Компьютерлік томография (КТ) 64 бұрандалы Somatom Definition AS (Siemens) компьютерлік томографиясында – қарапайым
талдаудан бастап, күрделі ангиографиялық зерттеулерді де, соның ішінде коронарографияны да жүргізетін, қаладағы осындай бірден-бір аппарат арқылы орындалады. КТ – нысанды рентген сәулесінің жіңішке шоғы арқылы айналдыра сканерлеу жолымен алынған суретті компьютерлік қайта құрылымдауға негізделген көп қатпарлы рентгенологиялық зерттеу. Бастапқы суреттер алынған соң, олар жұмысшы станцияда өңделеді, бұл кез-келген қажетті кеңістіктегі бейнелерді алуға және неғұрлым дәл және сенімді ақпарат үшін күрделі компьютерлік қайта құрылымдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ