Слайд 23
Қан жоғалтудың үш дәрежесін ажыратады (Шалимов А.А. бойынша):
І дәреже-жеңіл-ЦҚК 20 пайызын
жоғалтумен көрінеді.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық немесе орташа ауырлықта, терісі бозғылт, тершеңдік пайда болады; пульсі минутына 90-100 рет; АҚҚ 100-90/60 мм.с.б., мазасыздық жеңіл тежелумен алмасады, есі анық, тыныс алуы біршама жиілеген, рефлекстер төмендеген, бұлшық еттері босаңсыған, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуымен лейцоцитоз, олигоурия. Қан кетудің компенсациялануынсыз қан айналымының бұзылыстары байқалмайды.
ІІ дәреже-орташа ауырлықта-ЦҚК 20-30% жоғалтуда байқалады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, науқас тежелген, ақырын, баяу сөйлейді, терінің айқын бозаруы байқалады, жабыспақ тер, пульс минутына 120-130 рет, әлсіз толумен, АҚҚ 90-80/50 мм.с.б., жиі беткей тыныс, анық олигоурия. Тамырлар спазмы себебінен АҚҚ қалыпты немесе жоғарылаған болуы мүмкін. Бірақ компенсаторлы механизмдердің қызмет атқармауы және тамырлар кеңуі себебінен кез келген уақытта төмендеуі мүмкін. Қан кетудің компенсациялануынсыз науқас тірі қалуы мүмкін, бірақ қан айналымының, метаболизм және бүйрек, бауыр, ішек қызметтерінің маңызды бұзылыстары қалады.
ІІІ дәреже-ауыр-ЦҚК 30% жоғары жоғалтуда байқалады. Жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр, қозғалу реакциясы тежелген, тері және шырышты қабаттары бозғылт-цианозды немесе дақты. Науқас сұрақтарға бая жауап береді, жиі есінен танады, пульсі жіп тәрізді, минутына 130-140 рет, пульсі есептелмейді және пальпацияланбайды, АҚҚ 0-60- тан 50 мм.с.б. дейін, орталық веноздық қысым төмен, тыныс алу беткей, жиі, денесі және аяқ қолдарын ұстағанда суық, дене температурасы төмен. Олигурия анурияға ауысады. Қан кетудің толуы гемодинамиканың жылдам қалыптасуына әкелуі мүмкін. (лабильді форма) Егер жылдам жақсару байқалмаса, бұл өмірге маңызды паренхиматозы ағзалардың зақымдалғанын көрсетеді (торпидті форма). Бұл жағдайда лабильді формадағыдай ашық артерио-венозды анастомозбен артерио-метартериоло-венулярлы комплекстың дилятациясы болады. Тамырішілік тром түзілуінің таралуын растайтын геморрагиялық көріністер байқалады; қанның оттегімен қанығуы, артерио-венозды айырмашылық азаяды, жалпы жағдайы нашарлайды, интокцикация жоғарылайды.
Қан кетуді уақытында компенацияламағанда, науқастар ағза жасушаларының жойылуы нәтижесінде (бауыр, бүйрек ), анық метаболикалық бұзылыстар, жүрек қызметінің төмендеуі есебінен өлімге ұшырайды. ЦҚК 50-60% жоғалуы, жүрек бұлшық етінің қанмен жабдықталуы жетіспеушілігі нәтижесінде жүрек тоқтауы есебінен жедел өлімді шақырады.