2.2 Коммутация заңдары.
Коммутацияның бірінші заңы. Индуктивтіліктегі ток секірмелі түрде
өзгере алмайды немесе коммутациядан кейінгі моменттегі токтың мәні, коммутацияға дейінгі моменттегі мәнге ие болады.
Коммутацияның екінші заңы. Сыйымдылықтағы кернеу секірмелі түрде өзгере алмайды немесе коммутациядан кейінгі моменттегі сыйымдылықтағы кернеудің мәні, коммутацияға дейінгі маменттегі мәнге ие болады.
UC(0-) = UC(0+)
iL(0-) = iL(0+)
2.3 R,L бірізді жалғанған элементтерді тұрақты кернеуге қосу. Уақыт тұрақтысы.
Тізбекті қосқаннан кейінгі пайда болатын өтпелі үрдісті талдау.
Тізбек қосылғанша онда ток болмады. Сондықтан индуктивтілігі бар тізбекті қосу моментінде (t=0 болғанда) коммутацияның бірінші заңы бойынша тәуелсіз бастапқы теңдеудің түрі:
iL(0-) = iL(0+)