Слайд 7
![Күнделікті өмірде «адам», «жеке тұлға», «индивид» деген ұғымдар қолданылады Адам —](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1317863/slide-6.jpg)
Күнделікті өмірде «адам», «жеке тұлға», «индивид» деген ұғымдар қолданылады
Адам —
бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға — бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.
Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады.
Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.
Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.
Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады.