Адам өмірінің ұзақтығына байланысты ұлпада функционалдық және морфологиялық өзгерістер байқалады.
Жас ұлғайған
сайын тіс қуысы, көбінесе оның түбір бөлігі тарыла береді, ұлпа клеткаларының, оның ішінде одонтобластардың синтетикалық және энергетикалық функционалдық белсенділігі төмендейді. Клеткалар саны азайып, талшықты құрылымдардың саны көбейеді, фиброздану, торлы атрофиялану және петрификаттану байқалады. Жалпы соматикалық аурулар, пародонт қабынулары және тісжегі кезінде ұлпадағы өзгерістер ерекшелінбейді және төмендегі өзгерістермен сипатталады. Олар – одонтобластар қатарының вакуольдену, ретикулярлы дистрофиялану және петрификаттану.
Ұлпадаға жас ұлғайғанда және әртүрлі патологиялық жағдайдағы өзгерістер