Іш сүзегі

Содержание

Слайд 2

Іш сүзегіне сипаттама Этиологиясы Эпидемиологиясы Патогенезі Патологиялық анатомиясы Макро- және микроскопиялық көріністері Асқынулары Жоспар:


Іш сүзегіне сипаттама
Этиологиясы
Эпидемиологиясы
Патогенезі
Патологиялық анатомиясы
Макро- және микроскопиялық көріністері
Асқынулары

Жоспар:

Слайд 3

Іш сүзегі – қоздырғышы сальмонеллаларға жататын ішсүзектік таяқша болып табылатын ішектік


Іш сүзегі – қоздырғышы сальмонеллаларға жататын ішсүзектік таяқша болып

табылатын ішектік инфекция. Ол нерв жүйесінің бұзылуымен және аш ішектің осы ауруға тән морфологиялық өзгерістермен сипатталатын сырқат.

Salmonella enterica

Слайд 4

Этиологиясы Қоздырғышы — Salmonella enterica серовары – Typhi, туысы Enterobacteriaceae, тұқымдасы-


Этиологиясы
Қоздырғышы — Salmonella enterica серовары – Typhi, туысы Enterobacteriaceae, тұқымдасы-

Salmonella, қозғалғыш, грам теріс соңы домалақталған,барлық анилинді бояулармен жақсы боялады. Адамға ғана патогенді эндотоксин бөледі. Споралар түзбейді.

Salmonella enterica

Слайд 5

Іш сүзегінің бактериялары қоршаған ортаға айтарлықтай төзімді келеді: суда айлар бойы,


Іш сүзегінің бактериялары қоршаған ортаға айтарлықтай төзімді келеді: суда

айлар бойы, жеміс-жидектер мен көкеністерде 10 күнге дейін сақталып, ал сүт өнімдерінде көбейіп жинақтала алады. 3 % хлорамин ерітіндісінде, 5 % карбол қышқылы, сулема (1:1000), 96 % этил спиртінде олар бірнеше минуттардан соң өледі.
Слайд 6

Инфекция көзі ауру адам немесе ауырып жазылған бацилла бөліп шығарушылар, кейде


Инфекция көзі ауру адам немесе ауырып жазылған бацилла бөліп

шығарушылар, кейде сау бацилла тасымалдаушылар. Инфекция су, азық – түліктер арқылы соларға инфекция түскенде жұғады. Тасымалдаушылар – шыбындар. Сондықтан іш сүзегі жаз, күз айларында, әсіресе Орта Азия республикаларында, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кездеседі.
Слайд 7

Әлемдік таралуы: ♦ сүзек белдеуі ♦ эпидемиялық аймақтар ♦ спорадиялық жағдайлар Эпидемиология

Әлемдік таралуы: ♦ сүзек белдеуі ♦ эпидемиялық аймақтар ♦ спорадиялық жағдайлар

Эпидемиология

Слайд 8

Патогенезі: Тамақ, су арқылы ағзаға түскен батериялар аш ішекте көбейе бастайды.


Патогенезі:
Тамақ, су арқылы ағзаға түскен батериялар аш ішекте көбейе

бастайды. Олар осы жерден энтероциттердің цитоплазмасына еніп, одан әрі ішектің лимфоидты аппараты арқылы тасымалданып кетеді.
Пейер табақшалары мен солитарлы фолликулаларда көбейген бактериялар аймақтық лимфа бездеріне , оған қанға өтеді.
Слайд 9

Бұл өзгерістер аурудың бірінші аптасында пайда болады. Қан арқылы бактериялар бүкіл

Бұл өзгерістер аурудың бірінші аптасында пайда болады. Қан арқылы бактериялар бүкіл

денеге таралып, аурудың екінші аптасынан бастап зәр, нәжіс, тер және ана сүтімен бөлініп шыға бастайды. Осы кезде өт жолдарына түскен бактериялар өт қалтасында жиналып көбейіп, өт арқылы қайта аш ішекке түседі.
Слайд 10

Ішектің алдын ала сенсибилизацияланған лимфоидтық аппаратында жоғары сезімталдықтың жедел түрі (Артюс


Ішектің алдын ала сенсибилизацияланған лимфоидтық аппаратында жоғары сезімталдықтың жедел

түрі (Артюс түрі) дамып, олар некрозданады, ал әш сүзегіне тән кейінгі өзгерістердің бәрі осы некрозға байланысты.
Слайд 11

Патологиялық анатомиясы: Негізгі морфологиялық өзгерістер мықын ішекте дамып (илеотиф), 5 кезеңге


Патологиялық анатомиясы:
Негізгі морфологиялық өзгерістер мықын ішекте дамып (илеотиф),

5 кезеңге бөлінеді:
ми тәрізді ісіну кезеңі – Пейер табақшалары мен фолликулалардың ісініп, баланың миына ұқсап, қатпарланып, 3-4 см үлкеюімен сипатталады;
Слайд 12

2. Некроздану кезеңінде – ішектің шырышты қабығы лас сұр немесе жасыл сары түске боялады;

2. Некроздану кезеңінде – ішектің шырышты қабығы лас сұр немесе жасыл

сары түске боялады;
Слайд 13

3. Лас жаралар кезеңінде – некроз аймағында түбі лас, сұр түсті,


3. Лас жаралар кезеңінде – некроз аймағында түбі лас, сұр

түсті, шеттері кеуленген жара пайда болады;
4. Бұл кезеңде жараның түбі некроздық заттардан тазарады, оны таза жаралар кезеңі деп атайды. Жараның түбі ішектің ет қабатына, кейде серозды қабатына дейін жетеді;
5. Жараның жазылу кезеңінде жараның орнында өте нәзік тыртық қалады.
Слайд 14

Іш сүзегіне тән микроскопиялық өзгерістер бірінші кезеңде байқалады. Бұл кезде лимфа


Іш сүзегіне тән микроскопиялық өзгерістер бірінші кезеңде байқалады. Бұл

кезде лимфа тіндерінде моноциттер, гистирциттер саны көбейіп олардың көпшілігі макрофаг жасушаларына айналады. Олардың цитоплазмасында іш сүзегі таяқшалары, бүтін жасушалар (эритроциттер, лимфоциттер) және дендриттер табылады.осы макрафагтарды іш сүзегі жасушалары деп атайды.
Слайд 15

Олардың жиынтығы-іш сүзегі гранулемасы-тік ішекте және аймақтық лимфа бездерінде ғана емес,


Олардың жиынтығы-іш сүзегі гранулемасы-тік ішекте және аймақтық лимфа бездерінде

ғана емес, бауырда, көкбауырда, жілік майында кездеседі. Кейде іш сүзегіне тән өзгерістер ішекте емес, басқа ағзаларда дамиды. Осы өзгерістердің қай ағзаларда көбірек көрінуіне байланысты: колотиф, пневмотиф, холангиотиф, ларинготиф және т.б. деп атайды.
Слайд 16

Жоғарыда айтылған ішектердегі жергілікті өзгерістерден басқа іш сүзегінде инфекцияның организмге жайылып


Жоғарыда айтылған ішектердегі жергілікті өзгерістерден басқа іш сүзегінде инфекцияның

организмге жайылып кетуі нәтижесінде туындайтын жалпы өзгерістер де болады. Оларға аурудың 7-11 тәулігінде пайда болатын розеолалы-папуллалы бөртпелер кіреді. Олар іштің, көкіректің, арқаның терісінде 3-5-10 данадан орналасады. Ал басқа ағзаларда дистрофиялық өзгерістер дамиды.
Слайд 17

Іш сүзектік гранулемалар. Лимфа түйінінде лимфа жасушалары пролифелирлеуші жасушалармен-макрофагтармен ығыстырылып, гранулемалар түзген.


Іш сүзектік гранулемалар. Лимфа түйінінде лимфа жасушалары пролифелирлеуші жасушалармен-макрофагтармен

ығыстырылып, гранулемалар түзген.
Слайд 18

Аш ішектің топтық фолликулаларының ми тәрізді ісінуі: а. Фолликулдің лимфа жасушалары


Аш ішектің топтық фолликулаларының ми тәрізді ісінуі:
а. Фолликулдің лимфа

жасушалары макрофагтар-тифозды жасушалармен ығыстырылған;
б. Қан тамырлар кеңейген, қанға толы;
в. Фолликул үсті шырышты қабат некроздалған.
Слайд 19

Іш сүзегінің асқынулары ішектегі жараның тесіліп кетуіне (перфорация) немесе жарадан қан


Іш сүзегінің асқынулары ішектегі жараның тесіліп кетуіне (перфорация) немесе

жарадан қан кеиуге байланысты. Сонымен қатар іш сүзегіне тән асқынулар түріне іріңді перихогдрит, іштің тік бұлшық етінің некрозы (ценкер некрозы) кіреді. Екіншілік инфекциялардың әсерінде пневмония, отит, стоматит, сирек жағдайларда іріңді остеомиелит, іріңді менингит, пиелит, артрит және т.б. Дамиды. Кейде іш сүзегі сепсис түрінде өтеді, бұл кезде теріде бөртпелпр болмауы мүмкін (бөртпесіз іш сүзегі).
Слайд 20

Интернет желілері: www. Yandex. ru. www. Google. ru. В.В.Серов, Н.Е. Ярыгин,

Интернет желілері: www. Yandex. ru.
www. Google. ru.
В.В.Серов, Н.Е. Ярыгин, В.С.

Пауков, “Патологическая анатомия” Атлас, Москва, 1986, 346-347-беттер.
Ж.Б. Ахметов “Патологиялық анатомия”, Алматы, 2004, 512-514-беттер.
А.И. Струков, В.В. Серов, “Патологическая анатомия”,Москва, 1985, 455-беттер.

Қолданылған әдебиеттер: