Әдіснама . Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері мен әдіснамасы

Содержание

Слайд 2

Әдіснама/методология – әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық

Әдіснама/методология – әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық

үдерісінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.

Әдіснама:
ғылыми әдістер туралытеориялық ілім;
әдіс жөніндегі ғылым негізін педагогикалық зерттеулер құрайтын неғұрлым жалпы қағидалар мен әдістер жүйесі;
жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;
белгілі бір немесе одан басқа теория мен зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады.

Слайд 3

Әдіснамалық зерттеу түсінігі 1970 жылдардан бастап қарастырылды педагогикалық қызметтің заңдылықтарын және

Әдіснамалық зерттеу түсінігі

1970 жылдардан бастап қарастырылды

педагогикалық қызметтің заңдылықтарын және құрастыру жүйесін

анықтау міндеті бар арнайы-ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бағыт ретінде қызмет етеді

зерттеу тақырыбын қалай құрастыру керектігін, мәселелерді шешу жолдарын, болжамды құруды, зерттеу логикасының қалай болу керектігі туралы білімдер жиынтығы

Слайд 4

Э.Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі: философиялық жалпы ғылыми нақты ғылыми технологиялық

Э.Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі:
философиялық
жалпы ғылыми
нақты ғылыми
технологиялық

Слайд 5

Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын

Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын

құрса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Екінші деңгейде, жалпы ғылыми әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді.
Үшінші деңгей, нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.
Төртінші деңгей, технологиялық әдіснама, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материялдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.
Слайд 6

Әдіснамашы-ғалым В.Е.Гмурман педагогика әдіснамасының пәнін нақтылауға ұмтыла отырып, оның пәні ретінде

Әдіснамашы-ғалым В.Е.Гмурман педагогика әдіснамасының пәнін нақтылауға ұмтыла отырып, оның пәні ретінде

педагогикалық шынайылықты тану үдерісі мен оның нәтижесі деп педагогикалық білімдердің жүйесін (жиынтығын) түсіндірді.
Слайд 7

М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті

М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті

көрсететін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемелері туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістері, қағидалары туралы білім жүйесі болып табылады».
Слайд 8

Зерттеу әдісі – күрделі таным сатыларының реті, зерттеудің таным операцияларының іске

Зерттеу әдісі – күрделі таным сатыларының реті, зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі

бір  тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Слайд 9

Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі

Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі

үш топқа бөлінеді:

Эмприкалық Әдіс

математикалық әдістер

теориялық зерттеу әдістері

Слайд 10

Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-зерттеу әдістері Теориялық әдіс –талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру,

Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-зерттеу әдістері

Теориялық әдіс –талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, жіктеу, моделдеуге құрылады.

Эмпирикалық әдіс деректер

жинау, сұрыпталған айғақтарды ғылыми жүйеге келтіру. Бұл  әдіске  бақылау,  қажетті  құжаттарды зерттеу,  әңгімелесу,  сауалнама, сұхбаттасу, т.б. енеді. Жобалық  болжамды  тиянақты айқындай түсу үшін  эксперименттер қолданылады.

Математикалық  әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің арақатынасындығы межелік  айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен деңгейіне қарай сапқа түзу, т.б. енеді.

Слайд 11

Эмпирикалық әдістер Бақылау Сұхбат Анкета зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау

Эмпирикалық әдістер

Бақылау

Сұхбат

Анкета

зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық

құбылыстың назарға алынуы.

қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі.

ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады

Слайд 12

Теориялық зерттеу әдістері Индуктив әдіс Дедуктив әдіс Дедуктив әдіс

Теориялық зерттеу әдістері

Индуктив әдіс

Дедуктив әдіс

Дедуктив әдіс

Слайд 13

Талдау (анализ; грек.analusis- ыдырату, ажырату) – затты, құбылысты, үрдісті ойлау деңгейінде

Талдау (анализ; грек.analusis- ыдырату, ажырату) – затты, құбылысты, үрдісті ойлау деңгейінде бөліктерге

бөлу. Талдау нақты практикалық іс-әрекетпен жүзеге асырылады.

Индуктивті әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін айтады.

Дедуктив– жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.