Қант диабеті - ұйқы безінің бетта клеткаларын инсулинді аз мөлшерінде шығаруымен,
зат алмасу процестерінің бұзылуымен сипатталады. Балаларда қант диабетінің ең жиі кездесетін түрі инсулинге тәуелді түрі. Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы балаларда жиірек кездеседі. Бұған тұқым қуалаушылық, қызылша, қызамық, желшешек, тұмау, тағы басқа жұқпалы аурулар, сондай-ақ көмірсулар, майларға бай, тәтті тағамдарды қалыптан тыс көп қолдану және психикалық, физикалық стрестер себеп болады.
Қауіп-қатер тобындағы балалар бақылауға алынып, эндокринологтың тексерілісінен жылына екі рет өтіп тұруы қажет. Балаларды жұқпалы вирусты аурулардан сақтандыру, баланың азықтану рационына қант мөлшерінің нормадан аспауын қадағалау керек.