Негізгі және қосымша рұқсат етілетін қателіктер шегімен, басқа да дәлдікке әсер
ететін өлшеу құралдарының қасиеттерімен анықталатын жалпыланған метрологиялық сипаттама дәлдік класы деп аталады.
Дәлдік класы – өлшемсіз шама.
Негізгі және қосымша рұқсат етілген қателіктердің шегі жеке өлшеу құралдарының стандартына сәйкес белгіленеді.
Өлшеу құралдарының дәлдік кластарына (1; 1.5; 2.0; 2.5; 3.0; 4.0; 5.0; 6.0) *10n ; n = 1; 0; -1; -2;… қатарынан алынатын дәлдік класы беріледі (МЕСТ 136-68) .
Технолгиялық өлшеулерде ең көп тараған түрі - дәлдік класты келтірілген қателік аркылы ұсыну .Бұл жағдайда өлшеу құралдың нормативті-техникалық құжаттарында дәлдік класы пайызбен көрсетілген, келтірілген қателікке тең санымен елгіленеді.
Өлшеу құралдарының дәлдік класы