Слайд 13
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік
бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау аясында, 2016 жылдың 1 шілде – 31 тамыз аралығында «Денсаулық жолы» кең ауқымды шарасын орындау мақсатында, СӨСҚПО Жаңаөзен қалалық филиалы мен №1 Жаңаөзен қалалық емхананың ұйымдастыруымен, 10.08.2016 ж. Қызылсай ауылының тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен тегін қызмет көрсету арқылы кең көлемді шара өтті.
Жылжымалы медициналық кешеннің (зертхана, окулист, гинеколог, кардиолог, хирург, ВОП, узист, стоматолог) дәрігерлері тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетіп, ақыл кеңестерін беріп отырды. Сонымен қатар ОСӨСҚПО мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «RTF-19» қоғамдық бірлестігі «Никотинге – витамин!» акциясын ұйымдастыру.
Шараға келген тұрғындардың бойын, салмағын, қан қысымын өлшеп, дәрігерлер аурулардың алдын алу бойынша ақпарат,кеңестерін беріп отырды. ОСӨСҚПО Жаңаөзен қалалық филиалының мамандары келген тұрғындарға аурулардың алдын алу жөнінде үнпарақтар, бетшелер тарата отырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Қамтылган адам саны – 100.