ЖАТЫРДЫҢ ЖЫРТЫЛУ ҚАУІПІ Бандельдің механикалық теориясына сай клиникалық белгілермен сипатталады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Қатты ауырсынулы толғақ,жатырдың сырт пішіні ұзынша,оның түбі қисаяды,төменгі сегменті созылып,жұқарып қолмен ұстағанда ауыртпалы.Контракциялы сақина өте жоғары,қисық тұрады.Жатыр мойны,қынап қабырғалары,аралық,сыртқы жыныс мүшелерідомбығып ісінеді.Жатырдың жұмыр байламы ауыртпалы.Әйелдің кіші дәретке отыруы қиындайды.Әйелдің күшену қарқыны нәтижесіз.Нәрестенің жүрек соңысы нашарлайды.
ЕМІ.Жатырдың жыртылу қауіпінде анаға жедел жәрдем көрсетіліп,кесар тілігі арқылы босандырады.
ЖАТЫРДЫҢ ЖЫРТЫЛА БАСТАУЫ
Бұл ауытқуда жоғарыда жатырдың жыртылу қауіпінде аталған белгілерге қосымша:босану жолдарынан қан аға бастайды;зәрге қан араласады,нәресте қысылып тұншығады,ауру сезімі қатты артып,әйелде қорқыныш үрей пайда болады.
Жатыр толық жыртылғанда қатты айғайлап жатқан әйел тынышталып,толғақ сап тоқтайды,босану жолдарынан қан кетеді,нәрестенің жүрек соғысы естілмейді,геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады,жатырдың пішіні өзгереді,нәресте іш перде қуысында анықталады.
ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК жатырдың жыртыла бастауында және жатыр жыртылғанда бірден ампутация немесе экстрипация жасайды.