Халыққа профилактикалық көмек көрсету реті

Слайд 2

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, егер сырқатқа байланысты тиісті шаралар қолданылмаса,

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, егер сырқатқа байланысты тиісті шаралар қолданылмаса,

жұқпалы емес аурулардың салдары­нан орын алатын жыл сайынғы жалпы өлім саны 2030 жылға қарай 55 миллионға артады. Ал ғылыми тәжірибе қажетті профилактикалық және емдік шаралар дер кезінде әрі нәтижелі жасалса, жұқпалы емес аурулардың жолын кесуге болатынын көрсетеді.   Әсіресе, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, тыныс алу ағзаларының созылмалы патологиясы мен қант диабеті сияқты аурудың төрт санаты жұқпалы емес ауруларынан болатын өлім-жітімге алып келеді. Жұқпалы емес аурулардың бұл төрт санатымен де күресуге болады және қатер төндіретін факторларды жою үшін тиімді шаралар жасай отырып, бақылауға алуға мүмкіндік бар екен. Ал қатер төндіретін фактор деп отырғанымыз ‒ шылым тарту, дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың жеткіліксіздігі (гиподинамия), улы ішімдік тұтыну.
Слайд 3

Екі ай ішінде медициналық бригада республикадағы барлық ауданға жол тартпып, ауыл

Екі ай ішінде медициналық бригада республикадағы барлық ауданға жол тартпып, ауыл

тұрғындарына медициналық көмек көрсетіліп, ерте  анықталған  онкологиялық,  туберкулез  ауруларының  алдын  
алу, денсаулықты сақтау  және саламатты өмір салтын ұстану туралы кеңестер беріледі. Шара барысында мамандар сырқаттарды анықтаған соң, жергілікті дәрігерлерге мәліметтер беріледі. Олар өз кезегінде диагнозы анықталған ауыл тұрғындарын диспансерлік есепке алып емдейді. Алдымен Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында (емханаларда) кардиолог, терапевт, невропатолог сияқты мамандарды тарту арқылы артериялық қан қысымын, холестерин мен глюкозаны,  физикалық параметрлер деңгейін, денсаулық мектептерінде қауіпті факторларды түзету арқылы жеке қауіпті анықтау үшін дене салмағы индексін анықтау үшін Ашық есік күндері өткізіледі. Бұдан бөлек,  акция аясында халық жаппай жиналатын орындарда «Денсаулық қалашықтары» ашылып, кез келген қатысушы медицина мамандарының кеңестерін ала алады.