Балалар мекемелерінде дезинфекция шараларын жүргізу.
Дезинфекция – (француз тілінде des- теріс жалғауы
және латын тілінде Infec – инфекция) – бұл адамды қоршаған ортадағы патогенді бактерияны, вирусты, риккетсилерді, қарапайымдыларды, саңырауқұлақтарды және олардың токсиндерін жою. Дезинфекцияның мақсаты зақымдалған объектілердегі (аурулардың бөліністері, бөліністерге арналған ыдыстар және тағамдар, киімдері, бөлме, тұрмыс заттары және т.б.). Инфекция қоздырғыштарын жою болып табылады.
Бөлмені желдеткенде 15 минуттан кейін ауадағы микроорганизмдердің саны қүрт азаяды да, ал 30 минуттан кейін олар тіптен болмайды, себебі бөлменің ауасы сыртқы патогенді микробы жоқ таза ауамен толық ауысады.
Өндіріс орындары емдеу-профилактикалық мекемелері кеңінен қолданатын арнайы вентиляция қондырғыларын шығарады. Балалар мекемелерінде грипп, күл, желшешек, қызамық және басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортаға төзімсіз жұқпалы аурулардың профилактикасы кезінде желдету өте маңызды орын алады.