Лейкопоэзді қуатандыратың заттар. Препараттары - әсер ету механизмі, қолдану зәр айдағыштар

Содержание

Слайд 2

Жоспар: Лейкопоэзді қуатандыратың заттар. Препараттары- әсер ету механизмі, қолдану Зәр айдағыштар.

Жоспар:

Лейкопоэзді қуатандыратың заттар. Препараттары- әсер ету механизмі, қолдану
Зәр айдағыштар. Препараттары-

әсер ету механизмі, қолдану
Жатырға әсер ететін дәрілік заттар. Препараттары- әсер ету механизмі, қолдану
Бауырға және өтке әсер ететін заттарға сипаттама. Препараттары- әсер ету механизмі, қолдану
Спазмалитекалық заттардың әсер ету механизмі. Қолдану. 
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3

Лейкопоэзді қуатандыратың заттар Жануарлардың әртүрлі ауруларында лейкопения сырқаты дамуы мүмкін.Ол организмді

Лейкопоэзді қуатандыратың заттар

Жануарлардың әртүрлі ауруларында лейкопения сырқаты дамуы мүмкін.Ол организмді әлсіретеді,

зат алмасуын бұзады. Лейкопенияның себептері әртүрлі болады. Бірақ лейкопоэз патологиясының барлық жағдайында натрий нуклейнаты, пентоксил және лейкоген қолайлы әсер етеді.
Натрий нуклейнаты- Natrii nucleinas. Ашытқыны гидролиздеу және тазарту арқылы алынады. Ол ақ немесе аздау сұрғылттау ұнтақ. Суда ерігенде опалесцентті ерітінділер түзеді. Лейкопенияларда және агронуклоцитоздарда қолданылады. Ішкізілу мөлшері: итке 0,05-0,1г, мысыққа 0,02-0,05г.
Пентоксил- Pentoxylum. Ақ түсті, майда кристалды ұнтақ, суда нашар ериді.Пентоксил әртүрлі жағдайды пайда болған лейкопенияларда шипалы. Мына мөлшерде ішкізіледі: итке 0,1-0,3г, мысыққа 0,05-0,02г.
Слайд 4

Бірінші кезекте нуклейннің алмасуына әсер ету үшін организмді жеткілікті мөлшерде нуклеин

Бірінші кезекте нуклейннің алмасуына әсер ету үшін организмді жеткілікті мөлшерде

нуклеин қышқылының да дем берушілік әсері бар. Уланудан, радиациядан болған лейкопенияда стимудятор ретінде лейкоген қолданылады.
Бұл топтың препараттарын лейкопения мен алейкияның барлық түрлерінде; хирургиялық тәжірибеде жаралардың грануляциясы және жазылуы нашар болған жағдайда, күйікте, ойық жараларда, бауырдың қабынуында, тыныс алу жүйесінің ауруларында тағайындайды. Малды азықтандырғаннан кейін, күніне үш рет, 15-20 күндей қолданады. Қан элементтерін түзу ағзаларының ауруларының ауыр түрлерінде қодануға болмайды.
Слайд 5

Зәр айдайтын дәрілік заттар Бұл топтағы дәрілік заттар бүйректердің несеп бөлетін

Зәр айдайтын дәрілік заттар

Бұл топтағы дәрілік заттар бүйректердің несеп бөлетін функцияларын

жоғарылатады да тіндер мен организмнің серозды қуыстарындағы сұйықты азайтады. Диуретиктер организмде су мен тұздың алмасуын реттейді, ісіктерді болдырмайды. Организмде натрий мен судың қалыптан тыс жинақталуын тудыратын ауруларда кеңінен қолданылады.
Слайд 6

ЖІКТЕЛУЛЕРІ 1. Салуретиктер (бүйрек каналдарының эпителиінің қызметіне әсер ететін заттар): а)

ЖІКТЕЛУЛЕРІ

1. Салуретиктер (бүйрек каналдарының эпителиінің қызметіне әсер ететін заттар): а) Дистальді каналдың

бастапқы бөлігіне күрделі түрде әсер етуші заттар.
- бензотиадиазепин туындылары (тиазидтер) – гидрохлоротиазид (дихлотиазид, гипотиазид), циклопентиазид (циклометиазид).
- тиазид тәрізді диуретиктер - хлорталидон (гигротон, оксодолин), клопамид (бринальдикс).
б) Генле ілмегінің өрлеуші бөлігінің толық сегментіне күрделі түрде әсер етуші заттар. (ілмектік диуретиктер) – фуросемид (лазикс), буметанид (буфенокс) и Этакрин қышқылы (урегит).
Слайд 7

2. Калий сақтаушы диуретиктер. Дистальды каналдың соңғы бөлігіне және жинақтаушы түтікшеге

2. Калий сақтаушы диуретиктер. Дистальды каналдың соңғы бөлігіне және жинақтаушы түтікшеге

әсер етуші заттар:
а/ Альдостерон антагонисті - спиронолактон(верошпирон, альдактон).
б/ Птеридин туындысы - триамтерен (птерофон ), амилорид (мидамор).
4. Басқа диуретиктер.
а) Карбоангидраза ингибиторлары – ацетазоламид (диакарб, диамокс).
б) Ксантин туындылары – аминофиллин (эуфиллин).
в) Өсімдік қоспалы диуретиктер – хофитол, леспинефрил, пилозурил.
г) Зәр айдағыш қасиеті бар дәрілік өсімдіктер: арша жемісі, аюжидек (аю құлақ), қырықбуын танапы, итбүлдірген, қойбүлдірген, қайың бұтағы, ақжелкен, аскөк, кәктікен, бүйрек шайы.
Слайд 8

Жатырдың жиырылуын күшейтетін заттар Әртүрлі физиолгиялық жағдайда жатырдың қызметін реттеу үшін

Жатырдың жиырылуын күшейтетін заттар

Әртүрлі физиолгиялық жағдайда жатырдың қызметін реттеу үшін кейбір

гормондық препараттар ойдағыдай қолданылуда. Жатыр бұлшық етінің жиырылуын бәсеңдету үшін әдетте ингаляциялық емес есірткілер пайдаланылады. Жыныстық циклды қалпына келтіру үшін-эстрогендер мен холинергиялық препараттар қолданылады. Шудың кідіруінде, сондай-ақ жатырдағы қабыну құбылыстарында да өте тиімді.
Жатырдың жиырылуын фармакологиялық әдіспен күшейту үшін біріңғай салалы бұлшық еттің ширақтығын арттыратын адренергиялық инервацияның әсерін күшейтетін заттар пайдаланады. Жатырдың әлсіреуінде сондай-ақ ацеклидин, хинин, пахикарпин, сферофизин, тиамин, аденозин үш-фосфорлы қышқылы қолданылады. Бұл заттардың бәрі тек жатырға ғана емес, сонымен бірге барлық мүшелердің біріңғай салалы бұлшық еттеріне де әсер етеді. Сондықтан да олар оқулықтың басқа бөлімдерінде сипатталған (питуитрин, хлорлы кальций, глюкоза).
Слайд 9

Қастауыш (спорынья)-Secale cornutum. Дәнді-дақылдардан, көбінесе қарабидайдың түйініндегі саңырауқұлақтан алынатын препарат. Арнаулы

Қастауыш (спорынья)-Secale cornutum.

Дәнді-дақылдардан, көбінесе қарабидайдың түйініндегі саңырауқұлақтан алынатын препарат.
Арнаулы алкалоидтар

қыстауыштың фармакологиялық тұрғыдан белсенді бөлігі болып табылады. Оның жалпы мөлшері кемінде 0,05%. Эргометрин (эргоновин)- олардың негізгі әсер ететін бастамасы болып табылады, олар суда ерімейтін зат, бірақ спирт арқылы склероцийден оңай алынады. Құрамында 0,035%-ға жуық эргометрин болады. Әсер етуі жөнінен бұл зат жатырдың біріңғай салалы бұлшық етінің тонусын арттырады және сонымен бірге адренергиялық иннервецияның әсерін күшейтеді. Әсер етудің осындай екі түрінің ұштастырылуы жатырдың жиырылуын күрт күшейтеді, ұзақ күш түсуден немесе уытты заттардың әсерінен күшті әлсіреген жатырға да бірдей дәрежеде әсер етеді.
Алколоидтардың едәуір мөлшері суда жақсы ериді. Мөлшерін болмашы арттырғанда, олар жатырдың жиырылуын күшейтеді және қан тамырларын тарылтады. Сондай ақ вагубе орталығын қоздырады, жүрек бұлшық етінің қызметін бұзады. Қастауыш алкалоидтарының мұндай күрделі әсері жекелеген заттардың әртүрлі жағдайда түрліше әсер ететініне байланысты. Осындай қосылыстардың кейбіреулері- дигидроэрготамин мен дигидроэрготоксин қазірдің өзінде қан қысымын төмендету, қан тамырларының түйілуін бәсеңдеті үшін медициналық практикасында қолдалынуда.
Слайд 10

Эрготал-Ergotalum. Қастауыш алколоидтарының фосфадтар мен қоспасы. Ашық буырыл түсті ұнтақ, аздап

Эрготал-Ergotalum. Қастауыш алколоидтарының фосфадтар мен қоспасы. Ашық буырыл түсті ұнтақ, аздап

қышқыл қосылған суда баяу ериді. 1мг таблетка және ұнтақ түрінде шығарылады. Сақтықпен сақталады («Бң тізімі) бойынша. Қастауыш сияқты әсер етеді, бірақ неғұрлым тезірек және қысқа мерзімде әсер етеді. Ішкізілу мөлшері: сиырға 0,01-0,03г, шошқаға 0,002-0,0005г, итке 0,0006-0,001г.
Эргометринді малеат–Ergometrini maleas.Малеат-лизергинді қышқылдың пропаноламиді. Иіссіз ақ немесе сарғыш түсті майда ұнтақ, суда (1:36) және спиртте (1:100) ериді. Ол жатыр бұлшық етінің тонусын өте тұрақты түрде арттырады және оның жиырылуын күшейтеді. Препарат жатыр денелері мен мүйізшелерінің жиырлуын бірдей дәрежеде жандардырады. Бастапқы әсері соғұрлым күштірек болады.
Эргометрин жатыр бұлшық етінің күшті жиырылуы нәтижесінде қан тамырларының өзегін баяу жиырады және жатырдан кетуді тез тоқтатады. Эрготамин тартраты E.tartas. Эргомотринге ұқсас әсер етеді. Қастауышты қолданғандағыдай ауруларда қолданады.
Слайд 11

Сферофизин-бензонаты – SphaerophusiniS.benzoas. Ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді, жатыр

Сферофизин-бензонаты – SphaerophusiniS.benzoas.

Ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді, жатыр

бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді, төлдеу кезінде толғақты жандандырады, жатырдан қан кетуді тоқтатуға септігін тигізеді, шудың түсуін жеделдетеді. Тері астына енгізу мөлшері: жылқыға 0,04-0,2г , итке 0,005-0,01г. Сонымен бірге сферофизин ішкі мүшелердің қан тамырларын кеңейтеді және қан қысымын төмендетеді. Оны әртүрлі гипертонияларда пайдаланады.
Жатырдың жиырылуын күшейту және жұмысын жақсарту мақсатында метилэргометрин, гифотоцин, эстрофан, простенон, ваготил, мастицид, эстриол, хангегиф, ферродекс секілді жаңа дәрілік заттарды да қолдануға болады.
Слайд 12

Бауырға және өтке әсер ететін заттарға сипаттама. ДӘРІЛІК ШӨПТЕРДІҢ БАУЫРҒА ШИПАСЫ

Бауырға және өтке әсер ететін заттарға сипаттама.

ДӘРІЛІК ШӨПТЕРДІҢ БАУЫРҒА ШИПАСЫ Бөрікгүл жапырақтарының

экстракты. Бөрікгүл өт түзуді жандандырады, бауырдан токсиндерді шығарады, алкогольдің бауырға уытты әсерін азайтады, қандағы несепнәр мен холестериннің деңгейін төмендетеді, атеросклероздың дамуының алдын алады. Бөрікгүлдің экстракты – қуатты гепатопротектор, яғни оның құрамында бар белсенді заттектер бауырдың клеткаларын токсиндердің әсерінен қорғайды, ағзадан қалдықтарды, ауыр металдардың тұздары мен басқа да зиянды заттектерді шығаруға жәрдемдеседі. Осылайша бауырға әсер ете отырып, экстракт ағзаның тіндерінен оның тіршілік өнімдерін шығаруды жандандырады, зәр айдағыш әсер етеді. Шұбар алатікен экстракты.Ол бауырдың қызметін жақсартуға арналған құнды құрал болып табылады. Алатікеннің негізгі әсер етуші заттектері флавонолигнандар (силибин) болып табылады. Олар бауырдың тіндерін зиянды әсерлерден қорғайды және оларды қалпына келтіруге жәрдемдеседі, өт түзуді және шығаруды күшейтеді, асқазанішек трактының секреторлық және қимылдың міндеттерін қалыптастырады. Алатікеннің экстракты бауырдың (гепатит, цирроз, уыттық зақымдар), көкбауырдың ауруларын емдеу кезінде, өт қуығының тастары кезінде қосалқы құрал ретінде тиімді. Алатікен бауырға екі тәсілмен ықпал етеді: біріншіден, ол клеткалық жарғақтарды нығайтады, екіншіден, белок синтезін жандандырып, жаңа тіндердің түзілуіне көмектеседі. Нәтижесінде өт өндіру ұлғаяды.
Слайд 13

Бауырдың қызметін күшейтетін заттар Бауырдың қызметі өте күрделі: ол ас қорытуға,

Бауырдың қызметін күшейтетін заттар

Бауырдың қызметі өте күрделі: ол ас қорытуға, зат

алмасуға, гемопоэзге, экзогендік және эндогендік сипаттағы улар мен токсиндерді бейтараптандыруға қатысатын мүше болып табылады. Бауыр қызметінің бұзылуы ағзаның жалпы күйіне қолайсыз әсер етеді.
Өз кезегінде басқа мүшелердің де қызметінің бұзылуы бауырдың қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне кері ықпалын тигізеді.
Бауыр қызметінің бұзылуы толық зерттелмегендіктен, оның ауруларына қарсы қолданылатын дәрілік заттарда онша көп емес. Бауырдың қызметі нашарлғанда, өттің пайда болуын жақсартатын заттарды үш топқа бөлуге болады:
Өттің пайда болуын жылдамдатып, оның ферментативті белсенділігін күшейтетіндер (эфир майлары, атофан, никотин қышқылы, хлорагидрат), өттің сұйықтануын арттыратындар (тұз қышқылы, сабур, гексаметилентетрамин) және өттің микробтарға қарсы әсерін күшейтетіндер (йод, каломель, салицилаттар, сульфаниламидтер, антибиотиктер); өттің пайда болуын арттыратын заттарға мыналарда жатады: дехолин, дегидрохол қышқылы, дехолин, гепалон, аллахол, холензим, холосас, жүгерінің және мақсарының (софлор) шашақтары;
Өт жолдарының, өт қабының жұмысын жақсартып өттің ішектерге түсуін жақсартатындар (пентон, магний сульфаты, атропин, папаверин, тұз қышқылы);
Қабынуға қарсы әсердің салдарынан өттің пайда болуын арттыратындар (холин, К витаминді, цианкобаламин, никотин қышқылы, викасол, кальций қосылыстары).
Слайд 14

Дегидрохол қышқылы-Acidum dechirdocholicum. Ақ түсті иісіз, ащы дәмі бар кристалды ұнтақ.

Дегидрохол қышқылы-Acidum dechirdocholicum. Ақ түсті иісіз, ащы дәмі бар кристалды ұнтақ.

Суда ерімейді, спиртте оңай ериді. Таблетка түрінде 0,25 граммнан шығарылады. Ішке және вена тамыры арқылы холангиттерде, бауыр жұмысының нашарлауы салдарынан жүрек жұмысының бұзылуынан болған ісінулерде, вена қан тамырларының іркілістері мен өкпенің домбығуларында қолданылады.
Холензим-Cholenzymum.Ірі қара малдың өті, ұйқы безі және ішектерінің ферменттерінен жасалған препарат. Домалақ дәрілер (драже) түрінде шығарылады. Медицинада гепатит, холецистит, гастрит және энтериттер кезінде қолданылады.
Слайд 15

Аллахол-Allocholum.Құрғатылған өттің (0.08), белсендірілген көмірдің (0.025), сарымсақ экстрактісінің (0.04) және қалақайдың

Аллахол-Allocholum.Құрғатылған өттің (0.08), белсендірілген көмірдің (0.025), сарымсақ экстрактісінің (0.04) және қалақайдың

құрғақ экстрактісінің қоспасы. Таблетка түрінде 0,3 граммнан шығарылады. Аллахол ас қорыту жүйесінің секреторлық және моторлық қызметін жақсартып, ондағы ашу және шіру құбылыстарын бәсеңдетеді. Бауыр мен өт жолдарының жітті және созылмалы ауруларында, тимпания, атония және ацидотимпаниялық жағдайларда қолданылады. Ішке бергендегі мөлшері: бұзауларға 0,9-1,2г, иттерге 0,6-0,9г.
Холосас-Cholosasum. Итмұрын жемісінің экстрактісі. Қарақошқыл түсті қоймалжың сұйықтық. Емдіе мақсаттармен бауырдың ауруларында қолданылады.
Жүгері шашақтары-Stiqmata Maydis.Жүгерінің шашақтары оның дәндері сүттеп жетілген кезінде, қатып пісіп кеткенге дейн жиналады. Өт айдағыш және несеп айдағыш зат ретінде қайнатпа және сұйық экстрактілер түрінде қолданылады.
Слайд 16

Шай шөптің гүлдері-Flores Helichrysi.Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Шай шөптің гүлдері-Flores Helichrysi.Күрделі

гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Құрамында гликозидтер, эфир майлары, органикалық қышқылдар, С витамині және басқада заттар бар. Гепатитте, холециститте, бүйрек, ішек және қарынның қабынуларында қолданылады. Қайнатпа дәрі түрінде қолданылады. Ішке бергендегі мөлшері: ірі қара малға 15,0-40,0г, шошқаға 3,0-6,0г, итке 0,5-1,0г.
Өт айдағыш, өт түзгіш және бауыр жұмысын жақсартатын препараттар ретінде холагогум, холагол, кливафлавин, танацехол, хенолиол, Лив-52, лиобил және т.б. қолданылады.
Слайд 17

Спазмолитикалық заттар Спазмолитикалық заттар біріңғай салалы бұлшық еттерді, әсіресе қан тамырларының,

Спазмолитикалық заттар

Спазмолитикалық заттар біріңғай салалы бұлшық еттерді, әсіресе қан тамырларының, ішектердің

және жатырдың бұлшық еттерін босаңсытады. Жоғарыда айтылып өткендей қан тамырлары бромидтердің, нейролептикалық заттардың, ганглиоблокираторлардың, сонымен бірге адренолитикалық заттардың әсерінен босаңсып, кеңейеді. Бұл препараттардан басқа осылар тәрізді, белгілі бір жағдайларда кофеин, камфора, ацетилхонин және басқада препараттар әсер етеді. Асқорыту жүйесінің бұлшық еттерін морфин, атропин, адреналин және басқада препараттармен босаңсытуға болады.
Нитриттер мен олардың эфирлері қанға түскеннен кейін гемоглабинмен әрекеттесіп, оны метгемоглабинге айналдырады. Метгемоглабиннің болмашы мөлшерде түзілуі (20%-ға дейн) қанның физиолгоиялық қызметіне елеулі әсерін тигізбейді,бірақ оның одан әрі жоғарлауы қанға кері әсері бар.
Слайд 18

Амилинитрин-Amulli nitris. Ақ-сары түсті, оңай қозғалатын, сүйықтық, жеміс иісті, майлы дәмді.

Амилинитрин-Amulli nitris. Ақ-сары түсті, оңай қозғалатын, сүйықтық, жеміс иісті, майлы дәмді.

Қан тамырларының түйілуіне, қояншық тәрізді сіреспеде, цианидпен уланғанжа ингаляциялау әдісімен қолданылады. 2-7 минут бойына әсер етеді, ішкізілмейді.
Натрий нитриті (азот қышқылы натрий)-Natrii nitris. Ақ немесе сарғыш түсті кристалды ұнтақ, суда оңай ериді (1:1,5). Амилинитрит сияқты әсер етеді, бірақ әсер етудің етудің алғашқы белгілері ішкізілгенде 10-15 минуттан кейн ғана пайда болады. Амилинитриттен гөрі баяуырақ, бірақ едәуір ұзағырақ (1-2 сағат) әсер етеді.
Қолданылуы амилинитриттікі сияқты. Ішкізілу мөлшері: жылқыға 1,0-1,5г; итке 0,05-0,2г. Сақтықпен сақтайды. («Б» тізімі бойынша).
Ангиотрофин-Angiotrophinum.Ұйқы безінің ұлпасынан алынған судағы сығынды, инсулиннен ажыратылған. Түссіз, мөлдір сұйық. Қан тамырларын кеңейтеді, соның нәтижесінде қан қысымын төмендетеді. Қан тамырларының түйілуінде және эндоартеритте қолданылады. Тері астына және бұлшық етке енгізіледі. Қолдану мөлшері жылқы мен сиырға 5-10мл.
Слайд 19

Сальсолин гидрохлориді-Salsolini hydrochloridum.Cора тұқымдасына жататын альколоид, иіссіз дәмі ащы кейде әлсіз

Сальсолин гидрохлориді-Salsolini hydrochloridum.Cора тұқымдасына жататын альколоид, иіссіз дәмі ащы кейде әлсіз

сары ренді кристалды ұнтақ. Судын 14 бөлігінде ериді. Ыстыққа төзімді. «Б» тізімі бойынша сақталады.
Препарат қан тамырларын кеңейтіп, қысымды төмендетеді. Стрихинмен және строфантинмен уланғанда қолданылады. Тері астына мөлшері: шошқаға 0,04-0,09г; итке 0,01-0,063г.
Спазмолитин (дифацил)-Spasmolutinum. Суда жақсы еритін ақ түсті кристалды ұнтақ. «Б» тізімінде сақталады. Қарын қатпаршасының түйілуінде (пилорспазм), ішек түйілуінде (энтероспазм), әртүрлі шаншуларда өте белсенді спазмолитикалық дәрі. Сонымен бірге ол жүйке ганглилерін тежейді, атропин тәрізді және жергілікті анестезиалаушы әсер етеді, Мөлшері: жылқыға 1,0-4,0г; итке 0,2-0,3г.
Қан тамырларын кеңейтетін дәрі жоғарыда аталған препараттардан басқа папаверин, дибазол, хлорацизин, персантин, нитранол жцне басқа препараттар қолданылады.