Слайд 8
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымы.
Тұлға құрылымын К.К.Платонов төрт құрылымшадан тұратынын белгіледі:
1)
Тұлға бағыты мен қатынасындағы құрылымша: ниет, қызығушылық, бейімділік, идеялары, көзқарас, дүниетанымы, сенімі, құштарлығы жатады.
2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.
3) Адамның психикалық процестердегі жеке ерекшелігі – яғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.
4) Құрылымшадағы биологиялық негізділік – тұлғаның типологиялық,жас ерекшеліктік, жыныстық өзгешеліктері енеді.
Платонов пікірінше, құрылым құрылымшаларының өзіндік үлес салмақтары бар. Биологиялық,психологиялық процесс,әлеуметтік тәжірибе сияқты үш құрылымша жалпы психологияға топталған,тек бағыттылық қана әлеуметтік психология үлесіне қалған.