Болмыс категориясы
Жалпы түсінік Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім). Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді. Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б. Болмыс Болмыс– бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін білдіретін философиялық категория. Қарапайым санада болмыстың баламалары ретінде әлем,ғарыш, дүние, табиғат, өмір тәрізді жалпы ұғымдар қолданылады. Болмыс философияның ерекше саласы. Болмыс – жан-жақты терең, ауқымды ұғым, болмыс тек материя ғана емес, сонымен бірге идея, дін. Ол субстанция ұғымымен тығыз байланысты. Субстанция өзіндік мән, бастама. Ол өзінің өмір сүруі үшін өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж болмайды. Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз). Субстанция - монизм мен дуализм плюрализм болып үшке бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды. Монистік (бір негіз, біреу) бастама идеалистік, материалистік болады. Монистік бастама идеалистік, яғни, дүниенiң негізінде идея мен сана жатыр (Сократ, Платон, Аристотель Гегель). Монистік бастама материалистік, яғни оның негiзінде материя жатыр (Фалес, Гераклит, Спиноза, Фейербах, Маркс, Энгельс, Ленин). Дүниенің негізінде сана мен материя қатар жатыр десек, онда бұл дуализм - Декарт, Кант и Юм