Жүйке жүйесінің патофизиологиясы

Содержание

Слайд 2

Дәрістің мақсаты Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясымен, даму жолдарымен және жүйке

Дәрістің мақсаты

Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясымен, даму жолдарымен және жүйке жүйесінің

кейбір бұзылыстарының этиопатогенезімен таныстырып, оларды талдауды үйрету.
Слайд 3

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен

мыйдағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.
(Шәкәрім Құдайберді-ұлы)
Слайд 4

Рецепторлық (сыртқы және ішкі тітіргендіргіштерді қабылдау) Реттеулік (басқа ағзалар мен жүйелерді

Рецепторлық (сыртқы және ішкі тітіргендіргіштерді қабылдау)

Реттеулік (басқа ағзалар мен жүйелерді

реттеу және өзін-өзі реттеу)

Тұтастырулық (организм мүддесіне қарай ағзалар мен жүйелердің әрекеттерін бір тұтастыққа біріктіру )

Меңгерулік (ағзалар мен жүйелердің
әрекеттерін меңгеру)

Нәрленістік (тұтас организм мүддесіне қарай қажетті зат алмасу деңгейін анықтау)

Информац-
иялық
(түйсіну, тасымалдау, өңдеу, жинақтау, ажырату және ақпаратты жүзеге асыру

Жүйке жүйесінің негізгі қызметтері

Слайд 5

Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы Себепкер ықпалдар: Экзогендік Эндогендік √ бактериялар, вирустар

Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
Себепкер ықпалдар:

Экзогендік

Эндогендік
√ бактериялар, вирустар және
олардың

уыттары;
√ химиялық улы заттар (ауыр
металдар, улы газдар, спирт-
тер, кейбір дәрілер, ауада
оттегінің тапшылығы;
√ механикалық ықпалдар (бас
жарақаты,мый шайқалысы);
√ физикалық ықпалдар (электр
соққы, иондағыш сәулелер,
электромагниттік толқындар);

Туа біткен

Жүре пайда
болған

Біріншілік

Салдарлық

Слайд 6

Орталық жүйке жүйесінің туа біткен бұзылыстары Тұқым қуатын тектік ақаулардан Туылу

Орталық жүйке жүйесінің туа біткен бұзылыстары

Тұқым қуатын
тектік ақаулардан

Туылу кезіндегі
жарақаттардан
√ лизосомалық ферменттердің
тапшылығынан:

мый нейрондарында
липидтер, гликоген, мукополи-
қанттар жиналып қалып, “жинақталу
аурулары” (липидоздар, глико-
геноздар, мукополисахаридоздар)
дамиды;
√ фенилаланингидроксилаза
ферментінің тапшылығынан
(фенилкетонурия) нейрондардың
нақтылануы, мыйдың дамуы
бұзылады т.б.;

√ мый жарақаты,
√ бассүйек ішінде
қысым көтерілуі
т.с.с.

Слайд 7

Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға: Мыйда қанайналым бұзылыстары; Жан жарақаты

Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға:

Мыйда қанайналым бұзылыстары;
Жан жарақаты мен күйзелістері;
Гипогликемия;
Қышқылдық-сілтілік

үйлесімділіктің ауытқулары;
Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары;
Бауыр, бүйрек қызметтерінің жеткіліксіздіктері;
Эндокриндік аурулар;
Аутоиммундық үрдістер – жатады.
Слайд 8

Салдарлық (екіншілік) эндогендік себепкер ықпалдар: Нейрон қызметтерінің өзгерістері; Нейронаралық қарым-қатынастардың бұзылыстары;

Салдарлық (екіншілік) эндогендік себепкер ықпалдар:

Нейрон қызметтерінің өзгерістері;
Нейронаралық қарым-қатынастардың бұзылыстары;
Дерттік күшейген қозу

ошағы пайда болуы;
Дерттік бастама (детерминанта) және дерттік жүйе қалыптасуы.
Слайд 9

Нейрон құрылымы

Нейрон құрылымы

Слайд 10

Жүйке жүйесінің біртектес бұзылыстарына: нейрон мембранасы; аксондары; дендриттері; синапстары – бұзылыстары жатады.

Жүйке жүйесінің біртектес бұзылыстарына:

нейрон мембранасы;
аксондары;
дендриттері;
синапстары – бұзылыстары

жатады.
Слайд 11

Нейрон мембранасының бұзылыстары: Липидтердің асқын тотығуы артып кетуінен Энергия тапшылығынан √

Нейрон мембранасының бұзылыстары:

Липидтердің асқын
тотығуы артып
кетуінен

Энергия
тапшылығынан

√ ишемия;
√ бактериялар, вирустар;

жарақат;
√ жан-дүниелік күйзелістер;
√ улы химиялық заттар (ауыр
металдар, улы газдар т.б.);
√ аутоиммундық серпілістер;
√ реперфузия т.б.
√ гипогликемия;
√ гипоксия;
√ тотығулық фермент-
тердің тежелуі;
√ ишемия;
Слайд 12

Липидтердің асқын тотығуы артуы Әртүрлі ауыртпалықтар кездерінде катехоламиндерден және арахидон қышқылдарынан

Липидтердің асқын тотығуы артуы

Әртүрлі ауыртпалықтар кездерінде катехоламиндерден және арахидон қышқылдарынан бос

радикалдар
супероксиданион-радикал, сутегінің асқын тотығы озбыр гидроксилдік радикал мембрана құрамындағы қанықпаған май қышқылдарының радикалдары мембрана тұтастығы-ның бұзылуы.
Слайд 13

Нейрон мембранасы бұзылыстарынан: Мембрананың тосқауылдық, каналдық қызметтері бұзылуы; Натрий, кальций иондары

Нейрон мембранасы бұзылыстарынан:

Мембрананың тосқауылдық, каналдық қызметтері бұзылуы;
Натрий, кальций иондары жасуша ішіне

кіріп, калий сыртына шығуы;
Мембранада әрекет ету потенциалы қалыптасуы, Са2+-насосының жеткіліксіздігінен мембрананың реполяризациясы бұзылуы;
Ядроның мембранасы бүлінуінен РНК, нәруыздар түзілуі бұзылуы;
Мембрананың рецепторлық қызметі бұзылуы - байқалады.
Слайд 14

Аксон қызметтерінің бұзылыстары: Жүйкелік серпіндердің өткізілуі бұзылуы Аксонның бойымен заттардың тасымалдануы

Аксон қызметтерінің бұзылыстары:

Жүйкелік серпіндердің
өткізілуі бұзылуы

Аксонның бойымен
заттардың тасымалдануы
бұзылуы

√ Na+ -

K+ - АТФаза
ферментінің белсенділігі
төмендеуі;
√ энергияның тапшылығы;
√ жүйке талшықтарының
қабынуы;
√жүйке талшықтарында
тыртық болуы;
√ жүйке талшықтары
сыртынан қысылып
қалуы;
√ миелин қабығын
жоғалтуы кездерінде -
байқалады.

√ улы заттардың әсерінен;
√ гипоксиядан және АТФ
жеткіліксіздігінен;
√ В1, В6 витаминдер
жетіспеуінен;
√ қантты диабеттен
жүйкелік ұсақ түтікшелер мен
майда талшықтар бүлінуі
нәтижесінде және аксон
қысылып қалуы
кездерінде болады.

Слайд 15

Дендриттердің бүліністері: Гипоксиядан; Ишемиядан; Организм уыттануында; Мый жарақатында; Электр соққыдан; Мый шайқалуында; Невроздар кезінде – байқалады;

Дендриттердің бүліністері:

Гипоксиядан;
Ишемиядан;
Организм уыттануында;
Мый жарақатында;
Электр соққыдан;
Мый шайқалуында;
Невроздар кезінде – байқалады;

Слайд 16

Синапс құрылымы:

Синапс құрылымы:

Слайд 17

Синапстардың бұзылыстары: Нейромедиаторлардың түзілуі, тасы-малдануы, қорға жиналуы, түйіспелік саңылауға шығарылуы бұзылғанда;

Синапстардың бұзылыстары:

Нейромедиаторлардың түзілуі, тасы-малдануы, қорға жиналуы, түйіспелік саңылауға шығарылуы бұзылғанда;
Нейромедиаторлардың постсинапстық

мембранадағы рецепторлармен байланысуы бұзылғанда;
Түйіспелік саңылауларда нейромедиа-торлардың ыдыратылуы немесе кері қамтылуы бұзылғанда – байқалады.
Слайд 18

Синапстардың бұзылыстарынан: Жүйкеленетін тіндерде дистрофия дамиды; Постсинапстық құрылымдарға зат алмасуларын және

Синапстардың бұзылыстарынан:

Жүйкеленетін тіндерде дистрофия дамиды;
Постсинапстық құрылымдарға зат алмасуларын және нәруыздар түзілуін

реттейтін заттар (трофогендер) тасымалдануы бұзылады.
Слайд 19

Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері: Тежелудің тапшылығымен; Сезімталдық бұзылыстарымен; Қимыл-қозғалыс бұзылыстары-мен; Жүйкелік нәрленіс бұзылыстары-мен – байқалады.

Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері:

Тежелудің тапшылығымен;
Сезімталдық бұзылыстарымен;
Қимыл-қозғалыс бұзылыстары-мен;
Жүйкелік нәрленіс бұзылыстары-мен –

байқалады.
Слайд 20

Тежелудің тапшылығы Мый қыртысының қызметтері бұзылғанда қыртыс асты құрылымдар, жұлын және

Тежелудің тапшылығы

Мый қыртысының қызметтері бұзылғанда қыртыс асты құрылымдар, жұлын және шеткері

жүйкелер тежеуші әсерден шығып кетуінен әртүрлі дерттік (Бабинский, емізік, жармасу) рефлекстері, бұлшықеттердің жекелеген топтарының сіресіп қалуы, еріксіз қимыл-қозғалыстар пайда болады.
Слайд 21

Сезімталдықтың бұзылыстары Гендік ауытқулардан; Жарақаттан; Уланулардан (ішімдік, ауыр металдар; Мый қанайналымы

Сезімталдықтың бұзылыстары

Гендік ауытқулардан;
Жарақаттан;
Уланулардан (ішімдік, ауыр металдар;
Мый қанайналымы бұзылыстарынан;
Мый қабынуынан;
Аутоиммундық бүліністерден;
ОЖЖ-де өспе

өсуінен т.б. пайда болады.
Слайд 22

Сезімталдықтың бұзылу түрлері: Анестезия (сезімталдықтың болмауы); Гипестезия (төмен сезімталдық); Гиперестезия (жоғары

Сезімталдықтың бұзылу түрлері:

Анестезия (сезімталдықтың болмауы);
Гипестезия (төмен сезімталдық);
Гиперестезия (жоғары сезімталдық);
Парестезия (бұрмаланған сезімталдық);
Дизестезия

(әсер еткен тітіркендіргішке сәйкессіз сезімнің болуы).
Слайд 23

Анестезия немесе гипестезия туындататын себепкер ықпалдар: Рецепторлардың сезімталдығы азаюы; Гендердің әсерленуі

Анестезия немесе гипестезия туындататын себепкер ықпалдар:

Рецепторлардың сезімталдығы азаюы;
Гендердің әсерленуі бұзылыстарынан рецепторлардың

аз түзілуі;
Афференттік жүйкелердің өткізгіштігі бұзылуы (диабет, неврит, уыттанулар кездерінде);
Жұлынның артқы және бүйірлік бағаналары, таламустың, мый қырты-сының сезімдік нейрондарының бүліністері.
Слайд 24

Гиперестезия туындататын себепкер ықпалдар: Терінің немесе шырышты қабықтардың құрылымдық бүліністері (жарақат,

Гиперестезия туындататын себепкер ықпалдар:

Терінің немесе шырышты қабықтардың құрылымдық бүліністері (жарақат, күйік,

оралмалы ұшық);
Невроздар, энцефалиттер т.б. кездерінде сезімдік жүйе (мый қыртысы, таламус, гиппокамп т.б.) нейрондарының қозымдылығы артып кетуі.
Слайд 25

Дизестезия: Термалгия Полиестезия Аллодиния Гиперпатия Парестезия Синестезия

Дизестезия:

Термалгия

Полиестезия

Аллодиния

Гиперпатия

Парестезия

Синестезия

Слайд 26

Дизестезияның түрлері: Термалгия – температураның әсерін ауырусыну ретінде сезіну; Полиестезия –

Дизестезияның түрлері:

Термалгия – температураның әсерін ауырусыну ретінде сезіну;
Полиестезия – бір тітіркендіргішті

көптеген ықпалдар ретінде сезіну;
Аллодиния – ауыру туындатпайтын әсерге қатты ауырусыну сезімі пайда болуы;
Гиперпатия - кезкелген тітіркендіргіштерге, олардың орналасқан жерін сезіну болмай, қатты ауыру сезімі;
Парестезия – сырттан ешқандай әсер болмай-ақ, әдеттен тыс әртүрлі жанасулық сезімдердің пайда болуы;
Синестезия – бір сезімдік ағзаның тітіркенуі кезінде бірнеше сезімдердің (мәселен, жарықты көргенде дыбыстық сезім) пайда болуы.
Слайд 27

Сезімталдық бұзылыстарының жалпы патогенезі: Тітіркендіргіштерді қабылдайтын рецепторлардың қозымдылығының өзгерістері; Сезімтал жүйкелер

Сезімталдық бұзылыстарының жалпы патогенезі:

Тітіркендіргіштерді қабылдайтын рецепторлардың қозымдылығының өзгерістері;
Сезімтал жүйкелер мен құрылымдарда

өткізгіштіктің бұзылыстары;
ОЖЖ-де сезімтал жүйе нейрондарының қозу шегі өзгеруі немесе бұрмалануы – жатады.
Слайд 28

Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары Гипокинезиямен (ерікті қозғалыс-тардың азаюы); Гиперкинезиямен (еріксіз қозғалыстардың болуы);

Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары

Гипокинезиямен (ерікті қозғалыс-тардың азаюы);
Гиперкинезиямен (еріксіз қозғалыстардың болуы);
Атаксиямен (қимылдық әрекет-тердің

үйлесімділігі бұзылыстары) – көрінеді.
Слайд 29

Гипокинезия Көріну айқындығына байланысты гипокинезия: Шаласалдану (парез) (Толық) салдану (паралич) науқастың

Гипокинезия

Көріну айқындығына байланысты гипокинезия:

Шаласалдану
(парез)

(Толық) салдану
(паралич)

науқастың өз
еркімен атқаратын
қозғалыстарының
азаюы

Науқас

өз еркімен
ешқандай
қозғалыс жасай алмауы
Слайд 30

Гипокинезияның тарау аумағына қарай: Моноплегия; Параплегия; Гемиплегия; Триплегия; Тетраплегияны – ажыратады.

Гипокинезияның тарау аумағына қарай:

Моноплегия;
Параплегия;
Гемиплегия;
Триплегия;
Тетраплегияны – ажыратады.

Слайд 31

Гиперкинезиялар Гиперкинезия – мыйдың әртүрлі құры-лымдары нейрондарының бүліністері-нен дамитын еріксіз қимыл-қозғалыс-тардың тым артып кетуі.

Гиперкинезиялар

Гиперкинезия – мыйдың әртүрлі құры-лымдары нейрондарының бүліністері-нен дамитын еріксіз қимыл-қозғалыс-тардың

тым артып кетуі.
Слайд 32

Тырыспа-селкілдек Аяқ астынан ұстамалы немесе тұрақты түрде пайда болатын бұлшықеттердің еріксіз

Тырыспа-селкілдек

Аяқ астынан ұстамалы немесе тұрақты түрде пайда болатын бұлшықеттердің еріксіз жиырылуларын

тырыспа-селкіл-дек дейді.
Оның клоникалық, тоникалық және араласқан (тонико-клоникалық, клонико-тоникалық) түрлерін ажыратады.
Слайд 33

Қысқа мерзімде жекелеген (бүккіш, жазғыш) бұлшықет топтарының бірінің артынан бірі бейберекет

Қысқа мерзімде жекелеген (бүккіш, жазғыш) бұлшықет топтарының бірінің артынан бірі бейберекет

жиырылуларын клоникалық селкілдек дейді. Бүкіл денеге жайылған айқын клоникалық селкілдек конвулсия делінеді. Бұндай жағдай мый қыртысы қатты қозуынан, пирамидалық жүйе құрылымдары бүліністерінде байқалады.
Слайд 34

Тоникалық селкілдек немесе тырыспа – дененің немесе аяқ-қолдардың лажсыз жағдайда ұсталынып

Тоникалық селкілдек немесе тырыспа – дененің немесе аяқ-қолдардың лажсыз жағдайда ұсталынып

тұруына әкелетін бұлшықеттердің ұзақ жиырылып қалуы. Ол қыртыс асты құрылымдардың қатты қозуы және кейбір уыттанулар (сіреспе т.б.) кездерінде байқалады.
Слайд 35

Жүйке жүйесінің бұзылыстарында салдарлық эндогендік ықпалдар қалыптасуының маңызы Нейрон қызметтерінің өзгерістері;

Жүйке жүйесінің бұзылыстарында салдарлық эндогендік ықпалдар қалыптасуының маңызы

Нейрон қызметтерінің өзгерістері;
Нейронаралық қарым-қатынастардың

бұзылыстары;
Дерттік күшейген қозу ошағы пайда болуы;
Дерттік бастама (детерминанта) және дерттік жүйе қалыптасуы.
Слайд 36

Нейрондардың белсенділігі өздігінен артуы: Қоздырғыш нейро- медиаторлардың (глутамин, аспарагин) әсерінен қозу

Нейрондардың белсенділігі өздігінен артуы:

Қоздырғыш нейро-
медиаторлардың
(глутамин, аспарагин)
әсерінен
қозу үрдісінің
бірден күшейіп
кетуінен

Тежегіш

нейроме-
диаторлар (ГАМҚ,
глицин) аз өндіріл-
уінен немесе оларды
қабылдайтын
рецепторлардың
сезімталдығы
төмендеуінен
тежелудің
біріншілік
тапшылығынан

Нейронға келетін
афференттік сер-
піндердің бол-
мауынан оның
тежеуші әсерден
шығып кетуінен

Слайд 37

Белсенділігі көтерілген нейрондар топтасып күшейген дерттік қозу ошағын қалыптастырады Күшейген дерттік

Белсенділігі көтерілген нейрондар топтасып күшейген дерттік қозу ошағын қалыптастырады

Күшейген дерттік қозу

ошағы – деп тым қуатты серпіндер туындататын, белсенділігі өте жоғары және өзара әрекеттесе алатын нейрондар топтарының жиынтығын айтады.
Слайд 38

Дерттік бастама қалыптасуы Күшейген дерттік қозу ошағы ОЖЖ-нің басқа құрылымдарына белсен-ді

Дерттік бастама қалыптасуы

Күшейген дерттік қозу ошағы ОЖЖ-нің басқа құрылымдарына белсен-ді түрде

әсер етіп, оларды дерттік серпілістерге жұмылдырады. Ол осылай дерттік бастамаға (детерминантаға) айналады.
Слайд 39

Дерттік бастама Дерттік бастама дерттік функция-лық жүйені айқындап қалыптас-тырады және оны басқарып, мезгіл-мезгіл жүзеге асырып тұрады.

Дерттік бастама

Дерттік бастама дерттік функция-лық жүйені айқындап қалыптас-тырады және оны басқарып,

мезгіл-мезгіл жүзеге асырып тұрады.
Слайд 40

Дерттік жүйе Дерттік жүйе – деп ОЖЖ-нің бүліністерінен пайда болатын жаңадан

Дерттік жүйе

Дерттік жүйе – деп ОЖЖ-нің бүліністерінен пайда болатын жаңадан қалыптасқан

дерттік өзгерістерді дамытып тұратын функциялық құрылымды айтады.
Әрбір дертке өз бетінше дерттік жүйе қалыптасуы тән.
Слайд 41

Эпилепсия Аяқ астынан күтпеген жерден қайталанатын тырыспа-селкілдек ұстамалары пайда болуына бейімділікпен

Эпилепсия

Аяқ астынан күтпеген жерден қайталанатын тырыспа-селкілдек ұстамалары пайда болуына бейімділікпен

көрінетін психоневрологиялық сүлде дертті эпилепсия (қояншық ауруы) дейді.
Слайд 42

Тырыспа-селкілдек ұстамаларының түрлері Үлкен ұстама Кіші ұстама Айқын тырыспа- селкілдек дамуы

Тырыспа-селкілдек ұстамаларының түрлері

Үлкен ұстама

Кіші ұстама

Айқын тырыспа-
селкілдек дамуы аяқ-
қолдарының және
денесінің селкілдеуі-
мен,

көз қарашығы
кеңуімен, қан қысымы
көтерілуімен, ауызынан
көбік шұбыруымен
көрінеді.

Аяқ астынан
қысқа мерзімге
адамның
есінен тануымен
көрінеді. Оны
Petit mal немесе
Абсанс (франц.
Absence – бұл
дүниеде болмау)
дейді.

Слайд 43

Эпилепсияның түрлері Идиопатиялық Әйгіленімдік Пайда болу себебі анықталмаған, тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің

Эпилепсияның түрлері

Идиопатиялық

Әйгіленімдік

Пайда болу себебі
анықталмаған, тұқым
қуалаушылыққа
бейімділіктің маңызы
бар

Этиологиясы:

мый жарақаты;
√ мыйға қан құйылу;
√ мый қабынуы;
√ мыйда тыртық болуы
- кездерінде мыйдың
құрылымдық бүліністері
Слайд 44

Себепкер ықпалдар Нейрон мембранасында насостық қызмет бұзылуы Нейрондарға Na+ мен Са2+

Себепкер ықпалдар

Нейрон мембранасында насостық қызмет бұзылуы

Нейрондарға Na+ мен Са2+ енуі

артуы

К+ жасушалар сыртына шығуы және оның нейронаралық
ортада көбеюі, Са2+, Mg2+ азаюы

Қоздырғыш нейрондардың белсенділігі артуы, тежегіш
нейрондардың белсенділігі төмендеуі

Күшейген дерттік қозу ошағы, дерттік бастама, дерттік жүйе
қалыптасуы

Слайд 45

Эпилепсияның патогенезі Мыйда күшейген дерттік қозу ошағы қалыптасуы Қоздырғыш нейрондардың бір

Эпилепсияның патогенезі

Мыйда күшейген дерттік қозу ошағы қалыптасуы

Қоздырғыш нейрондардың бір мезгілде деполяризациясы


Нейрондардың тым артық серпіндер өндіруі

Қозу толқындарының мый қыртысында қимылдық
орталықтарға тарауы

Қаңқа бұлшықеттеріне жайылған тырыспа-селкілдек дамуы

Слайд 46

Қозу толқындарының мый құрылымдарына тарау тетіктері Нейрон мембранасының деполяризациясы кезінде жасуша

Қозу толқындарының мый құрылымдарына тарау тетіктері

Нейрон мембранасының деполяризациясы кезінде жасуша сыртына

көптеп шыққан К+ иондары көрші нейрондардың деполяриза-циясын туындатады;
Нейрон деполяризациясы жиілегенде жүйке аяқшаларына Са2+ көптеп енуінен қоздырғыш медиаторлар босап шығады. Бұл кезде тежегіш медиаторларды қабылдайтын рецепторлардың сезімталдығы төмендейді.
Слайд 47

Абсанс эпилепсияның патогенезі Бұл сұрақ әлі толық анықталмаған. Жорамал бойынша, 2-ші

Абсанс эпилепсияның патогенезі

Бұл сұрақ әлі толық анықталмаған. Жорамал бойынша, 2-ші хромосо-маның

генінде нүктелі мутация болуынан мый қыртысында ГАМҚв рецепторлары көбейіп, шапшаң кальций каналдарын әсерлендіруден таламустың нейрондарында деполяризация туындатады.
Слайд 48

Пайдасыз құмарлық та, мақтан-дағы, Ерте бойға жуытпа сақтандағы. Үйір қылып алған

Пайдасыз құмарлық та, мақтан-дағы,
Ерте бойға жуытпа сақтандағы.
Үйір қылып алған соң, құтылу

жоқ,
Бейне түлкі боласың қақпандағы.
(Шәкәрім Құдайберді-ұлы)
Слайд 49

Нейрожұқпалар ОЖЖ-не бүліндіргіш әсер ететін жұқпаларға: √ менингококктар, пневмококктар, бета-стрептококктар; √

Нейрожұқпалар

ОЖЖ-не бүліндіргіш әсер ететін жұқпаларға:
√ менингококктар, пневмококктар, бета-стрептококктар;
√ сіреспе, ботулизм

қоздырғыштары;
√ полиомиелит, тұмау, ұшық т.б. вирустар
т.б. – жатады.
Слайд 50

Жұқпалардың ОЖЖ-не түсу жолдары: Қанмен - артериялық тамырлар немесе бет-жақ көктамырлары

Жұқпалардың ОЖЖ-не түсу жолдары:

Қанмен - артериялық тамырлар немесе бет-жақ көктамырлары мен

мый тамырларының арасындағы байланыстар арқылы;
Тікелей мыйға - бас-мыйдың ашық жарақатын-да, жұлын қуысын инемен тескенде, жұлын қабықтарының туа біткен ақауларында;
Қабыну ошағынан - гайморит, фронтит, мастоидит, тіс кариесі т.б.кездерінде;
Нейрон аксондарының бойымен - (сіреспе уыты, ұшық вирусы).
Слайд 51

Нейрожұқпалардың патогенезі Нейрожұқпалар фосфолипаза, протеаза ферменттерін, эндотоксиндерін шығарып нейрондар мен микроглияны

Нейрожұқпалардың патогенезі

Нейрожұқпалар фосфолипаза, протеаза ферменттерін, эндотоксиндерін шығарып нейрондар мен микроглияны ерітіп

жіберуі;
Қабыну медиаторлары (гистамин, серотонин, простагландиндер, оттегінің бос радикалдары, т.б.) мен цитокиндер (интерлейкиндер, өспені жоятын фактор т.б.) қан тамырларының өзгерістерін туындатып, қан сұйығы мен лейкоциттерді тамыр сыртына шығаруы;
Гематоэнцефалиялық тосқауылдың бұзылыс-тарынан аутоиммундық серпілістер дамуы.
Слайд 52

Менингиттер Менингит (кекжиме) – мый мен жұлын қабықтарының қабынуы. Мыйдың қатты

Менингиттер

Менингит (кекжиме) – мый мен жұлын қабықтарының қабынуы.
Мыйдың қатты

қабығының қабынуын пахименингит, жұмсақ, жұқа қабығы қабынуын лептоменингит дейді.
Слайд 53

Менингиттің түрлері: Қабыну түріне қарай менингит: Шырышты Іріңді Геморагиялық

Менингиттің түрлері:

Қабыну түріне қарай менингит:

Шырышты

Іріңді

Геморагиялық

Слайд 54

Геморагиялық менингит

Геморагиялық менингит

Слайд 55

Іріңді менингит

Іріңді менингит

Слайд 56

Пайда болу себептеріне қарай: Бактериялық (менингококктық, пневмококктық, туберкулездік т.б.); Вирустық (жіті

Пайда болу себептеріне қарай:

Бактериялық (менингококктық, пневмококктық, туберкулездік т.б.);
Вирустық (жіті лимфоциттік хориоменингит,

Коксаки вирусы, паротит вирусы);
Майда саңырауқұлақтық (кандида);
Тұрпайы жәндіктік (токсоплазмоз, безгек қоздырғыштары).
Слайд 57

Туберкулездік менингит

Туберкулездік менингит

Слайд 58

Менингиттің патогенезі Ағзаларда ошақты қабыну Жұқпалардың қанмен, лимфамен мыйға түсуі Мый

Менингиттің патогенезі

Ағзаларда ошақты қабыну

Жұқпалардың қанмен, лимфамен мыйға түсуі

Мый қабығы қабынуы

Мый қабығында

микроциркуляция бұзылуы

Ісіну

Қан құйылу

Бассүйек ішінде
қысым көтерілуі

Мый қабығында
рецепторлар мен
жүйкелер
тітіркенуі

Слайд 59

Менингиттің көріністері Жалпы инфекциялық; Мый қабығылық; Мый-жұлын сұйығының қабынулық өзгерістерімен көрінетін – әйгіленімдер байқалады.

Менингиттің көріністері

Жалпы инфекциялық;
Мый қабығылық;
Мый-жұлын сұйығының қабынулық өзгерістерімен көрінетін – әйгіленімдер байқалады.

Слайд 60

Мый қабығылық әйгіленімдер Мый қабықтары тітіркенуден бұлшықет-тердің рефлекстік қатты ширығуы болады.

Мый қабығылық әйгіленімдер

Мый қабықтары тітіркенуден бұлшықет-тердің рефлекстік қатты ширығуы болады. Желке

бұлшықеттері артқа қарай сіресіп, иекті кеудеге тигізу мүмкін болмайды, Керниг әйгіленімі (шалқасынан жатқан науқастың аяғын көтеріп жайғанда тізе буыны жайыл-мауы) жиі байқалады.
Слайд 61

Мый-жұлын сұйығының өзгерістері: Сұйықтың қысымы көтерілуі; Сұйықта жасушалар көп болуы (плеоцитоз

Мый-жұлын сұйығының өзгерістері:

Сұйықтың қысымы көтерілуі;
Сұйықта жасушалар көп болуы (плеоцитоз делінеді);
Нейтрофилдердің көп

болуы іріңді менингитке, лимфоциттердің көп болуы шырышты менингитке, эритроциттер болуы геморагиялық менингитке тән.
Слайд 62

Қазақ деген халықтың баласымын, Алда талай алынар бар асуым. Арман жолы

Қазақ деген халықтың баласымын,
Алда талай алынар бар асуым.
Арман жолы жүрерім, бақыт

жолы,
Мүмкін емес сол жолда адасуым.
(Тұманбай Молдағалиев)
Слайд 63

Мый қанайналымының бұзылыстары Мыйға келетін қанның азаюы Мыйға келетін қанның көбеюі

Мый қанайналымының бұзылыстары

Мыйға келетін қанның
азаюы

Мыйға келетін қанның
көбеюі

√ артериялық қысым төмендеуі;

орталық веналық қысым
көтерілуі;
√ мый артерияларының тарылуы
немесе жиырылуы;
√ мый тамырларының қысылып
қалуы;
√ тамыр ішінде қан жасушалары-
ның агрегациясы

√ артериялық қысым
көтерілуі;
√ мый тамырларының
кеңейіп кетуі.

Слайд 64

Мый тамырларының бүліністері Қимылдың бұзылыстарымен (салдану, шаласалдану, пирамида сыртылық бұзылыстар, қимылдың

Мый тамырларының бүліністері

Қимылдың бұзылыстарымен (салдану, шаласалдану, пирамида сыртылық бұзылыстар, қимылдың үйлеспеуі,

еріксіз қимылдар);
Сезімталдықтың бұзылыстарымен;
Мый қыртысылық қызметтердің бұзылыстарымен (афазия, аграфия, алексия);
Қояншық ауруының ұстамаларымен;
Парасаттың, жадының өзгерістерімен;
Психиканың ауытқуларымен – көрінеді.
Слайд 65

Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері Жіті Сүлде Өткінші бұзылыстары Инсульт Геморагия лық Ишемиялық

Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері

Жіті

Сүлде

Өткінші
бұзылыстары

Инсульт

Геморагия
лық

Ишемиялық

Слайд 66

Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары Этиологиясы: √ атеросклероз; √ артериялық гипертензия; √ олардың қабаттасуы.

Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары

Этиологиясы:
√ атеросклероз;
√ артериялық гипертензия;
√ олардың қабаттасуы.

Слайд 67

Өткінші бұзылыстардың патогенезі Атеросклероз түйіндақтары ыдырауынан майда эмболиялар дамуы Майда эмболдар

Өткінші бұзылыстардың патогенезі
Атеросклероз түйіндақтары ыдырауынан
майда эмболиялар дамуы

Майда эмболдар қан тамыр-
ларына

тарап, олардың
қатты жиырылуын
туындатуы

Мыйға нүктелі
қан құйылулар

Жүйке қызметтерінің бұзылыстары

Слайд 68

Өткінші қанайналым бұзылыстарының көріністері: Бұзылыс болған тамырға байланысты ерекшеленеді. Ұйқы артериясында

Өткінші қанайналым бұзылыстарының көріністері:

Бұзылыс болған тамырға байланысты ерекшеленеді.

Ұйқы артериясында
бұзылудан

бұзылған жақтың қарсы
жағындағы дене мүшелерінде
(бір жақ бетте, ерінде, аяқ-
қолда гемипарестезия, бір
жақты шаласалдану
байқалады.

Омыртқа артериясын-
да бұзылудан

√ бас айналуы;
√ құсу;
√ қосарланып көріну
(диплопия);
√ ұшқын жарықтардың
көрінуі (фотопсия);
√ тіл күрмелуі (дизартрия);
√ жүріп-тұрудың бұзылыс-
тары т.с.с.

Слайд 69

Инсульт Мый қанайналымының жіті бұзылыстарынан пайда болған мый тінінің бүліністерін инсульт

Инсульт

Мый қанайналымының жіті бұзылыстарынан пайда болған мый тінінің бүліністерін инсульт

дейді. Ол геморагия-лық және ишемиялық болып ажыратылады.
Слайд 70

Геморагиялық инсульт-мыйға қан құйылу Этиологиясы: √ артериялық гипертензиялар; √ васкулиттер (құздама,

Геморагиялық инсульт-мыйға қан құйылу

Этиологиясы:
√ артериялық гипертензиялар;
√ васкулиттер (құздама, мерез);
√ туа біткен

ангиома;
√ тамыр аневризмасы;
√ жүйелі қызыл жегі т.с.с.
Слайд 71

Слайд 72

Геморрагиялық инсульт Аневризмалар

Геморрагиялық инсульт
 Аневризмалар

Слайд 73

Геморрагиялық инсульт

Геморрагиялық инсульт

Слайд 74

Мыйға қан құйылу патогенезі Атеросклерозбен қабаттасқан артериялық гипертензия немесе тамыр қабырғасының

Мыйға қан құйылу патогенезі

Атеросклерозбен қабаттасқан артериялық
гипертензия немесе тамыр
қабырғасының қабынуы

Тамыр

қабырғасына қан сұйығының
сіңбеленуі, трофиканың бұзылуы,
майда аневризмалар дамуы
және жыртылуы

Мыйға қан құйылуы

Слайд 75

Мыйға құйылған қан Жұмсақ қабық астына және мый қарыншаларына түсуі Гематома

Мыйға құйылған қан

Жұмсақ қабық астына және мый
қарыншаларына түсуі

Гематома пайда болуы

Мыйдың

көлемі ұлғаюы

Мый бағанасы ауызомыртқа тесігіне ығысуы

Мый бағанасы қалыпты пішінін жоғалтып, онда
қосымша ұсақ қан құйылулар болуы

Слайд 76

Мыйға қан құйылу көріністері: Аяқ астынан қатты бас ауыруы; Артериялық қысым

Мыйға қан құйылу көріністері:

Аяқ астынан қатты бас ауыруы;
Артериялық қысым қатты көтерілуі;
Сана-сезімнің

бұзылуы;
Қатты жиі тыныс алу;
Тахикардия;
Рефлекстердің жоғалуы;
Гемипарез немесе гемипаралич дамуы;
Анизокария т.б.
Слайд 77

Ишемиялық инсульт Мыйдың жекелеген бөліктеріне қан келуі бұзылыстарынан ишемия және инфаркт

Ишемиялық инсульт

Мыйдың жекелеген бөліктеріне қан келуі бұзылыстарынан ишемия және инфаркт дамуы.
Этиологиясы.

Қан тамырларының:
√ тромбозы;
√ атеросклероздық тарылуы;
√ эмболиясы;
√ спазмы;
√ сыртынан қысылып қалуы
Слайд 78

Ишемический инсульт

Ишемический инсульт

Слайд 79

Ишемиялық инсульттің патогенезі Ишемияға мый қыртысының II, IV және V қабаттарындағы

Ишемиялық инсульттің патогенезі

Ишемияға мый қыртысының II, IV және V қабаттарындағы нейрондар,

гиппокамптың пирамидалық жасушалары, мыйшықтың Пуркинье жасушалары өте сезімтал.
Слайд 80

Ишемиялық инсульттің патогенезі Себепкер ықпалдар Ишемия Гипоксия Зат алмасу өнімдерінің шығарылуы

Ишемиялық инсульттің патогенезі

Себепкер ықпалдар

Ишемия

Гипоксия

Зат алмасу өнімдерінің
шығарылуы бұзылуы

Инфаркт дамуы

Мыйда уытты


өнімдер жиналуы
Слайд 81

Ишемиялық инсульттің көріністері Жалпы мыйлық әйгіленімдерге қарағанда (белгілі тамыр бүлінуіне байланысты)

Ишемиялық инсульттің көріністері

Жалпы мыйлық әйгіленімдерге қарағанда (белгілі тамыр бүлінуіне байланысты) ошақты

әйгіленімдер басым байқалады. Мыйдың ортаңғы артериясы бітелгенде толық мый инфаркты дамиды, гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия (біржақты көрмеу) болады.
Слайд 82

Инфаркт солжақ мый жартысында болғанда сөйлеудің бұзылыстары, оңжақ жартысында болғанда дене

Инфаркт солжақ мый жартысында болғанда сөйлеудің бұзылыстары, оңжақ жартысында болғанда дене

қимылы мен сезімталдығының бұзылыстарын түйсінбеу байқалады.
Алдыңғы мый артериясы аумағында инфаркт болуы қолдың жоғарғы жақтарында және аяқтардың төменгі жақтарында тырыспалық салдану дамиды.
Слайд 83

Ишемиялық инсульт кезінде мый-жұлын сұйығында өзгерістер байқалмайды.

Ишемиялық инсульт кезінде мый-жұлын сұйығында өзгерістер байқалмайды.

Слайд 84

Мый қанайналымының сүлде бұзылыстары Дисциркуляциялық энцефалопатия дамуына әкеледі. Оның бастапқы кезінде

Мый қанайналымының сүлде бұзылыстары

Дисциркуляциялық энцефалопатия дамуына әкеледі. Оның бастапқы кезінде жүйке

жүйесінің құрылымдық бүліністері байқалмайды. Артынан дерт ауырлай түсуіне қарай дербес жүйкелік-қантамырлық құбылмалылық, мый тамырлық ушығулар пайда болып құрылымдық бүліністер күшейе түседі. Өзіне-өзі сенбеушілік, тұнжырау, фобиялар, ашушаңдық, жадының әлсіреуі, психиканың өзгерістері т.с.с.байқалады. Дерт қатты айқындалғанда біртіндеп науқастың азғындауы болады.
Слайд 85

Менингит дегеніміз? Мый қанайналымының жіті бұзылыстарынан дамитын дерттің аталуы?

Менингит дегеніміз?
Мый қанайналымының жіті бұзылыстарынан дамитын дерттің аталуы?