Туа пайда болған алтысаусақтылық (полидактилия), жарғақсаусақтылық (синдактилия), еріннің жырық болуы, жүректің
жақтаулы қақпақшаларының жетілмеуі, тамырдың (Боталов) бітпеуі және т.б. кемтарлық жағдайларында хирургиялық көмек көрсетеді.
Тұқым қуалайтын жіне туа пайда болатын ауруларды болдырмау үшін қоршаған ортаны ластаудан сақтау, екі қабат әйклдерді вирус тудыратын аурулардан қорғау және емге кейбір улы дәрілерді қолдануға рұқсат етпеу кеңінен қолданылады.Біздің республикада Семей полигонын жабу кеңінен өолға алынуда.Полигонның көптеген жылдар бойы жұмыс істеуінің экономикалық және әлеуметтік зардабын жою үшін бірқатар ұсыныстар қабылданды.Семейдің ауруханалары мен емханаларын зерттеуге керекті осы заманғы жабдықтар, приборлар жіне дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, жаңа типтегі ауруханалар салу т.б.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жқндеу үшін планетада ядролық сынауды тоқтатып, ауаны жіне суды ластайтын өнеркәсіп қалдықтарынан тазарту керек.