Аусыл - жіті түрде өтетін, жоғары контагиозды жұп тұяктылардың ауруы, онда лихорадка, ауыз кілегейлі қабығының қабынуы
- Главная
- Медицина
- Аусыл - жіті түрде өтетін, жоғары контагиозды жұп тұяктылардың ауруы, онда лихорадка, ауыз кілегейлі қабығының қабынуы
Содержание
- 2. Аусыл - жіті түрде өтетін, жоғары контагиозды жұп тұяктылардың ауруы, онда лихорадка, ауыз кілегейлі қабығының қабынуы,
- 3. 2-3 жұмадан кейін жара жазылып, жануар сауығады. Шошқаларда, қойларда және ешкілерде жиі тұяқтарының арасында және кейде
- 4. Қазіргі уақытта аусыл вирусының ауру қоздырушысы жеті серологиялық типтерге бөлінеді: А, О, С, СAT 1, СAT
- 5. Патматериалды алу. Зертханада 2-3 ауру жануарлардың тілінің кілегей қабығының қабырғасынан және күлдіреуіктерінен (ірі қара малдарда), танауынан
- 6. Stomatitis vesicularis Везикулярлы стоматит (ауыздың күлдіреп қабынуы, ауыз уылуы)- жіті түрде өтетін, жануарлардың вирустық антропозоонозды ауруы.
- 8. Клиникалық белгілері Жануарлардың ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында қызыл дақтар п.б. да, бір тәуліктен соң әр түрлі
- 9. Morbus vesiculfris suum Шошқалардың везикулярлы ауруы
- 12. Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы. Кейінгі кезде осы ауруға өте
- 13. Вирустың антигендік бір қалыптылығы аурудың зертханалық балауын жеңілдетеді. Вирусының патогенді және апатогенді штамдарының барлықтарының құрамында 6
- 14. Құс тұмауы – үй және жабайы құстардың жіті, жоғары жұқпалы ауруы. Үй құстарының ішінен тұмауға сезімтал
- 15. Патматериалды алу. Ол үшін зертханалық зерттеуге келесі патологиялық материал жіберіледі: жаңадан өлген немесе өлтірілген құстарды, құстардың
- 16. Ірі қара мал парагрипі - жіті өтетін контагиозды вирустық ауру, негізінен бұзаулардың тыныс алу жүйесін зақымдалуымен
- 17. Патматериалды алу. Зертханалық зерттеуге ауру малдың клиникалық белгісі анық байқалған кезеңінде (аурудың 1 күннен 7 күн
- 18. Зертханалық балауы. Иммунофлуоресценция әдісімен патологиялық материалдағы парагриппозды антигенді индикациялау. Парагриппозды вирус ұлпа жасушаның жоғары бетінде жетіледі
- 19. ШОШҚАЛАРДЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ОБАСЫ Шошқалардың классикалық обасы (Pestis suum) – қызбамен, қан айналым жҥйесі мен қан тҥзейтін
- 20. Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2 кҥннен 14 кҥнге дейін созылады, ал вирустардың вируленттілігі мен шошқалардың
- 21. Патологоанатомиялық ӛзгерістер ауру ағымына, асқыну дәрежесіне, шошқаның жасына қарай әртҥрлі болады. Аурудың жіті ағымында ересек шошқалардың
- 22. Зертханалық балауы. Зерттеуге қажетті материал ретінде жануар ӛлгеннен кейін 2 сағат аралығында немесе агональды жағдайда жатқан
- 23. Ньюкасл ауруы (Newcastle disease) – тауықтардың тыныс алу (пневмония), ас қорыту мҥшелерінің және орталық жҥйке жҥйелерінің
- 24. Клиникалық белгілері. Вирустың организмге ену жолына, қҧстардың жасы мен кҥтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық кезеңі 2
- 25. Патологоанатомиялық ӛзгерістері. Ньюкасл ауруына шалдыққан қҧстарда патологоанатомиялық ӛзгерістер аурудың тҥрлеріне байланысты қҧбылып отырады. Ӛлексенің айдары мен
- 26. Қҧтырық (Rabies lissavirus) – орталық жҥйке жҥйесінің қатты зақымдалуымен сипатталатын, адамдар мен барлық сҥт қоректі жануарлардың
- 27. Клиникалық белгілері және патологоанатомиялық ӛзгерістері. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше аптадан бір жылға дейін (орта есеппен 2-8
- 28. Зертханалық балауы патологиялық материалдардың қҧрамынан вирустық антигендерді иммунды флуоресценция, диффузиялық преципитация, иммунды ферменттік талдау және полимеразалық
- 29. Биосынама жоғарыда аталған әдістер (ИФР, ДПР, Бабеш-Негри денешіктерін анықтау) теріс нәтиже кӛрсеткен және кҥдіктенген жағдайларда салмақтары
- 30. Блютанг немесе инфекциялы катаральдi қызба немесе көк тіл-вирусты трансмиссивтi ауру ас қазан жүйесi мен дем алу
- 35. Скачать презентацию
Аусыл - жіті түрде өтетін, жоғары контагиозды жұп тұяктылардың ауруы, онда лихорадка,
Аусыл - жіті түрде өтетін, жоғары контагиозды жұп тұяктылардың ауруы, онда лихорадка,
Аусыл дүние жүзінің көптеген елдерінде кездеседі.
Жасырын кезеңі 13 күнге, кейде 7-10 күнге созылады. Бұл ауруға ең тән белгі - ауыз кілегей қабығының күлдіреуікті зақымдалуы және бақай мен желін еміздігінің зақымдалуы.
Бастапқы кезеңінде малдың ас қорыту тәбеті нашарлайды, сілекей ағуы көбейеді (30-сурет), дене температурасының көтерілуі (40,5-41,5°С) байқалады. 2-3 күн еріннің және тілдің ішкі қабатында күлдіреуіктер пайда болады. Кейбір жануарларда күлдіреуіктер түяқтарының арасында және желін үрпісінде құралады (31-сурет). Аяқ ауруынан жануарлар ақсайды. Бір тәуліктен сон күлдіреуіктер опарылып қабынған жара пайда болады.
2-3 жұмадан кейін жара жазылып, жануар сауығады. Шошқаларда, қойларда және ешкілерде
2-3 жұмадан кейін жара жазылып, жануар сауығады. Шошқаларда, қойларда және ешкілерде
Вирус Рісогnаvігіdае тұқымына жатады, тегі Арhthovirus, РНК-бар, суперкапсидті қабығы жоқ. Вириондары - ұсақ бөліктер икосаэдірлі пішінді.
Аусыл вирусы ішкі орта факторларына төзімді. Күлдіреуіктердің кабырғасында ол вируленттігін 67 күн, нәжіс қордасында 39, ағынды суда 103 күнге дейін сақталады. Аусыл вирусы иодоформға, аммони ерітінділеріне, гипохлорит, фенолға төзімді, салқын және рН-ы бейтараптау орталарда ұзақ сақталады, ал рН 6 ортада белсенділігі тез жойылады. 2 немесе 3% гидрокарбонат натрий ыстық ерітіндісі және 1%-ді формальдегид ерітіндісі жақсы дезинфекциялайтын дәрі-дәрмек болып табылады.
Табиғи жағдайда аусыл вирусына үй және жабайы жұп тұяктылар шалдығады (32-сурет). Қоздырушы сыртқы ортаға сілекей, нәжіс, зәр, сүт және спермалары арқылы тарайды. Эпителийде және күлдіреуік сұйығында оның саны көп болады. Ауырған мал ұзақ уақыт вирус тасымалдаушы болады. Ірі қара малдың сауыққандарының 50% жуығы 8 ай бойы, кейбіреуі екі жылға дейін вирус бөліп шығарады. Аурудан сауыққан және вакцина егілген малдардың жұтқыншағы мен мұрын қуысының қосылған жерінде вирус 9 айдан (қойларда) 2,5 жылға (ірі қара малдарда) дейін сақталады. Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 14 тәулікке дейін созылады.
Қазіргі уақытта аусыл вирусының ауру қоздырушысы жеті серологиялық типтерге бөлінеді: А,
Қазіргі уақытта аусыл вирусының ауру қоздырушысы жеті серологиялық типтерге бөлінеді: А,
Аурудан сауыққан малдарда гомологиялық вирусқа айқын иммунитет құралады. Сондықтан аусылдан сақтану үшін әр вирус түріне вакцина болу керек.
Аусыл ауруын балау эпизоотологиялық, клиникалық белгілеріне, патологиялық анатомиялық өзгерістеріне, вирустарды бөліп алуға және биосынама қоюға негізделген. Ал олардың типтері мен тип тармақтарын анықтауда бейтараптау, комплементті байланыстыру, иммунды ферменттік талдау және полимеразалық тізбекті реакциялары қолданылады.
П
Патматериалды алу. Зертханада 2-3 ауру жануарлардың тілінің кілегей қабығының қабырғасынан және күлдіреуіктерінен
Патматериалды алу. Зертханада 2-3 ауру жануарлардың тілінің кілегей қабығының қабырғасынан және күлдіреуіктерінен
Материал аларда міндетті түрде вирустың шыққан жерінен және зертханадан тыс тарамауын, инфекциялық материалмен жүмыс істейтін персоналды сақтандыруды қамтамасыз ету керек.
Ол үшін: а) шаруашылықтың мал дәрігерінің ауру малдан материалды алуға дағдыланған болу керек; б) материал алуға қажетті барлық жабдықтарды дайындау керек - пинцеттер, қайшылар, қалың қабырғалы флакондар, лейкопластыр, резеңке тығындар, хлорлы натридің изотоникалық ерітіндісі 50%-тік залалсыздандырған глицерин ерітіндісі; салқындатқыш термос, 2% №ОН ерітіндісі немесе 1%-ті сірке, сүт қышқылдарының ерітіндісі. Арнаулы киімдер: халаттар, комбинезондар, бас киімдер (орамал немесе колпак), маска, резеңке етік, қолғап және тағы басқалары. Барлық қажет заттарды контейнерге салып ауру шыққан жерге барады, ауру мал тұрған жерге кірмес бұрын киімді ауыстырады; в) ауру малдан материалды алған соң аспаптарды, қолғапты дезерітіндіге батырып қояды, флакон мен термостың сыртқы қабатын және т.б. залалсыздандырады.
Адамның мұрын қуысында аусыл вирусы 7 күнге дейін өмір сүреді, сондықтан ауру мал шыққан шаруашылықта болғаннан кейін осы уақыт аралығында сау жұп тұяқ жануарлармен контактіде шама келгенше болмау керек.
Материал сынамасын бүлінбей түрғанда бұрандалы немесе тығыз жабылатын тығыны бар флаконға орналастырады, қатыруға жағдай болмағанда -консервирлейтін сұйықпен толтырады (NaCl изотоникалық ерітіндідегі 50%- глицериннің залалсыздандырған ерітіндісі). Флакондарды металды контейнерге орналастырады, белгі салады, сосын ішінде мұзы бар термосқа салып оған да белгі салады.
Материалда тасымалдау жолдама хаты болады, онда: материалды алған күні, қай малдың түрінен, қандай материал, және шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы бойынша мәлімет, мал дәрігерінің аты және қолы болады.
Материалды арнайы зертханаға апарып береді. Аусыл вирусымен жұмыс істеу үшін зертханада бөлек бөлме бөліп береді (бокс). Онда барлық керекті жабдықтар және балау жұмыс өткізетін материал болу керек (материалды дайындау, КБР қою, биосынама және т.б.). Бокста жұмыс істегенде толығымен арнаулы киімді және аяқ киімді ауыстырады, резеңке колғап және маска киеді. Жұмыстан соң бокстан залалсыздандырылмаған ештеңені алып шығуға болмайды. Ыдысты және құрал-саймандарды қайнатады, арнаулы киімді контейнерге салып автоклавирлейді, үстелдерді, еденді, қабырғаны дезинфицирлейтін ерітіндімен, кейіннен УКС- мен өңдейді.
Зертханада келіп түскен материалға және оның шығынына 1 мг шейін дәл катаң есеп жүргізеді. Материалды зерттеуге дейін, қолданар уақытқа шейін кілтпен жабылған және белгі салынған мұздатқышта сақтайды. Жұмыстан кейін зерттелген материалдың қалдығын және биосынамадан кейінгі жануарды жою жөнінде акт жасайды.
Зертханалық балау. Аусыл вирусының антигенін КБР көмегімен табу және идентификациялау. Реакция компоненттері: а) ауырған малдың вирус эпизоотикалық штаммының сынаққа алынған антигені; ә) стандартты типті және вариантты аусыл вирусының штаммдарымен гипериммунизирленген теңіз шошқасының сарысуы (биофабрикалык өндіріс); б) бақылау антигендері - типті және вариантты аусыл вирусының штаммдары (биофабрикалық өндіріс); в) комплемент – жаңадан алынған немесе құрғақ нормадағы теңіз шошқасының сарысуы; г) биофабрика өндірісіндегі гемолизин; д) қой эритроцитінің физиологиялық ерітіндідегі 2%-ді коспасы; е) дистильденген судағы 0,85% химиялық таза ас тұзының ерітіндісі; ж) күлдіреуік зақым тудыратын, басқа вирустарға арналған спецификалы сарысу және антигендер жинағы.
КБР әр түрлі көлемде қояды: жалпы көлемі 1 мл - әр компонентте 0,2 мл; жалпы көлемі 0,5 мл - әр компонентте 0,1 мл немесе микроәдіспен - жалпы көлемі 0,125мл, онда әр компонентті 0,025мл көлемде алады.
Аусыл вирусының антигенін дайындау.
Ауырған малдың күлдіреуіктің қабырғасын консервирлейтін сүйықтан рН 7,4-7.6 физиологиялық ерітіндімен жуады, сүзгі қағазбен кептіреді, өлшейді, ұсақтайды және фарфор ыдысқа езеді, болған күлдіреуік массасына екі есе қатынастағы (рН 7,4-7,6) физиологиялық ерітінді толтырады, яғни 1 г күлдіреуікке 2 мл ерітінді. Алынған 33%-ді суспензияны 2 сағат уакыт бөлме температурада экстрагирлейді, 5-18 сағат аралығында -10-20˚С қатырады. Еріткеннен кейін 3-5 мың айналым/мин 30-15 минут центрифугирлейді. Тұнбаның үстіндегі сүйықты 58°С 40 минут инактивирлейді. Болған соң антиген ретінде КБР қолданады.
Гемолизинді дайындау. Ол үшін жалпы әдіс бойынша гемолизинді титрлейді. Биофабрикадан шығарылған гемолизиннің (1:1) кейде глицеринмен консервіленген, негізгі сұйылтымын дайындау үшін (1:1000), 0,2 мл гемолизинді 9,8 мл физиологиялық ерітіндіде сұйылтады (1:100). Осы сұйылтымнан (1 мл гемолизинге 9 мл физиологиялық ерітіндімен араластырып) 1:1000 қатынастағы негізгі ерітіндіні дайындайды. Негізгі ерітіндіден келесі қатынастарындағы сұйылтымдарды әзірлейді (11-кесте). Гемолизин сұйылтымдары дайын болғаннан кейін, гемолизинді 12 кесте бойынша титрлейді.
Stomatitis vesicularis
Везикулярлы стоматит (ауыздың күлдіреп қабынуы, ауыз уылуы)- жіті түрде өтетін,
Stomatitis vesicularis
Везикулярлы стоматит (ауыздың күлдіреп қабынуы, ауыз уылуы)- жіті түрде өтетін,
Везикулярлы стоматит қоздырушысы РНҚ вирустар тобына, RHABDOVIRIDAE тұқымдасына, Vesiculovirus тусына жатады. Бұл вирусты алғаш рет 1925 жылы Кщттщн, Олитский, Траум және Шенинг ашқан. Вирустар күрделі сыртықы липопротеидті қабықшасы бар. Қазіргі уақытта ортақ антигендері бар Нью Джерси және Индиана деп аталатын екі серологиялық типі белгілі. Бул типтері бір-бірінен бейтараптау және кбр арқылы ажыратылады. Нью Джерси типі жиі кездеседі, бұл типке шалдыққан малдардың ауру ағымы ауыр түрде өтеді.
Клиникалық белгілері
Жануарлардың ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында қызыл дақтар п.б. да,
Клиникалық белгілері
Жануарлардың ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында қызыл дақтар п.б. да,
везикулалардың пайда болуымен қатар жану-ң жалпы күйі нашарлайды, азыққа тәбеті төмендейді, дене қызуы 41-42 С ге дейін көтеріледі.
Везикулалар жарылғаннан кейін дене қызуы тұрақтанады.
Ауыз қуысының кілегейлі қабықтары зақымданған жағдайда аузынан сілекей ағады, еріндерін түйістіріп алады, ал аяқтары зақымданған жануарлар ақсайды.
Везикулярлы стоматитті балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертханалық жағдайда жұқтырылған тауық эмбриондарынан, тышқандардан, тауық эмбрионының фибробластары мен шошқа бүйрегінендайындалған жасуша өсінділерінен вирустарды бөліп алуға және теңіз шошқаларының табандарына, шошқалардың тұмсықтарына биологиялық сынама қоюға, с.қатар КБР, ИФТ,НР көмегімен анықтауға негізделген.
Везикулярлы стоматитті балау
Morbus vesiculfris suum
Шошқалардың везикулярлы ауруы
Morbus vesiculfris suum
Шошқалардың везикулярлы ауруы
Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы. Кейінгі
Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы. Кейінгі
Ньюкасл ауру қоздырушысы РНҚ бар вирустар тобына, Рarаmyхoviridaе тұқымына, Rubulavirus туысына жатады. Вирион күрделі, көлемі 120-180 нм, пішіні сфера тәрізді болып келеді.
Ньюкасл ауру - тауық және күрке тауықтың жоғарыконтагиозды вирустық індет. Ауру тауықтардың тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жүйелерінің зақымдалуымен, ішкі мүшелерде көптеген нүктелі қан құйылулармен сипатталады.
Вирустың ағзаға ену жолына, құстардың жасы мен күтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық кезеңі 2 - 15 күнге дейін созылады.
Вирустың антигендік бір қалыптылығы аурудың зертханалық балауын жеңілдетеді. Вирусының патогенді және
Вирустың антигендік бір қалыптылығы аурудың зертханалық балауын жеңілдетеді. Вирусының патогенді және
Ауру қоздырушының төзімділігі сыртқы орта факторларына байланысты. Күн сәулесі қоздырушының жұқпалылығы 3-4 сағатта жойылғанымен, олардың гемагглютининдік қасиеті ұзақ сақталады. Төменгі температурада және мұздатылған жағдайда вирустың белсенділігі 2 жыл бойы, ал қоршаған ортада күз және қыс айларында 140 күнге дейін сақталады.
Ньюкасл аурудың жасырын даму барысында жыныс жолдарының өзгерісі байқалады, ол жұмыртқалауды 3 жұмаға дейін тоқтатуына әкеп соғады. Аурудың жіті даму жағдайында арасында өлім 90% дейін жетеді.
Құс тұмауы – үй және жабайы құстардың жіті, жоғары жұқпалы ауруы. Үй
Құс тұмауы – үй және жабайы құстардың жіті, жоғары жұқпалы ауруы. Үй
Тауық тұмауының клиникалық белгілері азыққа тәбеті болмайды, құстар тұмсықтарын ашып шиқылдап, қырылдап дыбыс шығарады, тыныс алуы қиындайды, ауыз және мұрын қуыстарынан сұйық ағады, қозғалыс координациясы бұзылады, дене қызуы жоғарылайды, конъюнктивит, түшкіреді, тұншығады, айдарлары мен сырғалары көгереді, оларда шешек тәрізді бөртпелер пайда болады, тұмсығының мүйізді қабаттары жарылады, мойындарын 180˚С бұрап шалқайтады немесе бүгіп алады, аяқтары гиперемияланып кетеді. Ауруға шалдыққан тауықтардың жұмыртқалауы төмендейді. Құстардың 90-100% өлімге ұшырайды. Өлімге ұшыраған құстарда некроз, іш өту (диарея) байқалады.
Құс тұмауының қоздырушысы РНҚ бар вирус тобына Orthomyхoviridaе тұқымдастығына, Influenzaviuт туысына жатады.
Вирион - сфера пішінді, көлемі 80-120 нм болады. 13 серологиялық
варианттары бар, олардың патогенділігі бірдей емес және құстың әр түріне әр түрлі клиникалық белгілер тудырады. Құс тұмауының қауіпті штамдары А типі, H5 және H7 тип тармақтары саналады. Үй құстарына қауіпті H7N7 мен H5N1штамдары жататындығы анықталған. Осы вирус штамдарымен зақымдалған құстар 90-100% қырылып қалады. Құс тұмауы қоздырушының құрылымы мен бірге биологиялық қасиеттері де өзгеріп отырады. Сондықтан, ағзада түзілген антиденелер екінші рет енген вирусқа қарсы шыға алмайды. Сол үшін құс тұмауы вирусының мутанттары өте қауіпті болып келеді.
Ньюкасл ауру қоздырушымен құс тұмау ауру қоздырушының балауы - эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертханалық зерттеулеріне бөлінеді.
Сонымен, Ньюкасл ауру қоздырушысы мен құс тұмау ауру қоздырушысының клиникалық белгілері және патологиялық анатомиялық өзгерістері өте ұқсас, оларды тек зертханалық әдістермен дифференцирлауға болады.
Патматериалды алу. Ол үшін зертханалық зерттеуге келесі патологиялық материал жіберіледі: жаңадан өлген немесе
Патматериалды алу. Ол үшін зертханалық зерттеуге келесі патологиялық материал жіберіледі: жаңадан өлген немесе
Зертханалық балауы. Антиденені вирусқа анықтау үшін зертханаға бір құс қамайтын күркеден 25 құс қанының сарысу сынамасын жібереді. 2 – 3 жұмадан кейін сол құстардан қайтадан 25 сынамасын жібереді. Тауықтардан қанды алғанда асептиканы сақтау керек. Сарысуды алғаннан кейін 1:20000 қатынаста мертиолат қосып консервирлейді.
Құс тұмауы (ҚТ) және Ньюкасл ауруының (НА) вирустарының дифференциалды зертханалық балауы. Оны келесі жоба бойынша жүргізеді: вирусты тауық эмбрионында бөлу арқылы; гемагглютинация тежеу реакциясында құс тұмауының вирусын Ньюкасл ауруының вирусынан дифференциалдық балауы.
Құс тұмауына немесе Ньюкасл ауруына күмәнданғанда біріншіден вирусты гемагглютинация реакциясымен табуға әрекет жасайды. Ол үшін патологиялық материалдың суспензиясының бір тамшысына 5% тауық эритроцит суспензиясының тамшысын қосады. Патологиялық материалда гемагглютинирленетін вирус бар болса, гемагглютинация реакцияның нәтижесі оң көрсетеді.
Вирустарды бөлу. Биосынамамен вирусты табу және оның суспензиясын патологиялық материалдан бөлу мақсатында 9 – 11 күндік тауық эмбрионының аллантоис қабатына енгізеді. Онда Ньюкасл ауруының вирусының немесе құс тұмауының вирусының көбеюінен, вирус штамының вируленттігіне байланысты эмбриондар 20 – 76 сағат соң өледі. Өлген эмбриондарды жарып қарағанда ұрықтың бас миында, денесінде және табанында көптеген нүктелі қан құйылуларын байқауға болады.
Ірі қара мал парагрипі - жіті өтетін контагиозды вирустық ауру, негізінен бұзаулардың
Ірі қара мал парагрипі - жіті өтетін контагиозды вирустық ауру, негізінен бұзаулардың
Ауру қоздырушысы - құрамында РНҚ бар вирустар тобына, Рагаmухоvігіdае тұқымына жатады. Пішіні дөңгеленген, мөлшері 150-250 нм, сыртқы қабықшасында ұзындығы 8 нм бүйіршіктер болады. Нуклеокапсид спиральді симметриялы болады. Антигендік жүйеге қарағанда парагрипоздық вирустар әр түрлі. Адам және жануарларға аса қауіпті вирустық індет, төрт серологиялық типқа бөлінеді. Ірі қара мал ауруын тудыратын вирус үшінші серотипқа жатады, сондықтан ірі қара мал парагрипі - 3 деп аталады (ПГ-3).
Вирус ПГ-3 ірі қара мал арасында кеңінен таралған, тексерілген малдардың 95% антидене табылған. Бірақта ПГ-3 клиникалық белгісі негізінен ағзаға стресс факторларының әсерінен пайда болады (малды тасымалдау, турған жері тығыз, ауасы тар және т.б.).
Бұзаудың парагриппозды инфекциясының клиникалық белгілері: дене температурасы 40-41,5°С көтеріледі, құрғақ жөтел, жиі демалу, әлсіреу, азыққа тәбеті төмендеу, танауынан жалқаяқ ағып, сосын ірің аралас жалқаяқ ағады, бронхопневмония белгілері пайда болады. Аурудың үзақтығы 7-12 күн. Ауру нәтижесіне ауруды қиындататын факторлар (стресс әрекеті, шартты патогенді микроорганизмдер) әсер етеді.
Өлген малдың патологиялық өзгерістері: өкпенің жоғарғы, жүректік және қосымша бөліктерінде сұрғылт-қызыл түсті тығыздалған дақтар пайда болуы; жұтқыншақ, мойын және қабырға бездерінде некроз байқалады.
Парагрипптің зертханалық балауы: а) патологиялық материалдағы спецификалық иммунофлуоресценция реакциясында индикациялау; б) гемадсорбция тежеу немесе гемагглютинацияны тежеу реакциясында вирусты бөлу және оны идентификациялауға.
Патматериалды алу. Зертханалық зерттеуге ауру малдың клиникалық белгісі анық байқалған кезеңінде (аурудың
Патматериалды алу. Зертханалық зерттеуге ауру малдың клиникалық белгісі анық байқалған кезеңінде (аурудың
Патологиялық материал ретінде танау қалқасын, трахеясын, өкпесін, көкбауырын, бүйрегін, лимфа түйіндерін, жіңішке ішегінің бөлшегін және қан сарысуын зертханаға жеткізеді.
Патологиялық материалды ішінде мұзы бар термосқа салып жібереді.
Өлген малдың кілегей қабығының шырышынан жағынды жасайды, физиологиялық ерітінді қосып, ұлпа жасушаларын термолиздеп (қатырып және ерітіп), одан вирустың шығуына ықпал жасайды. Әрі қарай алынған қоспаны өңдейді және вирусты бөлуге қолданады. Өкпеден және лимфа түйіндерінен таңба дайындайды.
Мүше бөлшектерінен ауру қоздырушыны бөлу үшін 10-20%-ді суспензия дайындайды.
Зертханалық балауы. Иммунофлуоресценция әдісімен патологиялық материалдағы парагриппозды антигенді индикациялау.
Парагриппозды вирус ұлпа жасушаның
Зертханалық балауы. Иммунофлуоресценция әдісімен патологиялық материалдағы парагриппозды антигенді индикациялау.
Парагриппозды вирус ұлпа жасушаның
Алынған препаратты ауада кептіріп, ацетонда 5 мин бекітеді және флуоресцирленетін сарысумен бояйды. Әр мүшеден 4 препаратты сарысумен бояйды. Бақылау сапасында антигенге флуоресцирленетін антиденені әкелгенше вирусқа сәйкес сарысумен иммунофлуоресценциясы баяу байқалатын препаратты қолданады.
Егерде препаратта параггрип вирусының антигені болса, онда ол әртүрлі көлемде түйіршікті немесе цитоплазмадағы диффузды жарық түрінде жасыл-сары түсте болады. Егерде 3-5 және одан да көп флуоресцирленетін жасуша үштен көп емес көз шалымында байқалса, вирустық антиген анықталған деп саналады.
Негізі бір малдан алынған жағындының жартысын парагриппозды сарысумен, ал жартысын - басқа белгіленген сарысулармен (аденовирус, респираторлы-синцитиалды вирус, диарея вирус және т.б.) өңдейді.
Парагрипп вирусын бөлу. Вирусты ауру малдың кілегей қабығының шайындысынан және олардың мүшесінің суспензиясының сұйық тұнбаларынан (центрифугаттан) бөледі. Вирус бөліну нәтижесі суспензия алар алдында бірақ рет қатырылған және еріген ұлпа сынамасында артады. Материалды бірнеше рет қатырып және еріткенде, сонымен қатар көп сақтағанда, вирустың аз бөлінуі оның тұрақтылығының шамалығына байланысты.
Вирусты тауық эмбрионының аллантоис қуысына жұқтыру арқылы да бөлуге болды. Ол үшін көбейген вирусты гемагглютинация реакиясында және тауық эмбрионының экстраэмбриональді сұйығымен сезімтал жасуша өсіндісін зақымдау арқылы байқауға болады.
Ірі қара мал парагрипп-3 вирусын бөлуге сиырдың эмбрион бүйрегінен жасалған алғашқы-трипсинизирленген жасуша өсіндісі және жаңа туған бұзаудың бүйрегі өте қолайлы.
Барлық парагрипп-3 штаммдары зақымдалған жасушалардың ошақтық дөңгеленуімен және симпласттар құруымен сипатталады. Симпластар бірнеше жасушаның қосылуының нәтижесінде пайда болады.
Цитологиялық зерттеумен жасуша цитоплазмасында жұқтырғаннан 24-72 сағаттан кейін эозинофильді дене-бүршіктерін анықтауға болады.
Бірінші себіндіде ЦПӘ болмаған жағдайда немесе нашар көрінгенде үш бір тізбекті себінді жасайды. Теңіз шошқаның эритроциттерімен әр себіндіні гемадсорбция реакциясымен тексереді.
Түтіктегі жасуша өсінділерді зерттелетін материалмен жұқтырғаннан кейін 3-7 күннен соң гемадсорбция реакциясын қояды. Түтікке 0,2 мл 0,5% теңіз шошқа эритроцитінің қоспасын қосады. Түтікті жасуша өсіндісі қабатымен төмен қаратып, көлденнен 10-15 мин бөлме температурада ұстайды. Адсорбирленбеғен эритроциттерден жасушаны тазартып, микроскопиялайды.
Материалда парагрипп вирусы бар болса, гемадсорбция реакциясы оң болады: зақымдалған жасушаның үстіңгі жағында жылжымайтын эритроциттер шашылып, тығыздалып жабысады. Жұқтырылмаған өсіндіде эритроцитттер қалқып шығады немесе байқалмайды.
ШОШҚАЛАРДЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ОБАСЫ Шошқалардың классикалық обасы (Pestis suum) – қызбамен, қан
ШОШҚАЛАРДЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ОБАСЫ Шошқалардың классикалық обасы (Pestis suum) – қызбамен, қан
Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2 кҥннен 14 кҥнге дейін созылады,
Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2 кҥннен 14 кҥнге дейін созылады,
Патологоанатомиялық ӛзгерістер ауру ағымына, асқыну дәрежесіне, шошқаның жасына қарай әртҥрлі болады.
Патологоанатомиялық ӛзгерістер ауру ағымына, асқыну дәрежесіне, шошқаның жасына қарай әртҥрлі болады.
Зертханалық балауы. Зерттеуге қажетті материал ретінде жануар ӛлгеннен кейін 2 сағат
Зертханалық балауы. Зерттеуге қажетті материал ретінде жануар ӛлгеннен кейін 2 сағат
Ньюкасл ауруы (Newcastle disease) – тауықтардың тыныс алу (пневмония), ас қорыту
Ньюкасл ауруы (Newcastle disease) – тауықтардың тыныс алу (пневмония), ас қорыту
Клиникалық белгілері. Вирустың организмге ену жолына, қҧстардың жасы мен кҥтіміне байланысты
Клиникалық белгілері. Вирустың организмге ену жолына, қҧстардың жасы мен кҥтіміне байланысты
Патологоанатомиялық ӛзгерістері. Ньюкасл ауруына шалдыққан қҧстарда патологоанатомиялық ӛзгерістер аурудың тҥрлеріне байланысты
Патологоанатомиялық ӛзгерістері. Ньюкасл ауруына шалдыққан қҧстарда патологоанатомиялық ӛзгерістер аурудың тҥрлеріне байланысты
Қҧтырық (Rabies lissavirus) – орталық жҥйке жҥйесінің қатты зақымдалуымен сипатталатын, адамдар
Қҧтырық (Rabies lissavirus) – орталық жҥйке жҥйесінің қатты зақымдалуымен сипатталатын, адамдар
Клиникалық белгілері және патологоанатомиялық ӛзгерістері. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше аптадан бір
Клиникалық белгілері және патологоанатомиялық ӛзгерістері. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше аптадан бір
Зертханалық балауы патологиялық материалдардың қҧрамынан вирустық антигендерді иммунды флуоресценция, диффузиялық преципитация,
Зертханалық балауы патологиялық материалдардың қҧрамынан вирустық антигендерді иммунды флуоресценция, диффузиялық преципитация,
Биосынама жоғарыда аталған әдістер (ИФР, ДПР, Бабеш-Негри денешіктерін анықтау) теріс нәтиже
Биосынама жоғарыда аталған әдістер (ИФР, ДПР, Бабеш-Негри денешіктерін анықтау) теріс нәтиже
Блютанг немесе инфекциялы катаральдi қызба немесе көк тіл-вирусты трансмиссивтi ауру ас
Блютанг немесе инфекциялы катаральдi қызба немесе көк тіл-вирусты трансмиссивтi ауру ас
2. Диагнозды эпизоотиялық жағдайға, клиника белгiлерiне, патолого-морфологиялық өзгерiстерiне және лабораториялық зерттеулерге қарап қояды. Осы ауруды басқа аурулардан ажырату керек, яғни гидроперикардиттен, iрi қараның обасынан, күлден, жұқпалы сүйелден, аусылдан, везикулярдi стоматиттен, некробактериоздан.
. Басқа аурудан сау мемлекеттерден алынатын қой, ешкiлердi 30 күндiк карантинге қояды. Осы кезде қандарын комплемент байлау реакциясына (РСК) тексередi. Қой мен ешкiлердi қыс кезiнде алады. Малдарды әкелгеннен кейiн тағы 30 күндiк карантинге қояды шыбын-шiркейлер жоқ жерге. Қойларды тағы РСК-ға тексередi. Тексерген қанмен басқа қойларды егедi, тышқан балаларын және 8 күндiк тауық эмбриондарын. Биопроболарды апта сайын қайталайды 4 апта бойы. Қанмен еккенде 5 қойдыкiн қосып еккен сайын 2 қойдан егедi. Блютанг ауруы шыққан кезде алынған топты қайтадан қайта жiбередi немесе сояды. Ауру бар мемлекеттерде жыл сайын вакцинамен егедi.