Ерте токсикоздардың сирек түрлері

Содержание

Слайд 2

Жоспар: І Кіріспе : Токсикоздар туралы жалпы түсінік ІІ Негізі бөлім:

Жоспар:

І Кіріспе :
Токсикоздар туралы жалпы түсінік
ІІ Негізі бөлім:
Жүктілер

дерматозы
Жүктілер тетаниясы
Жүктілер остеомаляциясы
Бауырдың жедел сары атрофиясы
Жүктілердегі бронхты демікпе
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3

Токсикоздар (гестоздар) деп ұрықтанған жасуша мен оның қандай да бір элементтерінің

Токсикоздар (гестоздар) деп ұрықтанған жасуша мен оның қандай да бір элементтерінің

дамуына жауап ретінде орталық жүйке жүйесінің, тамырлық және зат алмасу бұзылыстарының әсерінен пайда болатын көптеген симптомдарымен сипатталатын жағдай. Ұрықтанған жасуша мен оның элементтерін жойған кезде бұл жағдай жоғалады. Жүкті әйелдердегі бұл жағдайлар даму уақытына байланысты жіктеледі. Ерте токсикоздар мен кеш гестоздар деп ажыратады. Олар өздерінің клиникалық ағымына байланысты жіктеледі. Ерте токсикоз көбінесе I триместрде кездеседі, және жүктіліктің II триместрінің басында жойылады. Гестоздар жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде дамиды. Ерте токсикоздың дамуын түсіндіруге тырысатын бірнеше теориялар бар: рефлекторнлы, неврогенді, гормоналды, аллергиялық, иммунды, кортико-висцеральды. Ерте токсикоздың патогенезінде басты рөлді орталық жүйке жүйесінің функциональды жағдайының бұзылысы атқарады. Жүктіліктің ерте мерзімінде ерте токсикоздың симптомдары асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарымен сипатталады. Асқорытулық рефлекстердің дамуы диэнцефалды облыстың вегетативті орталықтарымен байланысты. Шеткеріден түсетін афферентті сигналдар (жатыр рецепторының өзгерістерінен немесе өткізуші жолдардың өзгерістерінен) өзгерген сипатта болады, жауап қайтаратын эфферентті импульстерді өзгертетін диэнцефалды облысы орталығының өзінде өзгерістер дамиды. Жүйенің сезімталдығының бұзылысы кезінде рефлекторлы реакциялардың және асқорыту қызметінің бұзылысы пайда болады: тәбеттің жойылуы, жүрек айну, сілекей ағу (саливация), құсу. Ерте токсикоздың дамуында нейроэндокринді және зат алмасу бұзылыстары үлкен рөль ойнайды, осыған байланысты аурудың өршуі кезінде су- тұзды, көмірсу және май алмасуында , кейін ақуыз алмасуында өзгерістер дамып, дене салмағының азаюы жүреді.Гормоналды жағдайдың бұзылысы патологиялық рефлекторлы реакциясын тудырады. Жүкті әйелдер құсуында құсудың басталуы хорионды гонадотропиннің деңгейінің жоғарлауына сәйкес келеді, кейде бүйрек үсті безінің қызметінде кортикостериодтардың төмендеуі жүреді.
Слайд 4

Клиникалық ағымы: Ерте токсикоздардың: Жиі кездесетін -Жүктілердің құсуы -Сілекей ағуы Сирек

Клиникалық ағымы:
Ерте токсикоздардың:
Жиі кездесетін
-Жүктілердің құсуы
-Сілекей ағуы
Сирек

кездесетін:
-Жүктілер тетаниясы
-Жүктілер остеомаляциясы
-Бауырдың жедел сары атрофиясы
-Жүктілердегі бронхты демікпе
-Жүктілер дерматозы,-формалары болады.
Слайд 5

Жүктілер дерматозы Жүкті әйелдер дерматозы – ерте токсикоздың сирек формасы болып

Жүктілер дерматозы

Жүкті әйелдер дерматозы – ерте токсикоздың сирек формасы болып табылады.

Бұл жағдай тек жүктілік кезінде пайда болып, жүктілік аяқталғанда жойылады. Дерматоздар қышу, қызару, герпестік себінділер түрінде көрініс береді. Дерматоздың ең жиі кездесетін формасы болып жүкті әйелдердің қышуы (pruritus gravidarum) табылады.Қышу жүктіліктің бірінші және соңғы апталарында пайда болып, сыртқы жыныс мүшелері аймағында шектеледі немесе барлық денеге таралады. Қышу ұйқысыздық, мазасыздық немесе көңіл күйінің нашарлауына әкеледі. Жүктілік кезіндегі қышуды қышумен сипатталатын басқа да аурулармен диагностика жүргізу керек: қант диабеті,терінің саңырауқұлақты аурулары, трихомониаз, аллергиялық реакциялар.
Слайд 6

Слайд 7

Жүктілер тетаниясы: Жүктілер тетаниясы (tetania gravidarum) қолдар бұлшықеттерінің ("акушер қолы"), сирек

Жүктілер тетаниясы:

Жүктілер тетаниясы (tetania gravidarum) қолдар бұлшықеттерінің ("акушер қолы"), сирек аяқтардың

тырысуы ("балерина аяғы"), беттің ("балық ауызы") тырысуы. Аурудың негізі кальций алмасуының бұзылысынан қалқанша маңы безінің қызметінің төмендеуі болып табылады. Жүктілік кезінде латентті ағымда өтетін тетания немесе ауыр ағымда болса жүктілікті үзу керек.
Слайд 8

Слайд 9

Жүктілер остеомаляциясы Жүктілер остеомаляциясы (osteomalacia gravidarum) айқын түрде сирек кездеседі. Ондай

Жүктілер остеомаляциясы

Жүктілер остеомаляциясы (osteomalacia gravidarum) айқын түрде сирек кездеседі. Ондай жағдайда

жүктілік қарсы көрсеткіш болып табылады. Көбінесе остеомаляцияның жасырын түрі –симфизиопатия кездеседі.Ауру фосфор- кальций алмасуының бұзылысынан, декальцинациядан және сүйек қаңқасының жұмсаруынан пайда болады. Симфизиопатияның негізгі көріністері болып аяқтардың, жамбас сүйектерінің, бұлшықеттердің ауырсынуы табылады. Жалпы әлсіздік, шаршағыштық, парестезиялар пайда болады; жүрісі өзгереді ("үйректік"),сіңірлік рефлекстер жоғарлайды. Қасағаны пальпациялағанда ауырсынады. Жамбастың рентгенограммасында кейде қасаға сүйектерінің ажырағандығы анықталады, алайда, шынайы остеомаляциялардан айырмашылығы сүйектерде деструктивті өзгерістер болмайды. Остеомаляцияның жасырын формасы– D гиповитаминоздың көрінісі болып табылады.ф
Слайд 10

Слайд 11

Бауырдың жедел сары атрофиясы Бауырдың жедел сары атрофиясы (atrophia heratis blava

Бауырдың жедел сары атрофиясы

Бауырдың жедел сары атрофиясы (atrophia heratis blava acuta)

өте сирек кездеседі және құсудың ауыр түрінің соңында дамуы мүмкін немесе жеке түрде кездесуі мүмкін. Бауыр жасушаларының майлы және ақуызды қайта туылуында бауыр өлшемдері кішірейіп,бауырдың некрозы мен атрофиясы дамиды. Ауру өте ауыр ағымда өтеді (интенсивті сарғаю, қышу, құсу, тырысулар, кома), көбінесе науқастың өліміне әкеледі. Емі жүктілікті тез үзу болып табылады, алайда жүктілікті үзу аурудың нәтижесін жақсартпайды.
Слайд 12

Слайд 13

Жүктілердегі бронхты демікпе Жүктілердегі бронхты демікпе (asthma bronchiale gravidarum) өте сирек

Жүктілердегі бронхты демікпе

Жүктілердегі бронхты демікпе (asthma bronchiale gravidarum) өте сирек кездеседі.

Бронхты демікпенің дамуының себебі қалқанша маңы безінің гипофункциясы мен кальций алмасуының бұзылысы табылады.Жүктілердің бронхты демікпесін жүктілікке дейін болған бронхты демікпеден ажырата білу керек. Ерте токсикоздардың алдын алу үшін дер кезінде созылмалы ауруларды емдеу, психикалық жүктемелерді азайту, қоршаған ортаның қолайсыз әсерін болдыртпау. Токсикоздарды дер кезінде анықтап, бастапқы сатыларында емдеу, яғни аурулардың ауыр формаларының дамуының алдын алу болып табылады.
Слайд 14

Слайд 15

Қорытынды: Жүктілік адам өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі , сондықтан өмірге

Қорытынды:

Жүктілік адам өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі , сондықтан өмірге дені

сау ұрпақ әкелу үшін біз барлық күштерімізді салуымыз керек.