Колибактериоз немесе эшерихиоз - патогенді ішек таяқшасынан туындайтын және негізінен диарея
арқылы пайда болатын ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің төлдерінің жіті инфекциялық ауруы.
Қоздырғышы - Escherichia coli ішек таяқшасы.
Індеттің қоздырғыш көзі - колибактериозбен ауыратын немесе ауырып болған малдар. Жиі кездесетін жолы - алиментарлық, ауа арқылы жұғу сирек; кейде жатыр ішінде де жұғады.
Тарихы. Бұзаудың ақ тышқақ ауруының жұқпалы екенін 1865 жылы Обих, ал оны ішек таяқшасы бактериялары қоздыратындығын Иенсен 1891 жылы дәлелдеді. Алғаш рет Эшерих 1960 жылы адамның нәжісінен бөліп алған, бұл микроб Escherichia coli, ал ол қоздыратын ауру колибактериоз немесе эшерихиоз деп атанды.