Хирургияның бір күндік бөлімшесінің жұмысы дұрыс жүргізілуі үшін үш негізгі міндеті
орындау қажет:
Ұйымдастырылуы.Хирург, анестезиолог, администрациядағы қызметкерлер және сол науқасты жіберетін дәрігер бір бірімен тығыз және тиімді қарым қатынаста болуы қажет..
Адекватты аппараттар, адекватты орналасқан мекеме, төсек орындар және барлық қажеттіліктерді ескеру керек. Бір күндік хирургия бөлімшесі міндетті түрде хирургиялық стационармен тығыз қызметтес байланыста болу қажет. Мұнда бір күндік хирургия бөлімшесі жедел хирургиялық көмек көрсеткен стационар негізінде ұйымдастырылып, мұндай жағдайда, яғни белгілі бір жағдайларға байланысты асқынулар болса, қайталама госпитализация үшін әрқашан бос төсек орындар болу қажет.
Дайындалған тұрақты медқызметкердің болуы. Амбулаторлы хирургияда жұмыс істеуші қызметкер тәжірибелі және жоғары маманданған болу керек. Ол қателіктер қауіптілігін төмендету және болатын асқынуларды алдын ала болжау үшін қажет.