Содержание
- 2. Құрамына, негізгі қасиеттеріне, қолдану жағдайына байланысты барлық пломбылық материалдарды төмендегі топтарға бөлінеді: уақытша пломбылауға арналған; тұрақты
- 3. Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы). . Қазіргі кезде уақытша пломбылар үшін қолданылып жүрген материалдарға шартты талаптар
- 4. Пломбылық төсемдер. Пломбылық төсемдер аралық және емдік болып екіге бөлінеді. Аралық төсемдер немесе оқшауландырушы төсемдер. Аралық
- 5. Цинк –фосфатты цемент. Соңғы уақытқа дейін барлық шартты талаптарға жауап бере алмаса да аралық төсем ретінде
- 6. Емдік төсемдер Емдік төсемдер үшін қолданылатын материлдарға арнаулы талаптар қойылады: -қабынуға, микробтарға қарсы және одонтотроптық әсері
- 7. Calcimol (Кальцимол) – рентген айқындылығы жоғары емдік қойыртпақ. Құрамы кальций сутотығы 26% құрайды, қойыртпақ-қойыртпақ (негізгі және
- 9. Тұрақты пломбылық материалдар . Тісжегі қуыстарына ұзақ уақытқа қойылатын (бұзылғанға немесе түскенге дейін) пломбылық материалдыр тұрақты
- 10. Шыныиономерлі цементтер (иономерлі цементтер). Шыныиономерлі цементтер (ШИЦ) алғаш өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қолданыла бастады (3-cурет). Қазіргі
- 12. Композиттік материалдардың жүйесі, негізгі қасиеттері. Қазіргі кезде қолданылып жүрген композиттік пломбылық материалдар (реставрациялаушы материалдар) бірнеше көрсеткіштерге
- 14. Тісжегі (кариес зубов – caries dentis) – тістерді шыққаннан кейін жарақаттайтын, қатты тіндерінің минаралды заттарының еруі,
- 15. Тістің қатты тіндерінде тісжегі үрдісінің тереңдеуіне байланысты оның төрт сатысын ажыратады: бастапқы тісжегі (начальный кариес –
- 16. Тісжегінің жергілікті емдеу шараларын дұрыс жүргізу үшін тісжегі қуыстарының Блэк (1884) ұсынған жүйесін де жақсы білу
- 17. Дақты тісжегі (кариозное пятно- macula сariosa). Тісжегінің дақты кезеңінде немесе бастапқы тісжегі (начальный кариес-caries-incipiens) кезінде ешқандай
- 18. Жоғары тісжегі немесе кіреуке тісжегісі. Жоғары тісжегі ақ немесе пигменттелген дақтар аймағында кіреукедегі құрылымдық өзгерістер нәтижесінде
- 19. Орта тісжегі. Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды дентин қабатында дамиды. Орта
- 20. Терең тісжегі. Орта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу бетінде орналасуынан көп жағдайда
- 22. Скачать презентацию
Құрамына, негізгі қасиеттеріне, қолдану жағдайына байланысты барлық пломбылық материалдарды төмендегі топтарға
Құрамына, негізгі қасиеттеріне, қолдану жағдайына байланысты барлық пломбылық материалдарды төмендегі топтарға
уақытша пломбылауға арналған;
тұрақты пломбылауға арналған;
аралық төсемге арналған;
түбір өзектерін бітеуге немесе пломбылуға арналған.
Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы).
.
Қазіргі кезде уақытша пломбылар үшін қолданылып жүрген
Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы).
.
Қазіргі кезде уақытша пломбылар үшін қолданылып жүрген
араластыруы оңай және тісжегі қуысына енгізуі жеңіл болу;
тісжегі қуысында тұрғанда герметизмді (жабуды) толық қамтамасыз ету;
тістің тіндеріне және организмге зиянды әсер тигізбеу;
тісжегі қуысынан оңай алыну.
Уақытша пломбылар тісжегі қуысында, өзек ауыздарында немесе өзектерде қалдырылған емдік дәрілерді ауыз іші факторларының ықпалдарынан сақтау үшін аз уақытқа (1-3 тәуліктен 2-3 аптаға дейін) немесе ұзақ уақытқа (үш-алты айға дейін) қойылады.
Дентин қойыртпағы (дентин-паста) дайын күйінде шығарылады Ауыз іші температурасында 2-3 сағаттан кейін қатаяды. Дентин қойыртпағын тісжегі қуысында сұйық дәрілер қалдырылғанда және аралық төсем ретінде қолдануға болмайды. Уақытша пломбылық материал ретінде эвгенолға араластырылған мырш тотығын (цинк-эвгенолды цемент) пайдалануға болады. Қатайғаннан кейін бұл пломбы механикалық әсерлерге біраз төзімді болады және көбіне сүт тістерін пломбылау үшін қолданады.
Соңғы жылдары шетелдік фирмалар уақытша пломбылық материалдардың механикалық әсерлерге төзімді және тісжегі қуысында герметизм сақтайтын түрлерін шығара бастады және олардың ішінде сәуле әсерінен қатаятындары да бар.
Пломбылық төсемдер.
Пломбылық төсемдер аралық және емдік болып екіге бөлінеді.
Аралық төсемдер немесе
Пломбылық төсемдер.
Пломбылық төсемдер аралық және емдік болып екіге бөлінеді.
Аралық төсемдер немесе
Аралық төсемдер (изолирующие прокладки) әртүрлі жағдайларда тиімді қызмет атқарады:
Ұлпаны зиянды заттардан және зиянды әсерлерден қорғайды;
Пломбылық материалдарды тіс лимфасының (дентин сұйықтығының) әсерінен қорғайды;
Пломбының жақсы жабысуын қамтамасыз етеді.
Аралық төсемдерге де қойылатын шартты талаптар бар. Олар төмендегідей:
ұлпаны тітіркендірмеу (уытты болмау);
қатайғаннан кейін механикалық төзімділікке ие болу;
қышқылдар мен мономерлерді өткізбеу (тұрақты пломбылық материалдар қатаю кезінде бөлінетін);
жылу өткізгіштігі төмен болу;
дұрыс егеп-тазаланған қуыстың пішінін өзгертпеу;
тістің түзін өзгертпеу;
тіс тіндеріне жабысу қасиеті жоғары болу;
рентген суретте айқын көріну (рентгеноконтрастность),
кеңею коэфициенті тіс тіндерінікіне жақын болу.
Цинк –фосфатты цемент.
Соңғы уақытқа дейін барлық шартты талаптарға жауап бере алмаса
Цинк –фосфатты цемент.
Соңғы уақытқа дейін барлық шартты талаптарға жауап бере алмаса
Егер аралық төсем кіреуке-дентин шекарасынан жоғары төселсе, ол тұрақты пломбының жиектік жабысуын төмендетеді және аралық төсемнің ауыз сұйықтығында оңай еруіне байланысты пломбының төңірігінде саңылау пайда болады. Аралық төсем қойылып жатқан кезде қуысқа сілекей түспеу керек, ол төсемнің жабысуын және сапасын нашарлатады.
Емдік төсемдер
Емдік төсемдер үшін қолданылатын материлдарға арнаулы талаптар қойылады:
-қабынуға, микробтарға қарсы
Емдік төсемдер
Емдік төсемдер үшін қолданылатын материлдарға арнаулы талаптар қойылады:
-қабынуға, микробтарға қарсы
-ұлпаны тітіркендірмеуі;
-астындғы дентинмен жақсы герметикалық байланыс құру, тіс тіндерімен, аралық төсемдк және тұрақты пломбылық материалдармен жақсы байланысу:
-тұрақты пломбылық материалдардың физико-химиялық қасиеттеріне сай болу.
Емдік төсемдер терең тісжегіні емдеген кезде, ұлпаны кездейсоқ ашып алғанда (случайно вскрытая пульпа) және ұлпа қабынуларын ұлпаны толық және жартылай сақтап емдеу кезінде қолданады.
Қазіргі кезде емдік төсем ретінде құрамында кальций сутотығы (Ca (OH)2) бар препараттар қолданылып жүр. Кальций суоксидінің реакциясы (рН) сілтілі (12-14) болғандықтан, ол қабыну ошағындағы қышқыл рН-ты бейтараптандырып, ұлпада қан айналымын жақсартып, қабынуға қарсы әсер етеді және орынбасушы дентиннің құрылуын жеделдетеді. Сондықтан бұл төсемдер одонтотроптық емдік төсемдер деп аталады.
Кальций суоксиді құрамды материалдр әртүрлі дәрілік формада шығарылады:
Кальций суоксидінің судағы суспензиясы.
Кальций суоксилі негізді лактар.
Химиялық жолмен қатаятын кальций-салицилатты цементтер.
Сәулемен қатаятын кальций суоксиді құрмды полимерлік материалдар.
Кальций суоксидінің судағы суспензиясы: Calcicur, Calasept, Calcipulpe, Superlux Calcium –Liner, Кальрадент.
Кальций суоксиді негізді лактар: Contrasil.
Химиялық жолмен қатаятын кальций-салицилатты цементтер: Calcimol, Dycal, Life, Septocalcine Ultra, Reocap, Кальцесил. Alcaliner, Сalrodent, Calcicur,
Сәулемен қатаятын кальций суоксиді негізді полимерлік мтериалдар: Сalcimol LC, Ultra-Blend, Кальцесил LС, Calcipulpe.
Calcimol (Кальцимол) – рентген айқындылығы жоғары емдік қойыртпақ. Құрамы кальций сутотығы
Calcimol (Кальцимол) – рентген айқындылығы жоғары емдік қойыртпақ. Құрамы кальций сутотығы
Calcimol LC (Кальцимол ЛЦ) – сәуле әсерінен қатаятын, рентген айқындылығы жоғары, ақ түсті аққыш емдік қойыртпақ. Құрамында ұзақ әсер ететін кальций суоксиді 5% құрайды. Механикалық төзімділігі және оқшауландырушы қасиеті (изолирующее свойство) жоғары (9-сурет). Тісжегі қуысының табанына 1 мм қалыңдықпен төселген соң, 20-30 секөнд галоген сәулесі жіберіледі.
Тұрақты пломбылық материалдар
.
Тісжегі қуыстарына ұзақ уақытқа қойылатын (бұзылғанға немесе түскенге дейін)
Тұрақты пломбылық материалдар
.
Тісжегі қуыстарына ұзақ уақытқа қойылатын (бұзылғанға немесе түскенге дейін)
Тұрақты пломбылық материалдарға қойылатын шартты талаптар:
механикалық әсерлерден бұзылмау және қажалуға ұшырамау (қаттылығы өте жоғары болу);
химимялық әсерлерден бұзылмау, ауыз сұйықтығында ерімеу;
қатайғаннан кейін көлемінің тұрақтылығын сақтау, себебі көлемі кішірейіп кетсе, пломбының төңірегінде саңылау пайда болады, ал көлемі үлкейсе қуыс қабырғалары іштен қысым түсуі (іштен дүмпу) әсерінен сынып кетеді;
жылу өткізгіштігінің төмен болуы;
тіс тіндеріне жабысу қасиетінің жоғары болуы;
тістің түсін өзгертпеуі және кіреуке түсіне сай болуы;
тістің тіндеріне және жалпы организмге зиянды әсерінің болмауы;
біраз уақыт жұмсақтығын сақтауы және тісжегі қуысына енгізудің және тістің пішінін қалыптастырудың жеңіл болуы;
антисептикалық қасиетінің болуы;
Шыныиономерлі цементтер (иономерлі цементтер).
Шыныиономерлі цементтер (ШИЦ) алғаш өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап
Шыныиономерлі цементтер (иономерлі цементтер).
Шыныиономерлі цементтер (ШИЦ) алғаш өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап
Шыныиономерлі цементтер химиялық жолмен және сәулемен қатаятын болып екіге бөлінеді.
Шыныиономерлі цементтерді қолданатын кездер:
III және V кластық тісжегі қуыстарын, сынаға ұқсас ақауларды, кіреуке эрозияларын пломбылау;
барлық сүт тістеріндегі тісжегі қуыстарын пломбылау және табиғи жүлгелерді, сайларды жабу;
аралық төсем ретінде барлық пломбылық материалдарды қолданған кезде;
тістерді реставрациялаудың негізін қалау немесе ядросын құру;
штифтерді және ортопедиялық, ортодонтиялық конструкцияларды бекіту;
Қолдану аясына байланысты шыныиономерлі цементтерді үш топқа бөледі:
ортопедиялық конструкцияларды бекіту үшін (Fuji – 1, Aqua Meron, Aqua Cem қолданылады).
аралық төсем және І, ІІ кластық тісжегі қуыстарында реставрациялау негізін қалау үшін (пломбыға ядро құру), металл штифтпен бірге тіс тұқылын өсіру (Fuji – 2, Base Zrine). Бұл топтағы цементтер дистилденген суда араластырылатындықтан, ауыз сұйықтығында ериді, сондықтан тұрақты пломбы қоюға жарамайды.
тұрақты пломбылар мен аралық төсемдер үшін (Chemfil Superior, Jonofil, Chelon Fil).
Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеген кезде араластыру ережелерін дұрыс сақтаған жөн:
ұнтақты құтыдан шығарып алар кезде жақсылап араластыру қажет;
ұнтағы бар құтының ауызын дереу жабу керек (су сорып алмас үшін);
сұйық-ұнтақ қатынасын ешуақытта бұзбау керек.
Композиттік материалдардың жүйесі, негізгі қасиеттері.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген композиттік пломбылық материалдар
Композиттік материалдардың жүйесі, негізгі қасиеттері.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген композиттік пломбылық материалдар
Толықтырғыштың бөлшектерінің мөлшеріне байланысты композиттердің төмендегі түрлерін ажыратады:
Макротолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 8-45мкм), немесе макрофилдер, салмақ көлемінің 60% толықтырғыштан тұрады;
Микротолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 0,04-0,4мкм) немесе микрофилдер, салмақ көлемінің 45% толықтырғыштан тұрады;
Минитолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 1-5мкм) немесе минифилдер, салмақ көлемінің 70% толықтырғыштан тұрады;
Гибридті композиттер будандастырылғаны композиттер немесе гибридтер (бөлшектерінің мөлшері – 0,04-5мкм, орташа мөлшері 1-2мкм),салмақ көлемінің 50% толықтырғыштан тұрады;
*Микрогибридтті композиттер бөлшектерінің көлемі 0,04-1мкм, орташа көлемі 0,5-0,6мкм.
*Нанотолықтырылған-нанокомпозиттер(нанотехнологияны пайдалану нәтижесінде шығарылған):
-шынайы нанокомпозиттер;
-наногибридті композиттер;
Қатаю тәсіліне байланысты:
Химиялық тәсілмен қатаятын композиттер-Iтип
Сәуле әсерінен қатаятын композиттер-II тип;
Аралас тәсілмен қатаятын композиттер;
-сәулеәсерінен+химиялық жолмен
-сәуле әсерінен+жылу әсерінен
*Жылу әсерінен қатаятын композиттер-IA тип;
Консистенциясына байланысты;
Дәстүрлі консистенциялы композиттер (традиционные композиты);
Сұйық (аққыш) композиттер (текучие композиты);
Нығыздалатын композиттер (конденсируемые композиты);
Түрлендірілген (модифицированные) композиттер немесе флюкерлер (флюкеры).
Қолдану орнына байланысты;
Азу тістерді пломбылауға арналған – «А» кластағы композиттер;
Алдыңғы тістерді пломбылауға арналған – «В» кластағы композиттер,
Әмбебап композиттер.
Тісжегі (кариес зубов – caries dentis) – тістерді шыққаннан кейін жарақаттайтын,
Тісжегі (кариес зубов – caries dentis) – тістерді шыққаннан кейін жарақаттайтын,
Тістің қатты тіндерінде тісжегі үрдісінің тереңдеуіне байланысты оның төрт сатысын ажыратады:
бастапқы
Тістің қатты тіндерінде тісжегі үрдісінің тереңдеуіне байланысты оның төрт сатысын ажыратады:
бастапқы
жоғары тісжегі (поверхностный кариес – caries superficialis) немесе кіреуке тісжегісі (кариес эмали – caries enamelum )
орта тісжегі (средний кариес – caries media)
терең тісжегі (глубокий кариес – caries profunda)
Тісжегінің ДДҰ ұсынған жүйесі (классификация ВОЗ, 9-переосмотр).
кіреуке тісжегісі, дақты тісжегіні қоса алғанда (кариес эмали, включая «меловое пятно»);
дентин тісжегісі (кариес дентина);
цемент тісжегісі (кариес цемента);
тежелген (тоқталған) тісжегі (приостановившийся кариес);
одонтоклазия (одонтоклазия)
басқалай (другой);
дәлелденбеген (неуточненный);
Тісжегінің жергілікті емдеу шараларын дұрыс жүргізу үшін тісжегі қуыстарының Блэк (1884)
Тісжегінің жергілікті емдеу шараларын дұрыс жүргізу үшін тісжегі қуыстарының Блэк (1884)
I класс – барлық тістердің табиғи жүлгелері (фиссураларында) мен ойықтарында (көбінесе кіші және үлкен азу тістердің, жоғарғы екінші күрек тістердің тұйық тесіктерінде) орналасқан тісжегі қуыстары.
II класс – кіші және үлкен азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары;
III класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан және олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларына ауыспаған немесе оларды бұзбайтын тісжегі қуыстары;
IV класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу бетінде орналасқан, олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларының бұзылуына әкеп соғатын тісжегі қуыстары;
V класс – барлық тістердің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуыстары;
Қазіргі кезде VI кластық тісжегі қуыстарын да қарастырып жүр.
VI класс – жоғарыда көрсетілген шартты аймақтардан басқа жерде орналасқан, аумағы мен тіс тіндерінің жараққаттану ерекшеліктері жағынан жоғарыда келтірілген анықтамаларға сай келмейтін тісжегі қуыстары. Алтыншы кластық тісжегі қуыстарын атипиялық қуыстар немесе атипиялық тісжегі ( атипичный кариес – caries atypica ) деп атауға болады. Бұл тісжегі тіс сауыттарының тісжегіден басқа аурулары (тістер гипоплазиясы, тістер флюорозы, сынаға ұқсас ақаулары т. б.) орналасқан аймақтард, шайнау төмпешіктерінде, тістеу қырларында дамиды.
Дақты тісжегі (кариозное пятно- macula сariosa).
Тісжегінің дақты кезеңінде немесе бастапқы
Дақты тісжегі (кариозное пятно- macula сariosa).
Тісжегінің дақты кезеңінде немесе бастапқы
шағым болмайды және ұзақ уақыт байқалмауы да мүмкін. Кейде тәтті және қышқыл тағамдардан тістер қармалып қалған сияқты ыңғайсыз сезім (чувство оскомины) туындауы немесе алдыңғы тістерде орналасқан дақтар болса эстетикалық шағым болуы мүмкін (көбінесе тістердің мойын аймақтары жарақаттанған кезде). Көпшілік жағдайда басқа тістеріне шағымданып келген адамдардың тіс қатарларын мұқият қарап тексеру және тіс беттерінің күмән туғызған аймақтарын сүңгілеу арқасында анықталады. Қарап тексергенде бастапқы тісжегі немесе тісжегі дағы аймағында жылтырлығы жойылған мұнарланған ақ бор түсті немесе ашық қоңыр, қою-қоңыр кейде кара-қоңыр түсті ошақ түрінде байқалады (1-cурет).
Бастапқы тісжегі кезінде кіреукедегі минералсыздану ошағының қоңыр, қою-қоңыр түстері патологиялық үрдістің баяу дамыған кезінде призмалараралық шағын кеңістіктердің көлемдері үлкейгендіктен органикалық бояғыш заттардың сіңуі арқылы қалыптасады. Шарпенак Ю.A А.,(1970) ұйғаруынша, алғашқы кезде тісжегі дағы ошағында алмаспайтын амин қышқылы триптофан құрылады да кейіннен меланинге айналады.
Бор түстес ақ дақты ошақты сүңгілеп байқағанда беті бірде тегіс, кейде кедір-бұдырлау және сау аймақтарға қарағанда жұмсақтау көрінеді. Пигменттелген дақты ошақтарды сүңгілеп тексергенде бірде беті тығыздау, кейде кіреукенің жоғарғы қабатының жұмсарғаны соншалықта, сүңгі ұшы біраз тереңдікке еніп кетеді. Соңғы кездегі зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, тісжегінің бастапқы сатысының әрі қарай дамуы немесе өз бетімен тежелуі де мүмкін. Тісжегі дағы тістің бетін қақтан тазалап, ауамен кептірген кезде анық көрінеді және метилен көгінің 2% ертіндісімен жақсы боялады.
Тісжегі дақтарын тіс гипоплазиясы мен флюорозы кезіндегі дақтардан ажырата білу керек. Гипоплазия кезіндегі дақтар аттас тістердің беттерінде симметриялы түрде орналасады, шекаралары анық, беттері тегіс және жылтыр болады, метилен көгінің ертіндісімен боялмайды. Өмір бойы өзгермей сол қалпында сақталады. Тіс флюорозы кезіндегі дақтар саны көп, түстері әртүрлі, шекаралары анық емес, көптеген тістер беттерінде орналасады және фторға бай ауызсуды пайдаланған эндемиялық аймақта кездеседі.
Жоғары тісжегі немесе кіреуке тісжегісі.
Жоғары тісжегі ақ немесе пигменттелген дақтар аймағында
Жоғары тісжегі немесе кіреуке тісжегісі.
Жоғары тісжегі ақ немесе пигменттелген дақтар аймағында
Орта тісжегі.
Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды
Орта тісжегі.
Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды
Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп болмайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасына жақын аймақта ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Тістің электр қозғыштығы 2-6 мкА тең.
Терең тісжегі.
Орта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу
Терең тісжегі.
Орта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу
Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауыру сезімі байқалады (қарқынды дамыған тісжегі кезінде). Кейде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, қаттырақ сүңгілеп байқағанда ғана ауыру сезімі туындайды (баяу дамыған тісжегі кезінде). Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 6-8 мка тең, кейде аздап төмендеуі де мүмкін (10-15 мка шамасында). Ескере кететін жағдай, терең тісжегі қуысы тістердің жанасу беттерінде орналасқан кезде әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыру сезімі мазалай бермейді. Тісжегі қуысы кеңейіп, қуыстың шайнау беті немесе еріндер жақ беттері қабырғаларындағы дентин толығымен минералсызданып, жабынды кіреуке шайнау күштері әсерінен бұзылған кезде ғана сырқат тіс мазалай бастайды және тісжегі қуысы анықталады. Бұндай жағдай көбінесе жоғарғы жақ тістерінде жиі орын алады.