Тестестерон мен андростерон – еркек ағзаның нағыз жыныс гормондары. Бұлар ұрық
безінің жасушаларында, ал шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне аналық безінде түзіліп шығады. Бұл екеуінің мейлінше активтісі тестестерон, ал андростеронның активтігі одан 10 есе кем
Андроген (andros – еркек деген гректің сөзінен шыққан) еркектердің жыныс гормоны. Химиялық табиғаты бойынша стероидтық гормондар тобына жатады жəне холестеролдан түзіледі. Андрогендердің туындыларына андростерон, дегидроандростерон жəне тестостеронның жасанды түрі – метилтестестерон жатады. Осы гормондардың тигізетін əсерінен еркектің ағзасына тəн бірқатар белгілер – қосалқы жыныстық белгілер (сақал-мұртының болуы, мықты қаңқа мен жақсы жетілген бұлшық еттің, жуан дауыстың болуы) қалыптасады. Себебі андрогендер белоктар синтезіне, əсіресе, бұлшық ет ұлпаларындағы белок түзілуіне дем береді, жас жануарлардың сүйек қаңқасының өсуін дамытады.
Аналық жыныс бездері – эстроген атты гормон бөледі. Эстрогендердің туындылары: эстрон жəне эстриол. Бұл гормондар қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп болады (дауыс жіңішке болуы, сүйек жіңішке болуы т.б.). Прогестрон – төртінші жыныс гормоны.
Жыныс бездерінің гормондары