - бұл естуді тексеру.Анық айтылған

Естіген сандарды, сөздер мен сөйлемдерді сақау - бұл естуді тексеру.Анық айтылған

сандарды, сөздерді, сөйлемдерді тыңдатып, есте сақтауын сұрайды.Сау адам 10 сөздің 5-8 есте сақтайды.
Ассоциацияны зерттеу.Ассоциативті тәжірибенің классикалық нұсқасының алдында инструкция жасалынып, ол бойынша тексерілуші айқын сөзге өзінің ойына келген бір сөзбен жауап беруі керек.
Ойлау процестерін зерттеу. Жалпылау. Тексерілуші ұсынылған суреттің жалпы түсінігін және заттардың атын айтуы керек.
Слайд 14

Сонымен қатар, түсініктердің топтастырылуы: түсінікті бөлу; артқы түсінікті шығару; мақалдар мен

Сонымен қатар, түсініктердің топтастырылуы: түсінікті бөлу; артқы түсінікті шығару; мақалдар мен

астарлы сөздердің ауыспалы мәнін түсіну. Ұғынуды зерттеу, қыйыстыру дағдылары мен әрекеттерін тексеру, жеке басының ерекшеліктерін тексеру, талаптану деңгейін тексеру,өзін-өзі бағалауды тексеру әдістері қолданылады.
Слайд 15

Зерттеу жоспары Науқасты зерттеу жоспары стандартты лабораториялық зерттеулерден ЖҚА, ЖЗА, ҚБА

Зерттеу жоспары
Науқасты зерттеу жоспары стандартты лабораториялық зерттеулерден ЖҚА, ЖЗА,

ҚБА басталады. Ал нейрофизиологиялық ЭЭГ, РЭГ, ЭхоЭГ және нейрорентгенологиялық ПЭГ, КТ, МРТ зерттеулері дәрігер әр науқасқа жеке индивидуальді түрде көрсеткіштеріне байланысты тағайындайды.
Слайд 16

Клиникалық диагноз Диагноз науқастық шағымдарының, субъективті және объективті анамнезінің,науқастың объективті жағдайының,

Клиникалық диагноз

Диагноз науқастық шағымдарының, субъективті және объективті анамнезінің,науқастың объективті жағдайының, катамнезінің,

зерттеу қорытындыларының нәтижелерінің негізінде қойылыды.Диагноз тек қана нақты ауру емес, сонымен қатар синдром ретінде де қойылады.
Емі
Қойылған диагнозға сай жіті көріністерді жоюшы, бір қалыпта ұстаушы, коррекциялаушы, рецидивке қарсы терапия жүргізіледі.
Слайд 17

Эпикриз Науқастың жалпы жағдайын бағалау.Эпикриз келесі талаптарға сай болуы тиіс: Аудудың

Эпикриз

Науқастың жалпы жағдайын бағалау.Эпикриз келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Аудудың басталуы

және анамнездің негізгі ақпараттарын;
Психопатологиялық синдромдардың өту ағымының ерекшеліктері және құрылымдары;
Жүргізілген ем жайлы толық ақпарат, жалғастырушы терапиялық және реабилитациялық кеңес,еңбекке жарамдылығы;
Алынған ақпараттардан шығатын толық, нақты диагноз.
Слайд 18

Сырқатнамада емдеу-диагностикалық процессінің дұрыстығын бақылауға, зерттеу және ем жүргізуде кеңес беруге,

Сырқатнамада емдеу-диагностикалық процессінің дұрыстығын бақылауға, зерттеу және ем жүргізуде кеңес беруге,

диспансерлік бақылау мен мүгедектік қоюға,құзыретті органдардың (сот,прокуратура,медико-социалды экспертиза) сұратуы бойынша анықтама беруге қажетті мағлұматтар жазылады.
Стационарлық науқастың сырқатнамасы мекемеде 25 жыл мұрағатта сақталып,шығарылу кезінде қолына шығарылу эпикризі ғана беріледі.