Еуразиялық тұтастықтың озықтығы,осы кеңістіктегі интеграцияны құрудың өмірлік қажеттігі, ортақ бірлестіктің қағидаттары
мен бағдарламасы туралы идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1994 жылдың наурыз айында Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде көтерген болатын. Бүгінгі күні сол идея іске асып, өзінің жемісін бере бастады.Еуразиялық идеяның тууы мен іске асуына көптеген адамдар скептизммен қараған кезеңдер артта қалып, Президент Н.Назарбаев идеясының бүгінгі таңда жақсы нәтижелермен іске аса бастағандығы баршаға мәлім.