Өлім және оның белгілері. Танатогенез. Өлімнен кейінгі өзгерістер

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАР: 1.Кіріспе. 2.Негізгі бөлім. Өлім туралы түсінік. Өлім белгілері және өлімнен

ЖОСПАР:

 
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
Өлім туралы түсінік. Өлім белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер.


Танатогенез.
Өлімнің түрлерінің даму сатылары.
Өлім үрдістері.
Үрдістердің ерекшеліктері және белгілері.
3.Қорытынды.
Адам өмірінің ұзақтығы, өлім тудыратын патологиялық аурулардың себептері.
Слайд 3

Өлім организдегі тіршіліктің толық тоқтауы Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен

Өлім организдегі тіршіліктің толық тоқтауы
Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі

өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды.
Слайд 4

Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қарау керек. Бірак, әр түрлі

Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қарау керек. Бірак, әр

түрлі зерттеулер арқылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейін де біраз уақытқа дейін сақтай алатындығы анықталған. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіндерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Қазіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға кешіріп отырғызу практикада кең колданыс алған.
Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, тоқтауымен , тозуымен байланысты.

Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, тоқтауымен

, тозуымен байланысты.
Слайд 9

Слайд 10

Өлу кезеңдері: Жанталас алды (преагония); Ақтық үзіліс; Жанталас (агония); Клиникалық өлім; Биологиялық өлім.

Өлу кезеңдері:
Жанталас алды (преагония);
Ақтық үзіліс;
Жанталас (агония);
Клиникалық өлім;
Биологиялық өлім.

Слайд 11

ЖАНТАЛАС АЛДЫ (ПРЕАГОНИЯ) кезінде жүрек соғуы мен тыныс алу жиі-леп әлсірейді,

ЖАНТАЛАС АЛДЫ (ПРЕАГОНИЯ)

кезінде жүрек соғуы мен тыныс алу жиі-леп

әлсірейді, артынан сирейді, артериялық қысым қатты төмендейді, сана-сезім, рефлекстер үдемелі түрде азаяды,үзілісті тыныс дамиды.
Слайд 12

АҚТЫҚ ҮЗІЛІС - Кезінде тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, Рефлекстер жоғалады, көз қарашығы кеңейеді.

АҚТЫҚ ҮЗІЛІС

- Кезінде тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды,
Рефлекстер

жоғалады, көз қарашығы кеңейеді.
Слайд 13

ЖАНТАЛАС КЕЗЕҢІНДЕ: бірнеше тыныстық қозғалыстар (гаспинг тынысы - ақтық дем) пайда

ЖАНТАЛАС КЕЗЕҢІНДЕ:


бірнеше тыныстық қозғалыстар (гаспинг тынысы - ақтық дем)

пайда болады;
Жүрек соғуы біршама оңалады;
АҚ сәл (20-50 мм с.б. дейін) көтеріледі;
Артынан жүрек соғуы сирейді, АҚ күрт төмендейді;
Тырыспа-селкілдек дамиды.
Слайд 14

КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ кезінде: Тыныс алу, жүрек соғуы болмайды; Анаэробтық гликолиз сақталған;

КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ кезінде:
Тыныс алу, жүрек соғуы болмайды;
Анаэробтық гликолиз сақталған;
Ми қыртысының бүлінісі

әлі қайтымды;
Кенеттен өлген адамды тірілтіп алуға болады.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛІМНІҢ АЙҒАҚТЫ
БЕЛГІЛЕРІ:
ДЕНЕНІҢ МҰЗДАУЫ;
ДЕНЕНІҢ СІРЕСІП ҚАЛУЫ;
ӨЛІКТІК ДАҚТАР пайда болуы.

Слайд 15

Өлімнің әрбір сатысының ұзақтығы әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше

Өлімнің әрбір сатысының ұзақтығы әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше

сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организмді мәйіт деп атауға болады.
Слайд 16

РЕАНИМАЦИЯ – ОРГАНИЗМДІ ТІРІЛТУ РЕАНИМАЦИЯНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ: Жүрек жұмысын қалпына келтіру Жүрекке

РЕАНИМАЦИЯ – ОРГАНИЗМДІ ТІРІЛТУ

РЕАНИМАЦИЯНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ:
Жүрек жұмысын қалпына келтіру
Жүрекке

тікелей немесе кеуде сыртынан ысқымақ (массаж) жасау;
Дефибрилляция- жүрек етінің жыпылығын жою
Слайд 17

Слайд 18

Слайд 19

Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене

Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене

жылуы бірте-бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1 С төменірек дәрежеге дейін түседі. Орташа есеппен мәйіт температурасы сағатына 1С төмендейтіні анықталған. Бірақ кейбір ауруларда (сіріспе,сепсис, бөртпелі сүзек) мәйіт температурасы бірнеше сағатқа дейін бұрынғыдан да жоғары болуы мүмкін.
Слайд 20

Мәйіттің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің

Мәйіттің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің

негізінде биохимиялық үрдістер жатады. Тірі организмдегі бұлшықеттердің белгілі бір тонуста тұруы аденозинүшфосфат қышқылының бұлшықеттермен байланысты болуымен түсіндіріледі.
Слайд 21

Өлгеннен соң АҮФ-тың бір бөлігі бұлшықеттерден бөлініп шығып, оладың 2-4 сағат

Өлгеннен соң АҮФ-тың бір бөлігі бұлшықеттерден бөлініп шығып, оладың 2-4 сағат

бойында босап қалуына себеп болады. АҮФ-тың бірте-бірте жойылуына байланысты және сол жерде сүт қышқылының, кальциидің жиналып қалуы себепті бұлшықеттер қайтадан тартылып, сіресіп қалады.
Слайд 22

Мәйіттің кебуі- өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі.

Мәйіттің кебуі- өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі.

Бұл үрдіс өлгеннен соң бірнеше сағаттан соң басталып, терінің шырышты қабықтардың кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш-сұр түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып,бүрісіп, қоңыр-қызыл түс алады.
Слайд 23

Мәйіттің дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мәйіттің

Мәйіттің дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мәйіттің

төменгі бөліктерінде көкала-қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтандақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайта кіреді. Бұл белгі мәйіт дақтарын тірі кезіндегі қанталаулардан ажыратуға жәрдем береді.
Слайд 24

Слайд 25

Мәйіттің өз салмағы түсіп тұрған жерлерде мәйіт дақтары болмайды. Жалпы мәйіт

Мәйіттің өз салмағы түсіп
тұрған жерлерде
мәйіт дақтары болмайды.
Жалпы мәйіт

дақтарының
орны аурудың өлер кезде қалай
жатқандығына байланысты.
Бірінші тәуліктің екінші
жартысында қандағы
эритроциттер гемолизге ұшырап,
плазма қан тамырларынан
шыға бастайды. Осы
плазманың айналадағы
тіндерге сіңу үрдісін
имбибиция деп атайды.
Слайд 26

Слайд 27

ҚАННЫҢ ҚАЙТА БӨЛІНУІ Өлгеннен соң артерия қан тамырларының қысқаруы нәтижесінде қан

ҚАННЫҢ ҚАЙТА БӨЛІНУІ

Өлгеннен соң артерия қан тамырларының қысқаруы нәтижесінде қан көк

тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі көк тамырларындағы қан ұйып қалады. Егер жанталас дәуірі ұзаққа созылған болса, қан ұйындылары ақшыл-сары түске кіріп, оның құрамы негізінен фибрин жіпшелерінен тұрады, ал ауру тез қайтыс болғанда ұйынды құрамында барлық қан элементтері болғаны үшін оның түсі қызыл болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, ауру тұншығып өлгенде (асфиксия) қан тіпті ұйымай сұйық күйде қалады. Осы ұйындылардың түсі өлу механизмін (танатогенезді) анықтаушы морфологиялық белгілердің бірі болып есептеледі.
Слайд 28

Слайд 29

Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медицинасы зерттейді. Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патологоанатомдар тексереді.

Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медицинасы зерттейді.
Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін

негізінен патологоанатомдар тексереді.
Слайд 30

Аутолиз Шіру Өлімнің кейбір белгілеріне мынадай үрдістер кіреді:

Аутолиз

Шіру

Өлімнің кейбір белгілеріне
мынадай үрдістер кіреді:

Слайд 31

Аутолиз үрдісі гидролиздеуші ферметтер белсенділігінің күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер

Аутолиз үрдісі гидролиздеуші ферметтер белсенділігінің күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер

көп болған ағзалардан басталады. Ұйқы безінде, бүйрекүсті безінде бауырда аутолиз үрдісі басқа ағзаларға қарағанда күштірек көрінеді. Асқазан-ішек жолында өзін-өзі қорыту құрамында пепсин,трипсин және басқа ферменттер бар асқазан-ішек сөлінің әсерінде өтеді.
Слайд 32

Мәйіттің шіруі осы аутолиз үрдістерінің күшеюімен және оған шіріту бактерияларының әсерінің

Мәйіттің шіруі осы аутолиз үрдістерінің
күшеюімен және оған шіріту
бактерияларының әсерінің


қосылуымен түсіндіріледі.
Шіру үрдісінің жылдамдығы қоршаған
ортаның температурасына
байланысты.
Өлгеннен соң шіріту бактериялар
тез көбейіп, өздерінен гидролиздеуші
ферменттер бөліп шығарады,
нәтижеде органикалық заттардың
бәрі ыдырай бастайды.
Слайд 33

Тінде жағымсыз иіс пайда болып, олар сарғыш-жасыл түске кіреді.Бұл өзгерістер тінде

Тінде
жағымсыз иіс пайда болып,
олар сарғыш-жасыл түске кіреді.Бұл өзгерістер


тінде күкірт сутегі және басқа газдардың
пайда болуына байланысты. Күкіртті
сутек гемолизге ұшыраған эритроциттермен
қосылып темір сульфатын түзелі.
Газ түзуші бактериялар өте көбейіп кеткенде
газ бүкіл денеге тарап, мәйіт эмфиземасы пайда болады.
Слайд 34

Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге

Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген

себептерге байланысты бұл жасқа жекелеген адамдар ғана жетіп отыр.
Слайд 35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Ж.Ахметов «Паталогиялық анатомия-1»А.Білім,2008ж. Ә.Нұрмұхамбетұлы «Патофизиология»А.,2007ж. У.Сайпіл,К.Өмірзақова «Заттар алмасуы»А.,Ғылым.2004ж. www.google.kzwww.google.kz , www.rambler.ru, www.google.ru

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Ж.Ахметов «Паталогиялық анатомия-1»А.Білім,2008ж.
Ә.Нұрмұхамбетұлы «Патофизиология»А.,2007ж.
У.Сайпіл,К.Өмірзақова «Заттар алмасуы»А.,Ғылым.2004ж.
www.google.kzwww.google.kz , www.rambler.ru, www.google.ru