Тиімділігі жоғары адамдардың жеті дағдысы

Содержание

Слайд 2

2011 жылдың тамызында "Time" журналы «Тиімділігі жоғары адамдардың жеті дағдысы" кітабын

2011 жылдың тамызында "Time" журналы «Тиімділігі жоғары адамдардың жеті дағдысы" кітабын

2004 жылдың ең ықпалды 25 бизнес-кітаптың бірі деп атады;
алғашқы басылымнан 15 жыл өткен соң (1989), кітап 38-ден астам тілге аударылып, 15 миллионнан астам данасы сатылды.
«Тиімділігі жоғары адамдардың жеті дағдысы» 7 жылдан астам уақыт бойы бестселлерлер тізімінде бірінші орында болды;
«Басшыларға арналған журнал" оқырмандарының сауалнама нәтижелері бойынша "XX ғасырдың бизнес бойынша ең ықпалды кітап"деп аталды.
"Time" журналы доктор Ковиді жиырма бес ең ықпалды американдықтардың бірі деп атады.
Слайд 3

Стивен Кови 1932 жылғы 24 қазанда Америкада дүниеге келген. Ол кісі

Стивен Кови 1932 жылғы 24 қазанда Америкада дүниеге келген.
Ол кісі

- американдық бизнес-кеңесші, кәсіби ділмар, жазушы;
"Жыл ділмары" атағының иегері;
Дүние жүзі ісіне қосқан үлесі үшін Сикха премиясының, адамзат алдындағы үлесі үшін Томас Мор колледжі медалінің, "Жыл кәсіпкері" халықаралық премиясының иегері;
Time журналының нұсқасы бойынша ең беделді 25 американдықтардың қатарында.
Слайд 4

Жазушы 2004 жылы жеке этикаға қарсы шығып, мінез-құлық этикасын көтерген "Жоғары

Жазушы 2004 жылы жеке этикаға қарсы шығып, мінез-құлық этикасын көтерген "Жоғары

тиімді адамдардың 7 дағдысы" кітабы жарық көргеннен кейін шынайы атаққа ие болды. Кейін қоғамдағы әртүрлі мәселелерге қатысты басқа да шығармалар жарық көре бастады. Олардың көбісі бестселлер атанды. Атап айтқанда, "Басты заттарға басты назар", "Қағидаларға негізделген көшбасшылық", "Жоғары тиімді жанұялардың 7 дағдысы", "Сегізінші әдіс: тиімділіктен маңыздылыққа" және де т.б

Негізінде, Стивен отбасының құндылықтары туралы айтуға толық құқылы еді. Ол тоғыз баланың әкесі атанып, елу екі немересі болған.
Стивен Кови 2012 жылғы 16 шілдеде Айдахода көз жұмды.

Юта университетінде тәлім алып, іскерлік басқарма саласындағы ғылым бакалавры болды. Кейін оқуын Гарвард университетінде жалғастырып, Бригам Янг университетінде діни істер бойынша философия докторы болды.
Стивен Кови белсенді дін қайраткері ретінде Англия шіркеуінде екі жыл қатарынан қызмет еткен, ал 1962 жылғы шілдеден бастап ирландық діни ұйымның бірінші президенті лауазымын атқарған. Өз кезегінде дін жолында бірқатар жұмыстар жазды.

1

2

3

Слайд 5

С.КОВИ БОЙЫНША ӨЗІМІЗДІ ТАНУДА, ЖЕТІЛДІРУДЕ ЖӘНЕ ДАМЫТУДА ӘРБІРІМІЗ БЕТПЕ-БЕТ КЕЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР:

С.КОВИ БОЙЫНША ӨЗІМІЗДІ ТАНУДА, ЖЕТІЛДІРУДЕ ЖӘНЕ ДАМЫТУДА ӘРБІРІМІЗ БЕТПЕ-БЕТ КЕЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР:

Қорқыныш

және қорғансыздық
Айыптау және виктимизация
Дәрменсіздік сезімі
Өмірде тепе-теңдіктің жетіспеуі
«Ал мен не аламын?» деген ой
Түсінудегі қанағаттанбаған қажеттілік
Дамудың жоғы
Слайд 6

«ДАҒДЫНЫҢ» АНЫҚТАМАСЫ Дағды- БІЛІМ, ЕПТІЛІК пен НИЕТ ЕТУ сияқты қасиеттердің бір

«ДАҒДЫНЫҢ» АНЫҚТАМАСЫ

Дағды- БІЛІМ, ЕПТІЛІК пен НИЕТ ЕТУ сияқты қасиеттердің бір арнада

тоғысуы.
БІЛІМ-нені, не үшін жасайтыныңды анықтайтын теориялық парадигма.
ИКЕМДІЛІК қалай жасау керектігін түсіндіреді.
Ал НИЕТ-бұл мотивация; яғни жасағым келеді деп құлшыну.

Белгілі бір дағдыны меңгергісі келетін адамға осы үш компонент қажет.

Слайд 7

Білім (не, не үшін) Ниет (жасағым келеді) Икемділік (қалай) Дағды

Білім
(не, не үшін)

Ниет
(жасағым келеді)

Икемділік
(қалай)

Дағды

Слайд 8

ТИІМДІЛІКТІҢ АНЫҚТАМАСЫ Жеті дағды- тиімділік дағдылары. Олардың негізінде белгілі бір принциптер

ТИІМДІЛІКТІҢ АНЫҚТАМАСЫ

Жеті дағды- тиімділік дағдылары. Олардың негізінде белгілі бір принциптер жатқандықтан,

ықтимал ұзақмерзімді нәтижелердің ең жақсысына жеткізеді. Олар мінездің іргетасына айналады, солардың көмегімен адам кез келген түйткілді тиімді шешіп үйренеді және өз мүмкіндігінен кеңейтеді.

«Жеті дағдының» ең маңызды қыры-оны күнделікті пайдаланатын нұсқаулық қана емес, ұлы кітапқа айналдырған нәрсе- бұл оның «жетістікке жетуді» емес, мінез қалыптастыруға зейін салғаны. Тәртіп болмайынша жасампаздық жоқ және мінезсіз тәртіп те болмайды.

Слайд 9

Слайд 10

Жазушы өзінің "Тиімділігі жоғары адамдардың 7 дағдысы" кітабында көшбасшылық пен басшылыққа

Жазушы өзінің "Тиімділігі жоғары адамдардың 7 дағдысы" кітабында көшбасшылық пен басшылыққа өзіндік

көзқарасын ұсынды. Аталмыш кітапта жеке бастың тиімділігін арттыруға негізделген жан-жақты дағдылар  көрсетілген. Кови дағдыны білім, қабілет пен тілектің құрамасы ретінде анықтайды. Оның жеті дағдысы бірнеше сатыларға бөлінген: тәуелділіктен тәуелсіздікке және әрі қарай тұлға аралық тәуелділік.

Тәуелді тұлға басқаларға тәуелді кішкене бала секілді жағдайдың реттелуін немесе басқа жағдайдың туындауын күтіп отырады. Тәуелділік адамға өз өмірі үшін жауапкершілікке ие болуға мүмкіндік бермейді және істері теріс кеткен жағдайда басқа біреуді кінәлауды дұрыс қадам ретінде санайды. Тәуелсіз адам өз бойындағы сенімділік пен өз күшіне қанағаттану сезімін сезінуге мүмкіндік алады. Және өзінің өсімі үшін қажетті және пайдалы мағлұмат немесе тәжірибеге ие болады. Ал тұлға аралық тәуелділікке ие адам өзгелердің көмегінсіз қандай да бір нәтижеге қолжеткізуге болмайтынын түсінеді. Осындай адам  басқалармен байланыс орнатуға талпынады. Бұл ретте ол өзінің жеке қабілеттерін жаңартып отырады және тұлғааралық қатынастар мен топтағы жұмыстан өзіне қажетті көңіл-күйді алады.

Слайд 11

КІТАПТА БАЯНДАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЖЕТІ ДАҒДЫЛАРЫ: 1-дағды. Белсенділік. Бұл дағды -

КІТАПТА БАЯНДАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЖЕТІ ДАҒДЫЛАРЫ:

1-дағды. Белсенділік. Бұл дағды - жай

ғана белсенділік емес, өз өміріне деген жауапты көзқарас. Аса белсенді адамдар жауапкершіліктің саналы түрде шешім қабылдау екендігін мойындайды. Таңдауды жүзеге асыруда адамдар өздерінің өмірлік құндылықтарына сүйенеді, алдағы қиындықтарға мойымайды және өзі үшін жауапкершілік алады да, өз жетістіктерімен мақтанады.
Слайд 12

2-дағды. Жұмыстың нәтижесін ең басында көре білу қабілеті. Яғни, адам қолға

2-дағды. Жұмыстың нәтижесін ең басында көре білу қабілеті. Яғни, адам қолға алынып

жатқан жұмыстың толық нәтижесін алдын-ала өз санасында бейнелей алады. Құрылысшы жобадан бастайды. Композиторлар өз ойларындағы дыбыстарды мәтінге түсіреді. Мәтін авторлары жазуды бастаудың алдында болашақ кітабының жазбаша нобайын келтіріп алады.

Жұмыстың нәтижесін ең басында көру үшін мақсат мен жоспарды нақты түсіну, сондай-ақ өз қызметінде басшылыққа алатын құндылықтар мен қағидаларды білу қажет. "Майкрософт" компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс өз ойында болашақ компаниясының нобайын келтіру арқылы әлем бойынша тауар айналымы жоғары компаниялардың бірінің негізін қалады. Ойдағы нұсқаға сүйене отырып, ол арманын іске асырған ұйымды құрды.

Слайд 13

. 3-дағды. Ең негізгісінен бастау. Бұл дағды не істеу керектігіне назар

.

3-дағды. Ең негізгісінен бастау. Бұл дағды не істеу керектігіне назар аударудың орнына,

адамнан өз уақыты мен жағдайды мақсатымен тиімді үйлестіру арқылы басқаруды қажет етеді. "Маңызды істер мақсатқа қолжеткізуге жәрдемдеседі, ал жедел істер тез арада орындалуы тиіс", - дейді Стивен Кови өз кітабында.

Сонымен қатар, тәуелсіздіктен тұлғааралық тәуелділікке көшу ашық байланысты, тиімді топты құруды және басқаларға қамқор болуды қарастырады. Тиімді өзара қарым-қатынастарды құру - Стивен Кови атап өткен "әлеуметтік жеңіс".

Ең негізгісінен бастау дағдысы нәтижелерге қолжеткізуді ғана емес, қатынастарды басқару қызметін қамтамасыз етуді қарастырады. Осылайша, мәселен, егер телефон қоңырау шалса, сатушы қазір айналысып жатқан жұмысын тастайды және жаңа клиентті табу мақсатында телефон көтереді. Себебі, жаңа клиенттер -  компанияның коммерциялық табысының кепілі. 

Слайд 14

4-дағды. "Сенің жеңісің - менің жеңісім". Ұйымның табысты болуы адамдар арасындағы

4-дағды. "Сенің жеңісің - менің жеңісім". Ұйымның табысты болуы адамдар арасындағы ортақ

жеңіске ұмтылуға негізделген әріптестікте жатқандығын түсіну қажет. Адамдар аталмыш жайтты түсінген кезде, олар өзара табысқа жету жолында әрқайсысының жеңімпаз болу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін өз күштерін ұжымдық жұмысқа біріктіреді. "Сенің жеңісің - менің жеңісім" қағидасы аясында топта қабылданған шешімдер оның барлық мүшелерінің көңілінен шығады және орындалуға міндетті болып саналады.

Майталман басқарушы қызметкерлер жекеден гөрі бірлесіп тезірек табысқа жететіндігін түсінеді.

Слайд 15

5-дағды. Алдымен түсінуге тырысыңыз, содан кейін түсіністік іздеуге талпыныңыз. Көптеген адамдар

5-дағды. Алдымен түсінуге тырысыңыз, содан кейін түсіністік іздеуге талпыныңыз. Көптеген адамдар әңгімелесушіні

түсіну ниетімен тыңдамайды, керісінше, мүмкіндігінше жылдам жауап беруді қалайды. Олар қалыптасып қалған жағдайға негізделген пікірлерін айтуға тырысады. Басқа адамды түсініп, тыңдай білуді үйрену үшін адамдар сот төрешілері ретінде емес, жан дүниені түсіну қабілетін дамытуы тиіс.

Екі тарап бір-бірін түсінген кезде, олар әрдайым ортақ тіл таба алады. Сөйлесіп отырған адамға назар аударуға тырысыңыз. Оған қалайша тез жауап беруді ойламаңыз. Осындай дағдыға ие табысты басшы клиенттермен қатар, өз компаниясының жұмысшыларына бірдей ықыласпен қарайды.

Слайд 16

6-дағды. Бірігіп әрекет ету. Екі немесе одан да көп адам бірге

6-дағды. Бірігіп әрекет ету. Екі немесе одан да көп адам бірге жұмыс

істегенде, қандай да бір құбылысты түсіну үшін олар ортақ тіл табысады. Ортақ тіл табысу адамдар жаңа баламалар мен шешімдерді тапқан кезде туындайды. Ортақ тіл табысуға қолжеткізудің ең жақсы мүмкіндігі бар. Яғни,  бір құбылысқа, түрлі көзқарасқа ие және де осы ерекшеліктерден өздері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол аша білетін адамдар қолжеткізе алады. 

"Сенің жеңісің - менің жеңісім" қағидасын үйренген және басқа адамды түсіну үшін тыңдайтын адамдар ортақ тіл табысады.  Бір сөзбен айтқанда, бұл дағды алдыңғы екеуіне тіреледі. Мартин Лютер Кингтің атақты сөзінің басты идеясы - "Менің арманым бар". Бұл - ортақ тіл табысу идеясының нақ өзі. Ол адамдарды өз көзқарастарын  салыстыруға және бір-бірінен үйренуге шақырған. Қатып қалған таптаурындар адамдардың көзқарастарындағы  айырмашылықты бағалауға кедергі келтіретінін айтқан. Себебі, адамдар бір-бірін тыңдамайды, өз ойларымен әлек болады.