3-кезең Психологияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы
Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризм бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі психология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.