Эксудативті – катаральді диатезінің клиникалық көрінісі
Экссудативті диатездің, әдетте, алғашқы көріністері 3-5
айда көрінеді, 1-жылдың екінші жартысында және 2-жылдың басында жоғары деңгейіне жетеді. Жас өскен сайын аллергия көріністері өзгереді. Көп жағдайда себорейлі дерматит және қышыма салдарынан нейродерматит айналатын аллергиялы экзема дамиды. Экксудативті диатездің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып шырышты қабықтың өзгеруі табылады. Балалар жиі кеңсірік ішінің кілегейлі қабығының қабынуымен, конъюктивитпен, фарингитпен, бронхит қайталануымен, пиелитпен азаптанады. Экксудативті-катаральді диатезді балаларда жиі “географиялық тіл” (бір бөліктері ісіп, эпителй қабыршақтарының сыдырылу салдарынан) белгілері кездеседі.
Диспансеризациясы: ЭКД-ның жеңіл түрінде бөлімшелік дәрігер айына 1 ретқарайды. Орташа түрінде айына 2 рет, жарты жылда 1 рет дерматолог пен аллерголог консультациясы өткізіледі. Тұрақты түрде жылына 2 рет қан және несеп анализдеріне, үлкен дәретіне (дисбактериозға), копрограммаға бақылау жасалып отырады.