Слайд 9
Клиникалық көріністері
белінің тұрақты сыздап ауырсынуына, қол-аяғының ұюына немесе сынып ауыруына;
Ауру
сезімінің тез қозғалғанда, жотелгенде, түшкіргенде немесе физикалық жүктеме кезінде, ауыр көтергенде күшейе түсуі;
Қимыл-қозғалыстың шектелуі, бұлшық еттер спазмы;
Мойын аймағының дорсопатиясында: иықтағы, қолдағы ауырсыну сезімі, бастың ауыруы және де омыртқа жотасы артериясының синдромы дамуы мүмкін: бастағы шуыл, бас айналу, көз алдында түрлі-түсті дақтар пайда болуып, бастың пульсациялық ауруы. Омыртқа жотасы артериясының синдромының пайда болуына омыртқалардың орнынан жылжуы мен жарықтардың әсерінен симпатикалық өрімнің тітіркенуі салдарынан омыртқа артериясының тарылуынан болуы мүмкін.
Кеуденің дорсопатиясында: кеуде аумағындағы, жүрек және басқа да ішкі органдардағы ауырсыну;
Бел-сегізкөз аумағындағы дорсопатияда: кіші жамбас астауы органдарына, сегізкөзге, аяқтарға таралатын бел аумағындағы ауырсыну сезімі.
Нерв түбірі зақымданғанда: ауырсыну сезімі, сезімнің бұзылысы, гипотрофия, гипотония, бұлшық ет рефлексінің төмендеуі мен ондағы әлсіздік.