Слайд 13
![ФАРМАКОПЕЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ КОМИТЕТ ҚЫЗМЕТТЕРІ: Дәрілік затты, медицина техникасы мен медициналық](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/454719/slide-12.jpg)
ФАРМАКОПЕЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ КОМИТЕТ ҚЫЗМЕТТЕРІ:
Дәрілік затты, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы
бұйымды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және тіркеу құжаттары жинағына өзгерістер енгізуді Фармация комитеті жүзеге асырады.
Дәрілік затты, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу осы Ережеге1 , 2 -қосымшаларға сәйкес Фармация комитетіне берілген өтініш негізінде жүргізіледі.
Фармация комитеті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш алғаннан кейін Қазақстан Республикасының рыногында мемлекеттік тіркеуге өтініш жасалған дәрілік заттың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың аналогтарының болуына, олардың салыстырмалы бағасына, өндірілу жағдайларын бағалауға талдау жүргізеді.
Өндірістің жағдайын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау, Фармация комитетінің сараптама ұйымдарының мамандарымен бірлесе отырып, өндіруші кәсіпорынға баруы арқылы жүзеге асырылады.
Фармация комитеті ведомстволық мұрағатқа дәрілік затқа, медицина техникасына, медициналық мақсаттағы бұйымға арналған тіркеу құжаты жинағының бір данасын, тіркеу куәлігінің көшірмесімен, бастапқы сараптама қорытындысын, Фармакопея сарапшылары, Фармакология комиссиясы және Медицина техникасы, медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі комиссия қорытындыларын, сынақ зертханасының есебін, бекітілген дәрілік заттарды медициналық қолдану туралы нұсқаулық, медициналық мақсаттағы бұйымдарды орамдар мен жапсырмалардың макеттерімен бекітілген медициналық мақсаттағы бұйымдағы қолдану жөніндегі нұсқаулықты береді.