Әмбебап этикалық қағидалар мен биоэтиканың ережелері
Дәріс № 3
Тақырыбы: Әмбебап этикалық қағидалар мен биоэтиканың ережелері
Жоспары 1. Әмбебап этикалық қағидалар: жеке тұлға және оған деген құрмет, әділдік, адамдық қадір-қасиетін құрметтеу, біртұтастығы мен осалдығы. 2. Биоэтиканың ережелері: ақпараттық келісім, еріктілік, шындық, жеке өмірге араласпау, құпиялылық, сақтық. 3. Биоэтикадағы жоғарғы моралды құндылықтар: «жақсылық және жамандық», «қиналу және жанашырлық», эмпатия, еркін және моралды жауапкершілік, қателік пен тәуекел ету құқығы, дәрігерлік борыш. 4. Биоэтикалық мәселелерді шешу жолдары: принципиалды, казуистикалық, институционалдық- ұйымдастырушылық. 5. Дәрістің негізгі терминдері, қолданылатын әдебиеттер мен электронды ресурстар
Биомедициналық этиканың қағидалары:
: Жеке тұлғаны сыйлау принципі адам құндылығын жоғары бағалап, адам өз өміріне және денсаулығына қатысты еркін таңдауы болу керек. (емделу орталығын, емдейтін дәрігерін таңдау, емделуге келісім беру немесе бас тарту т.б.). Емделушінің таңдауы дәрігердің ойымен бір жерден шығу керек. Таңдау жасауда ешқандай қысым көрсетілмеу керек. Дәрігер мен емделушінің шешімі бір бірімен сөйлесе отырып шешілу керек. Кейде емделуші толық дұрыс шешім қабылдай алмауы мүмкін, мысалы, балалар, денсаулығына байланысты адамдар(жүйке жүйесі ауыратын адамдар және т.б). Мұндай жағдайда олардың жақын туыстары, асыраушылары шешімді қабылдайды. Әділділік принципі емделушіге көмек көрсету кезінде оның жасына, жынысына, ұлтына, әлеуметтік және материалдық жағдайына, дініне мән бермеу керек. –адами құндылығын сыйлау принципі, физикалық немесе психалық жағдайына байланысты өзінің ойын айту мүмкіндігі болмауына қарамастан барлық адамдарды сыйлау принципі; –біртұтастылық принципі, адамның физикалық және психикалық жағдайының біртұтастылығы; –осалдылық принципі, әрбір адам өмірінің соңына дейін қажетті қорғау көрсету (кедейлерге, жартылай сауатты адамдарға, балаларға, мүгедектерге).