Слайд 7
Хирургиялық кабинетте қабылдауды хирург пен медбике жүргізеді. Хирург науқасты қарайды, негізгі
құжаттарды жүргізеді, ал медбике таңу мен әртүрлі манипуляцияларға қатысады. Жоспарлы операциялар белгілі күндерде жүргізіледі, ол кезде басқа науқастар қабылданбайды.
Емханаларда хирургиялық әртүрлі кіші операциялар жүргізіледі. Соның ішінде жиі кездесетіні:липома, атерома, жараны хирургиялық емдеу, панарицияны ашу, іріңді мастит, киста , өскен тырнақ, абсцесстерді ашу, шынтақтық қисаюда араласулар т.ю жасалады.
Емхананың хирургиялық бөлімінде пигментті ісіктерді, ерін лейкоплакиясы, сүт безінің қатерлі ісігін, тік ішектің папиломасы кезінде операциялар жүргізуге болмайды.
Амбулаторлық хирургияда хирургиялық операциялардан басқа, операциядан кейінгі стационардан шыққан найқаутарды ары қарай емдеу жүргізеді. Бұл науқастар учетке тұрып, бақылауда болады.