Слайд 3
ТАБИҒАТТАҒЫ МЕТАЛДАР. ҚАЗАҚСТАНДА КЕНДЕРДЕН МЕТАЛЛ АЛУ
ЖЕР ҚЫРТЫСЫНДА МЕТАЛДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ ӘР ТҮРЛІ.
МЕТАЛДАР ТАБИҒАТТА, КӨБІНЕСЕ ҚОСЫЛЫСТАР ТҮРІНДЕ КЕЗДЕСЕДІ. БЕЛСЕНДІЛІГІ ТЫМ ТӨМЕН МЕТАЛДАР (CU, AG, AU, PT) ҒАНА COМ КҮЙІНДЕ КЕЗДЕСЕДІ. КЕРНЕУ ҚАТАРЫНДАҒЫ ЛИТИЙДЕН МАГНИЙГЕ ДЕЙІНГІ ОРНАЛАСҚАН ЕҢ БЕЛСЕНДІ МЕТАЛДАР ТАБИҒАТТА ТҰЗДАР: ХЛОРИДТЕР, СУЛЬФАТТАР, КАРБОНАТТАР, ФОСФАТТАР, ӘСІРЕСЕ СИЛИКАТТАР ТҮРІНДЕ КЕҢ ТАРАЛҒАН.
ОРТАША БЕЛСЕНДІЛІГІ БАР МЕТАЛДАР (МАГНИЙДЕН СЫНАПҚА ДЕЙІН) ЖЕР ҚЫРТЫСЫНДА, КӨБІНЕ ОКСИДТЕР МЕН СУЛЬФИДТЕР ТҮРІНДЕ КЕЗДЕСЕДІ, БІРАҚ ОЛАРДЫҢ ТҰЗ ТЕКТЕС МИНЕРАЛДАРЫ ДА БАР. ӨНЕРКӘСІПТІК ӘДІСПЕН МЕТАЛДАР АЛЫНАТЫН МИНЕРАЛДАРДЫ КЕНДЕР ДЕП АТАЙДЫ. ЕГЕР КЕННІҢ ҚҰРАМЫНДА БІРНЕШЕ МЕТАЛДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ КЕЗДЕССЕ, ОЛАРДЫ ПОЛИМЕТАЛЛ КЕНДЕРГЕ ЖАТҚЫЗАДЫ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНДА ҚОРҒАСЫНДЫ, МЫРЫШТЫ, МЫСТЫ, Т.Б. ПОЛИМЕТАЛЛ КЕНДЕР ӨТЕ КӨП. МАМАНДАРДЫҢ АЙТУЫНША, БІЗДІҢРЕСПУБЛИКАМЫЗДА ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ БАРЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ЖЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚОСЫЛЫСТАРЫ БАР. МӘСЕЛЕН, АЛТАЙ ТАУЛАРЫНЫҢҚАЗАКСТАНГА КАРАСТЫ ЖАГЫНДА 900-ГЕ ЖУЫҚ ПОЛИМЕТАЛЛ КЕН ОРЫНДАРЫ ТАБЫЛГАН. ОСЫҒАН БОЛА БҰЛ ӨЛКЕ КЕНДІ АЛТАЙ ДЕП АТАЛАДЫ. ЖЕЗҚАЗҒАНДА МЫС, ҚОРҒАСЫН, МЫРЫШ, НИКЕЛЬ, КОБАЛЬТ, АЛЮМИНИЙ, МАРГАНЕЦ, Т.Б. МЕТАЛДАРДЫҢ КЕНДЕРІ КЕЗДЕСЕДІ. ҚАРАТАУ ЖОТАЛАРЫНДА ДА ҚОРҒАСЫН, МЫРЫШ, ВАНАДИЙ, ТЕМІР КЕНДЕРІ КӨПТЕП КЕЗДЕСЕДІ. ҚАЗАКСТАНДАҒЫ КЕН ОРЫНДАРЫН ЗЕРТТЕУМЕН АКАДЕМИК Қ.И. СӘТБАЕВ БАСТАҒАН ҒАЛЫМДАР ТОБЫ АЙНАЛЫСТЫ. КЕНДЕРДЕН МЕТАЛДАРДЫ БЕЛІП АЛУМЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІ АЙНАЛЫСАДЫ (ГР. METTALLURGIO — МЕТАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ ДЕГЕН СӨЗ).