Өзектілігі
Дисменорея – бұл етеккір цикылының бұзылысы, оның негізгі клиникалық көрінісі
етеккір кезінде пайда болатын ауырсыну синдромы. Бұл синдром етеккірдің алғашқы күнінен немесе бірнеше күн бұрын басталып, аяғына дейін, тіпті біткеннен кейін де байқалады. Статистика бойынша дисменорея кездесу жиілігі 35 – 75%.Дисменорея ауырсыну синдромы, ауырсынуды басатын дәрілердің әсеріне, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу дәрежесіне байланысты жеңіл,орташа және ауыр дәрежелі болып бөлінеді.
Дисменореяның екі түрін ажыратады:
Біріншілік дисменорея;
Екіншілік дисменорея.
Біріншілік дисменорея бірінші етеккірден бастап немесе 1-2 жыл өткеннен кейін, яғни екі фазалы цикл орныққаннан кейін жиі жас әйелдерде кездеседі