Емі
Жергілікті жансыздандыру жасалып, өткір қасықпен ұяшық тазаланып, ривенолдың (1:1000),
фурацилиннің (1:5000), асқын сутегінің (2%), калий перманганатының (1:5000) жылы ерітінділерімен жуылады. содан кейін ұяшықта жаңадан қан ұйығы түзіледі немесе антибиотиктер мен сульфаниламидтерден дайындалған пастамен толтырып, ½ сағатқа дәке тампонмен жауып қояды. Егер ауыру сезімі жоғары болса осы аталған пастаға анестезин қосуға болады. Ұяшыққа камфорфенолға малынған тампон қоюға болады және жергілікті жансыздандыру тәсілімен новакиан-пенициллин блокадасын жасауға болады.
Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұяшыққа йодоформға және протеолитикалық ферменттерге малынған тампондарды қоюға болады.
Үйде аналгетиктерді ішу мен ауыз қуысына жылы ас содасымен жасалған ванночкалар тағайындалады.
Физиоемдер: УЖЖ, Бернар тогы, соллюкс пайдаланылады. Ауыру сезімі 1 – 3 күннің аралығыда басылады. Альвеолиттің ағымы ауыр кезде ұяшықты тазалап өңдеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Науқас альвеолит кезінде 2 – 3 күнге еңбектен босатылады.