Слайд 16
Кедейленген қабаттағы зарядтың өсуі – бұл ішкі эффект, яғни p-n ауысудың
шеттеріндегі потенциалдар айырымының өзгеруі бақыланбайды. Бірақ, егер, р-қабатқа оң потенциал, ал n-қабатқа – терісін (төмендегі Суретте көрсетілгендей) түсірсек, кемтіктер p-n ауысу арқылы р-қабаттан n-қабатқа қарай, ал электрондар n-қабаттанр-қабатқа ұмтылады. Ток пайда болады да, аспап іске қосылады.
Егер р-қабатқа теріс таңбалы потенциал, ал n-қабатқа – оңын (төмендегі б)-Суретте көрсетілгендей) түсірсек, кейбір электрондар мен кемтіктер орын ауыстырады да, негізгі эффект ретінде кедейленген қабаттың ұлғаюы (кеңеюі) орын алады. Қысқа уақыт аралығында ток ағып (бұл ток шамасын p-n ауысуды конденсатор ретінде қарастырып, сыйымдылығы үлкен емес болғандықтан оның зарядталуына эквивалентті деп санауға болады), аспап ток өткізбей қалады. Шын мәнінде, негізгі емес тасушылардың беретін тоғы ағады, бірақ оның шамасы өте кішкентай болғандықтан, есепке алынбайды.