Темперамент

Содержание

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын

сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы
Слайд 5

Ежелгі Греция ғалымы, дәрігер Гиппократ Төрт түрлі сұйықтықтың араласуының пропорциясын грекше

Ежелгі Греция ғалымы, дәрігер Гиппократ

Төрт түрлі сұйықтықтың араласуының пропорциясын грекше

“красис” деп атаған, ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Темпераменттер төрт түрлі сұйықтық заттарға байланысты: денені жылытатын – қан, салқындататын – шырын, құрғататын – бауырдағы өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ).
Слайд 6

Организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (лат. “сангиус” – қан),

Организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (лат. “сангиус” – қан),

ал шырын басым болса (гр. “флегма” – шырын) флегматик темпераменті деп, ал организмде қара өт басым болса меланхолик (гр. “мелайне – холе” – қара өт), сары өт басым болса, холерик (гр. “холе” – өт) темпераменті деп те аталды.
Слайд 7

Неміс философы И.Кант өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераменттің 4 түрі туралы

Неміс философы И.Кант өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераменттің 4 түрі туралы

толық психологиялық сипаттама береді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір – біріне балама ретінде қарастырды.
Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н.Л.Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.
Орыс педагогы П.Ф.Лесгафт темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.
Слайд 8

Сангвиник -Ширақ -Жүйке жүйесі күшті -Қозуы мен тежелуі тең -Қозғалғыш адам

Сангвиник
-Ширақ
-Жүйке жүйесі күшті
-Қозуы мен тежелуі тең
-Қозғалғыш адам

Флегматик
-Жүйке жүйесі күшті
-Қозғалысы

баяу
-Қозуы мен тежелуі тең

Холерик
-Ұстамсыз
-Жүйке жүйесі күшті

Меланхолик
-Жүйке жүйесі әлсіз

И.П.Павлов бойынша адамның жүйке жүйесінің типтері

Слайд 9

Слайд 10

Темперамент Холерик Флегматик Сангвиник Меланхолик

Темперамент

Холерик

Флегматик

Сангвиник

Меланхолик

Слайд 11

Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда

Холерик
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық

процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді.
Слайд 12

Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді.

Флегматик
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді.

Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процестер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.
Слайд 13

Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы

Сангвиник
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы

ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиникте жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады