Емін ауруды дамытушы этиологиялық факторға және патогенетикалық механизмдерге сүйене отырып
жүргізеді.
Жұлындық ишемиялық инсульт және жұлын қан айналысы бұзылуының жедел кезеңінде жүрек жұмысы, АҚҚ, жұлын тіндерінің метаболикалық нейрондары мен микроциркуляцияны жақсартатын препараттар(реосорбилакт,пентоксифиллин,сермион,кавинтон,дипиридамол,
цераксон,церебролизин,актовегин) және жұлын ісінуінің алдын алатын(маннитол, фуросемид, глицерин) препараттар тағайындалады.
Тромб түзілуінің алдын алу үшін гепариннің төмен мөлшері тағайындалады (5000 Б күніне 4 рет, тері астына, кіндік айналасына)7 тәулік бойы,кейін 2500Б күніне 4рет төмен молекулалы гепарин(фраксипарин,клексан) 7 тәулік тағайындалады.
Аортасы зақымдалған науқастарда хирургпен бірлесе ем тағайындалады.
Міндетті түрде төсектік режим сақталу керек.
Жұлынның компрессионды тамырлық бұзылыстарында оперативті араласулар.
Эпидуральді гематомада хирургиялық ем.
Реабилитация кезеңінде антихолинэстераза препаратты (прозерин,нивалин), миорелаксанттар (баклофен,меликтен), физикалық емдеу тәсілдері (массаж,емдік физкультура)
Емі