№8 дәріс
Ауыз қуысы кілегей қабығының патологиялық үрдістері. Зақымдану элементтері. Ауыз қуысы
кілегей қабығы патологиясы бар ауруларды комплексті бақылаудың ерекшеліктері. Ауыз қуысы кілегей қабығының және еріннің қызыл жиегі ауруларының терминологиясы және классификациясы. Ауыз қуысы кілегей қабығының жарақаттары. Лейкоплакия. Этиологиясы патогенезі, клиникасы диагностикасы, дифференциалды диагностикасы, емі.
Ауыздың кiлегейлi қабығы мен ерiннiң анатомиялық және гистологиялық ерекшелiктерi студенттерге анатомия және гистология пәндерiнен таныс.
Кiлегейлi қабық ауыз қуысын ұрт жағынан және қуыс жағынан жауып, барлық бездердiң түтiкшелерiнiң қабырғаларын төсеп жатады. Таңдай мен қызыл иектен басқа бөлiгiнде кiлегейлi қабық үш қабаттан тұрады: үстiңгi көпқатпарлы эпителий, ортаңғы дәнекер тiн, астыңғы кiлегейлi қабақасты қабаты. Қалыпты жағдайда кiлегейлi қабық ақшыл-қызыл түстi, жылжымалы, бетi жақсы ылғалданған, кейбiр жерлерiнде астындағы тiндермен тығыз байланысқан. Кiлегейлi қабық астындағы қабатта және дәнекер тiндi қабатында көптеген сiлекей, май бездерi мен серозды және аралас бездер орналасқан. Кiлегейлi қабық лимфа қуыстарына, тамырларына және түйiндерiне бай. Дәнекер тiндi қабытында қызыл және көк тамырлар жүйесi, нерв өрiмдерi көптеп кездеседi, тактильдiк, қысымдық, ауруды сезетiн, температуралық рецепторлар және хеморецепторлар бар.
Кiлегейлi қабық бетiн жабатын көпқатпарлы эпителий мүйiзгектенетiн және мүйiзгектенбейтiн болып екiге бөлiнедi. Мүйiзгектенетiн эпителий қызыл ерiндi, таңдайды, қызыл иектi жаба орналасқан. Кiлегейлi қабықта қайта құрылу процестерi жақсы дамыған (жаралар өте тез жазылады). Жас ұлғайған сайын эпителийдiң құрылысы мен қызметi өзгере бастайды.