Ұйқы безі ауруын анықтау үшін симптомдардан басқа пальпация кезінде анықталатын ауырсыну
зоналары мен нүктелері:
Шоффар зонасы-кіндік арқылы өтетін тік сызық пен кіндік арқылы өтетін тік және горизонталь сызықтары құрайтын бұрыш биссектрисасы арасындағы зона. Бұл зонада ауырғандықтың болуы ұйқы безі басының басым зақымдануының белгісі болып табылады.
Губергриц-Скульский зонасы.Шоффар зонасы сәйкес келетін сол жақ зонасы. Бұл зона тұсының ауруы ұйқы безі денесінің қабынуына тән белгі.
Держарден нүктесі-кіндік пен оң жақ қолтық шұңқырын қосатын сызықтың бойында кіндіктен 6смжоғары орналасқан нүкте. Бұл нүктеде ауырғандық болуы ұйқы безі басының қабыну белгісі.