Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады.
Бірінші дәрежелі Үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады,
үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды.
Екінші дәрежелі Үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып кулдірейді.
Үшінші дәрежелі Үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда
Төртінші дәрежелі Үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады.Бұл үсудің ең ауыр түрі . Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады,қара қоңыр түске боялады.