Слайд 2
![Коллоидтық химия – дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1333411/slide-1.jpg)
Коллоидтық химия – дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік
құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. Коллоидтық химия физикалық химияның күрделі бір бөлімі болып қалыптасты, 19 ғасырдың 60-жылдарында жеке ғылым саласына айналды.
Коллоидтық химия дисперстік жүйелердің түзілу және бұзылу жолдарын, қасиеттерін, фазалардың жанасу беттеріндегі молекулааралық әрекеттесу құбылыстарын зерттейді. Сондай-ақ, оның зерттеу нысандарына әр түрлі дисперстік жүйелер, дисперстік фазалар мен дисперстілеу ортаның жанасу беттері, адсорбциялық қабаттар, ламинарлық және фибриллалық жүйелер, аэрозольдер, ұнтақтар, көбіктер, эмульсиялар, жүзгіндер (суспензиялар), әр түрлі гельдер мен зольдер жатады.