Слайд 10
Клиника
Инкубациялық период 2 аптадан 26 аптаны (орташа 6-8 апта) құрайды.
ГС
ағымы бойынша аурудың
жедел
созылмалы кезеңдерге бөлінеді.
Соңғысы 2 фазаны құрайды: латентті және реактивация. Жедел кезеңде ГС симптомсыз (инапарантты немес субклиникалық) формада өтеді. Өзіндік диагностика жасау қиынырақ Эпидемиялық сілтеме негізінде ПЦР әдісімен диагнозды HCV-RNA индикация жолымен верифицирленуі мүмкін. ГС жедел кезеңдегі манифестті ағымы 10-20% жағдайда байқалады.Продромальді кезеңге диспепсиялық синдром , кейде әлсіздік тән. Өршу кезеңінде сарғаю кейде болмайды, ал егер болатын болса, салыстырмалы байқалады; интоксикация әлсіз. Жедел ГС ГВ, ГА қарағанда жеңіл өтеді, жеңіл, жиі орташа ауыр формаларда аминотрансфераза белсенділігінің жоғарлауымен (5-20 рет) жүреді. Инфекцияның фульминантты ағымы туралы , әсіресе, НвsAg созылмалы тасымалдаушылары туралы мәліметтер бар. ГС кезінде апластикалық анемиямен асқыну мүмкін. ГС жедел кезеңінде НСV-RNA жоғалып, сауығумен аяқталу мүмкін. Бірақта науқастардың көбінде (75-80%) ГС созылмалы түріне өтеді. Латентті фаза ұзақтығы 10-20 жылды құрайды. Бұл кезеңде созылмалы гепатитің қандай да бір көріністері болмайды. Науқас қанында IgG анти - HCV core, анти HCV NS3, NS4, NS5 және периодты – HCV- RNA анықталады.
Реактивация фазасы ВГС репликативті белсенділінінің жоғарлауына негізделген және аурудың жедел кезеңінде манифестті ағымына клиникалық сәйкес келеді. Ауру адамда астеновегетативті синдром, кейде субфебрилитетпен өтеді. Гепатоспленомегалия, қан сарысуында аминотрасфераза белсенділігінің толқын тәрізді 2-5-реттік жоғарлауы және кейде бауырдан тыс көріністер болады. Реактивация фазасының ағымына клиника-биохимиялық көрсеткіштердің өзгерістері тән. Қанда IgM және IgG анти - HCV core, анти HCV NS3, NS4, NS5 және HCV- RNA анықталады.